ПОДЕЛИТЬСЯ
29 апреля 2020 | 14:37
"11 мамырға дейін үлгереміз". Карантин режимінің аяқталуына байланысты әзілдер
27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантин мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеген еді. Енді заңға сәйкес 11 мамырда еліміздегі Төтенше жағдай режимі аяқталады. Бұл жаңалық желі қолданушыларын қуантқаны сөзсіз. Әлеуметтік желіде Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты әзіл видеолар да пайда болған. Tengrinews.kz тілшісі желіде тараған видеоларға шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантин мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеген еді. Енді заңға сәйкес 11 мамырда еліміздегі Төтенше жағдай режимі аяқталады. Бұл жаңалық желі қолданушыларын қуантқаны сөзсіз. Әлеуметтік желіде Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты әзіл видеолар да пайда болған. Tengrinews.kz тілшісі желіде тараған видеоларға шолу жасады.
-Карантин бітті
-Оу щит
Карантин режимі аяқталған кезде:
Карантин кезіндегі қауіпсіздік маскасы.
View this post on InstagramA post shared by Marat Oralgazin (@oralgazin) on Apr 25, 2020 at 6:24am PDT
Әзілкеш Марат Оралғазиннің бұл "өнертабысы" Желі қолданушыларына да ұнаған көрінеді.
"Жарайсыз, таппайтыныңыз жоқ", "Масканы осылай байлап қою керек екен, идея" дейді оқырмандар.
Өмір сүру образың шын мәнінде "карантин" деп аталатынын білген кезде:
Карантин режимі аяқталған кезде:
Биылғы оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап мектеп оқушылары мен студенттер коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқуға көшкен болатын. Карантин кезіндегі қашықтан біздің заманымызға дейін және кейін:
View this post on InstagramA post shared by Aqarys | “Аз-аздан, үздіксіз” (@aqarys) on Apr 27, 2020 at 6:32am PDT
"11 наурыздан бастап қалыпты режимде өмір сүре бастаймыз. Бірақ енді көптеген қыздың жоғары категориялы аспаз сертификаты болады", - дейді блогер Дана Есеева.
View this post on InstagramA post shared by ❤ Есеева Дана Сабировна ❤ (@dana_yesseyeva) on Apr 28, 2020 at 9:55am PDT
"Ертегі бітті", "Жақсы идея. Бізге де осылай істеу керек екен", "Расында, карантин біте сала ас үйге жоламаймын" дейді Желі қолданушылары.
Ал актриса Жания Джуринская карантин мерзіміне біраз іс жоспарлап қойған көрінеді. Актриса "11 мамырға дейін үлгереміз" дейді.
View this post on InstagramA post shared by Джуринская Жания (@djurinskaya) on Apr 27, 2020 at 6:35am PDT
"Ал сіздер карантинға жоспарлаған істеріңізді орындай алдыңыздар ма? Егер жоқ болса, уайымдамаңыздар. 11 мамырға дейін үлгереміз", - дейді актриса жазбасында.
Карантин мерзімі аяқталып, қыдыруға рұқсат берген кезде:
Карантин аяқталып, блокбекеттер ашылған кезде:
Карантин аяқталғаннан кейін сұлулық салондарына бет алған қыздар:
View this post on InstagramA post shared by МК / Nail mir? (@lyiza.nailss) on Apr 3, 2020 at 1:14pm PDT
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 мыңнан асты. Еліміздегі Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзарған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин мерзімі не үшін ұзарғанын түсіндірген болатын.
"Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл - біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталады", - деді Тоқаев.
Қазақстанда карантин мерзімі ұзарды. Тоқаевтың мәлімдемесі
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также