04 июня 2021 16:02

10 жастағы Әлидің видеолары жұртты тәнті етті

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Instagram/Али Досман

10 жастағы Әли түрлі трюк жасап, спорт шеберлігімен жұртты тәнті етті. Оның жеке рекордтары мен жаттығу кезінде түсірілген видеолары әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Әлидің әпкесі Арай Досманмен сұхбаттасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жастағы Әли түрлі трюк жасап, спорт шеберлігімен жұртты тәнті етті. Оның жеке рекордтары мен жаттығу кезінде түсірілген видеолары әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Әлидің әпкесі Арай Досманмен сұхбаттасты.

Арай 16 жаста. Әлиді танымал еткен де дәл өзі, ол інісінің видеоларын Instagram желісіне салып отырған, ал Әлидің видеоларын 14 жастағы Мұхаммад үнемі түсіріп алатын көрінеді.

"Әли отбасымызда үшінші бала, негізі бесеуміз. Ол бес жастан бастап түрлі трюк жасап, көзімізге түсті. Кішкентай бола тұра Youtube желісіндегі трюктар мен жаттығуларға қызығып, қайталап, өздігінен үйрене бастады. Алайда, анамыз Гүланда жаттығуларды қалай дұрыс жасау керегін көрсетіп, спортқа баулыды. Анамыз ол кезде биші болатын", - деді Арай.

Реклама
Реклама


"Джеки Чанның трюктарына ұқсас қимылдарды телеарнаға қарап жүріп қайталайтын" - Әлидің әпкесі Арай.

Әпкесінің айтуына қарағанда, Әли ең алдымен кеудені жерден көтеруді, одан кейін қолмен жүруді үйренген, қазір бокс пен күресті қатар алып жүр.

"Әли болашақта Олимпиада чемпионы болғысы келеді, сол үшін күнде тынбай жаттығады. Қазір өз рекордтарын өзі жаңартып жүр", - деді Арай.

Әли өзі тұратын Шамалған ауылындағы жекеменшік спорт залдарға барып жаттығады. 

Әлидің туыстарының айтуына қарағанда, оның болашақта қандай қалалық залдарда жаттығатыны әлі жоспарланбаған. 

Арайдың айтуынша, Әли көптеген жарысқа қатысып, жүлделі қайтқан. Оның қоржынында дәл қазір тоғыз медаль бар және басым бөлігі бірінші орын үшін берілген.

Әлидің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктелген видео өте көп, оқырмандары да күн санап артып жатқан көрінеді. Болашағынан үміт күттіретін жеткіншекке жеңіс тілеп жатқандар да аз емес.

Видеолар Әли Досманның Instagram парақшасынан алынды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram