Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 июня 2019 16:02

Түркия, Корея, Мальдив аралдары. Жұлдыздар көбіне қайда демалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің көбі демалысты шетелде өткізуді жөн көреді. Tengrinews.kz тілшісі отандық жұлдыздардың демалуға көбіне қай елдерді таңдайтынын анықтап көрді.


Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің көбі демалысты шетелде өткізуді жөн көреді. Tengrinews.kz тілшісі отандық жұлдыздардың демалуға көбіне қай елдерді таңдайтынын анықтап көрді.

"МузАРТ" тобының солисі Мейрамбек Бесбаев мамырда Кореяда болып қайтты. Қазақстандық әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Сеулде достарымен түскен суреттерін жариялаған еді.  


© instagram.com/m_besbaev

Ал Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова таяуда отбасымен бірге Түркияға барған болатын. 


© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі актриса, әнші  Салтанат Бақаева да мамыр айының соңында Түркияда болып қайтты. Жарияланған суреттерге қарағанда, ол демалуға жұбайымен, балаларымен және ата-анасымен барған. Cуреттерінің бірінің сипаттамасына әнші "Маxаббат, қызық мол жылдар" деп жазып қойды.


© instagram.com/saltanat_bakaeva

Ал актриса Әсел Сағатова биыл ақпанда жұмыс бабымен АҚШ-қа Лос-Анджелеске барып қайтты. Актриса жазбаларының бірінде онда "Love is" романтикалық фильмінің түсірілімі жүріп жатқанын жазған.


© instagram.com/asselsagatova

Қазақстандық тележүргізуші, актриса әрі әнші Аша Матай да өзге жұлдыздар сияқты демалысын Түркияның курорт қаласы Кемерде өткізуді жөн көріпті. Instagram желісіндегі жазбаларға қарағанда, әнші Кемерге отбасымен бірге мамыр айының соңында барған.


© instagram.com/asha_matai

Белгілі продюсер, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы осыдан 4-5 күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында Швейцарияның оңтүстік-батысында орналасқан Женева қаласынан сурет жариялады. Тележүргізушінің айтуынша, ол онда оқу барысымен барған. Осы сапары барысында продюсер оқумен қатар, демалып та үлгерді. Тележүргізуші қаланың көрнекі жерлерінен суреттер мен видеоларын бөлісіп отырды.


© instagram.com/sultankyzy

Әнші Луина болса мамыр айының басында Әзербайжан астанасы Бакуге барып қайтты.  Эстрада жұлдызы демалуға сүйіктісімен аттанған. 


© instagram.com/luinaofficial

Әнші Айқын Төлепберген де мамыр айының басында өзге жұлдыздар сияқты Түркияның Аланья қаласында демалып қайтыпты.


© instagram.com/aikyn

Ал тележүргізуші Динара Сәтжан жазды Мальдив аралдарынан бастапты. Тележүргізушінің парақшасындағы суреттерге қарасақ, ол аралға қызымен барған.


© instagram.com/dinarasatzhan

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети