18 февраля 2022 | 10:36

"Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін". Украиналық тұрғын елдегі ахуалды айтты

Сурет: Макка Қаражановадан (оң жақтан екінші)

Бүгінде Украина мен Ресей қарым-қатынасы дүние жүзі елдерінің назарында. Соғыс қаупі төнуі мүмкін делінген Украинаның өзіндегі қазіргі жағдай қандай? Жергілікті тұрғындардың көңіл-күйі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың Харьковтегі "Бірлік" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Макка Қаражанова айтып берді.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Украина мен Ресей қарым-қатынасы дүние жүзі елдерінің назарында. Соғыс қаупі төнуі мүмкін делінген Украинаның өзіндегі қазіргі жағдай қандай? Жергілікті тұрғындардың көңіл-күйі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың Харьковтегі "Бірлік" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Макка Қаражанова айтып берді.  

Макка Қаражанованың сөзінше, Украинада 16 ақпанға дейінгі апта шиеленісіп кеткен.

"Психологиялық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да қиын болды. Одан бөлек, ақпараттық шабуылдар қатты болды. Украиналық БАҚ-тар емес, шетелдік БАҚ тарапынан. Ал біздің украиналық ақпарат саласында президенттің өзі де сөз сөйледі. Керісінше, қолдау көрсетіп, дем беріп жүрді. Бірақ шеттегі БАҚ-тар тарапынан психологиялық қысым болды. Сонымен қатар, елшілікті эвакуациялауды бастады, эвакуациялау үшін автобустарды жалдай бастады, елшілік ұлт бойынша санақ жүргізіп, есепке ала бастады", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

Жергілікті тұрғынның сөзінше, америкалық елшілік Львовке көшірілген.

"Одан бөлек, дипломатия өкілдерін әлдебір жағдай болса алып кету үшін автобус жалдау басталды. Сонымен қатар, кенет жағдай болса қауіп-қатер шабаданын жинау керегі туралы хабар түсті", - дейді Макка Қаражанова. 

Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар мұндай жағдайға дайын болған.  

"Бәрін сүзгіден өткізбей, барлық ақпаратты қабылдай берсе бұл адам қаншалық шыдамды болса да өте қиын. Паникалық шабуыл пайда болуы мүмкін. Бірақ бізде іштей дайындық болды. Яғни бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Өз мүмкіндігімізді, күшімізді жұмылдыра аламыз. Яғни біріге аламыз. Түсінесіз бе, біз бір-бірімізді қолдай аламыз. Бірақ мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деймін", - дейді тұрғын. 

Дипломатиялық клуб кездесуінен. Сурет: Макка Қаражановадан (оң жақтан оныншы)

Макка Қаражанова бүгінде Харьковте жағдай тұрақты екенін, ешқандай дүрбелең жоғын айтады. 

"Украина, украиналықтар бұл ретте жарады. Ешкімде есіріп, айғайлау деген болмады. Дүкендер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ешқандай дүрбелең жоқ. Кафелер де жұмыс істеп тұрды", - дейді ол. 

Сонымен қатар, Харьков тұрғыны кейбір олигархтар мен депутаттардың елден кетіп қалуына қатысты ойын айтты.  

"Иә, кейбір олигархтар кетіп қалды. Олардың аты-жөні де белгілі. Депутаттар да кетіп қалды. Олар қайтып келген күннің өзінде ол қызметінде қалмайды деп үміттенемін. Себебі бұл ең қиын сәттегі сатқындық деп білемін. Олардың бәрі алдыңғы шепте болуы керек еді. Біз алқалы жиналыс кезінде жиналдық. Харьковтегі әртүрлі ұлыс өкілдері украиналықтармен бірге екенімізді жеткіздік. Бұл өте маңызды. Біз үшін маңызды. Біз Украинамен біргеміз", - дейді Макка Қаражанова. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная