Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 апреля 2019 20:20

Заң жағынан сауатсыз екенімді мойындаймын - Гауһар Әлімбекова

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Екі ай бұрын алты жылға бас бостандығынан айырылған танымал әнші, композитор Гауһар Әлімбекова таяуда апелляциялық сот отырысында ақталған еді. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының қонағы болған әнші "Жалған жала" атты тақырыпта басынан өткергендерін айтып берді. 


Екі ай бұрын алты жылға бас бостандығынан айырылған танымал әнші, композитор Гауһар Әлімбекова таяуда апелляциялық сот отырысында ақталған еді. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының қонағы болған әнші "Жалған жала" атты тақырыпта басынан өткергендерін айтып берді. 

Оның адвокаты Шынқуат Байжанов оқиғаның қалай басталғаны және аяқталғаны туралы айтып берді. 

"Қысқаша айтқанда, Ақкент тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер бөліп төлеу арқылы сатылған. Ал енді мына іс бойынша, алаяқтық бабымен сотталған Феруза Ордабаева Гауһарды таниды, сол сияқты біраз адамға "Ақкенттен" арзан бағамен үй алып береміз деп уәде берген. Естеріңізде болса, 2013-2014 жылдары үй қымбаттау еді. Мысалы 100 мың АҚШ доллар тұратын екі-үш бөлмелі үйлерді 40 мың АҚШ долларына әпереміз деп уәде еткен. Әлбетте адамдар арзан жағына жүгіреді. Гауһар екі пәтерге ақша төлеген, 80 мың долларға Гауһарға екі пәтер берілген және сол сияқты тағы 20-30 адамға пәтерлер берілген", - дейді ол.

Оның сөзінше, солардың барлығы пәтер кілтін алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тойлап жатқанда Гауһардың танысы Назарова ханым келеді де "мен де осылай алайын деп едім" деп өтініш білдіреді.

"Гауһар өз танысы арқылы алғанын айтып, екеуін өз үйінде кездестіреді. Одан кейінгі шаруаға Гауһардың қатысы жоқ, алыс-берісі де болмаған. Ол үшінші пәтерді алу үшін 300 мың теңге беріп қойған. Гауһар бұл екі үйді туыстарына (ағасы мен сіңілісіне) алып беруге көмектескен, бірақ соңында өзі де алаяқтардың құрбаны болды", - дейді Шынқуат Байжанов.

Әнші ел-жұртқа жарияламай, тыныш қана жабылса екен деген үмітпен жүргенін айтады. 

"Өзімнен де бар ғой - өзіме деген сенімнің кесірі. Ел-жұртты шулатпай, тыныш қана жабылар деп ойладым. Өзім жалпы PR деген нәрсені ұнатпаймын. Барлығы біткен соң ғана айтармын деп жүргенмін. Маған айыпталушысың деген хабар жеткенде ауруханадан бірақ шықтым", - дейді әнші. 

Гауһар Әлімбекова үш жылға созылған істің қалай өрбігенін әңгімеледі. 

"Басында адвокатпен барып жүрдім, өйткені өзім де аса түсінбедім. Менің ағам Асылхан да заңгер. Сонымен кеңестім, адвокатпен бару керектігін айтты. Ол өзі тауып берді адвокатты. Адвокатпен барып жүрдім, қалай болғанын ашық айта бересің деді. Сұрақ қояды, соған жауап беретінімді айтты. Маған ішкі істер департаментіне бару қиын болды, адвокатпен барып жүрдім, сосын ол кісі келе алмаса өзім бара беретін болдым. Үш жыл бойы бір нәрсені қайталай бердік. Қанша айналдырып жатса да сол сұрақтар болды. Басында куәгер ретінде шақырды, сұрақтарына жауап бердім. Ол кезде адвокатым болмай қалды. Заң жағынан сауатсыз екенімді мойындаймын. Адвокатсыз баруға болмайтынын кинолардан білуші ем. Ол кісі де маған өздігімнен бара беруімді айтты. Сөйтіп сотқа келдім, сондағы судья сөзімді тыңдамай, бөліп тастай берді. "Жарылқағыш болсаң, неге 5-10 мың доллар бермейсің" деп кекетіп отырды", - дейді әнші.

Сондай-ақ, соңында ол судьяның "бар, кетші" деп шығарып салғанын айтты.

"Бір күні қоңырау шалды, Шымкентте жүргенмін, дереу Алматыға жетуімді талап етті. Мен осы іс бойынша күдікті болып шыға келіппін. Ағам "олармен ерегеспе" деген кеңес айтқан еді. Бірақ сол кезде концерттен шаршап отырғанымды айтып, әзірше бара алмайтынымды жеткіздім. Бұрындары неге бұл іс бітпей кетті деп жылаған кездерім де болған. Ағам маған қылмыстық істердің ұзақ уақытқа созыла беретінін айтып, шыдамды болуымды сұрады. Соңында тергеушінің айтқаны сөзі "Қайда жүрсіз, келіңіз, келмесеңіз мен сізге іздеу жариялаймын" болды", - дейді әнші.

Бағадрлама барысында Гауһар Әлімбекова ән орындап берді. 

Әнші алдағы уақытта Алматыда қайырымдылық концертін өткізбек.


Гауһар Әлімбекова сот отырысынан кейін. © Tengrinews.kz

Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты

Бұған дейін осы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан болатын. Ал Әлімбекова өзіне жала жабылғанын мәлім еткен.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.

Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат", "Ақмаралым" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети