23 декабря 2018 13:44

Тұрсынбек Қабатовтың бесінші перзенті дүниеге келді

ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бесінші перзенті дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бесінші перзенті дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүйіншіні қазақ елінен Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Instagram желісіндегі парақшасында сұрады. Ол балаға Райымбек деген есім бергенін де жеткізді.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сүйінші Қазақ елі! Алланың қалауымен бүгін таңғы сағат 6-да Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағында ат ұстар дүниеге келді! Тұрсынбектің өтінішімен сәбидің есімін қою рәсімі маған бұйырып, кішкентай батырымызды Райымбек деп атауды жөн көрдім! Аманғали Райымбек Тұрсынбекұлы қырандай алғыр, сұңқардай өр, терең ойлы, қадір-қасиеті мол азамат болсын деп тілеймін! ???????? @kabatov_tursinbek_resmi @moldir.mt

Публикация от Болат Мажагулов (@bolatmazhagulov) 22 Дек 2018 в 10:27 PST

Айта кетейік, Қабатовтар әулетінде үш қыз және бір ұл болған, енді отбасы екінші ұлмен толығып отыр.

Бұған дейін шоуменнің жұбайы болашақ жолдасымен қалай танысқаны туралы және отбасылары туралы әңгімелеген болатын.

Ол Тұрсынбекпен студенттік іс-шара кезінде танысқанын еске алды. 2000 жылы ол да, Мөлдір де Астанаға келіпті. Оралдық дарынды жасты елордалық филармониядағылар жұмысқа шақырған екен. Ал бос уақытында ол Мөлдір білім алып жүрген аграрлық университеттің көңілді тапқырлар клубының командасын басқарып жүріпті.

Конгресс-холлда университет концерті өтіп жатады. Мөлдір домбырамен оркестрде жеңімпаз болады, ал Тұрсынбек өз шәкірттеріне көмектеседі. Сол уақытта Тұрсынбек ару қызды байқап қалады.  

Олар бір жарым жыл бойы таныс болып жүреді, бірақ екеуі де іштей бір-біріне деген сезімін сезген екен, содан кейін ғана кездесе бастайды да, бір жыл өтпестен отау құрады. 


Қабатовтар отбасы. © top-news.kz

"Тұрсынбек екеуміз қатал ата-ана емеспіз, балаларды жақсы сөздермен, ашық әңгімемен тәрбиелеу керек деп есептейміз. Қыздарымыз әкесін жақсы көреді, тіпті құпиясын да ашады", - деген еді Мөлдір.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram