19 июля 2019 | 09:51

13 бала, 50 немере, 158 шөбере. Қазақстандық актер әжесінің ұрпағы бір ауыл екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ халқы жасының ұзақтығымен рекорд орнатпаса да, туыстық қарым-қатынасымен әбден мақтана алады. Үйлену тойына мыңға жуық қонақ шақыратын бірден-бір ел шығармыз. Нағашы, жиен, жезде, келін, немере, шөбере, жиеншар деп туыстық атауларды тізіп жаза беруге болады. Осындай мысалдың бірі таяуда актер әрі әзілкеш Ардақ (Әбжан) Ермеков ұлды болған сәтінде, нағашы әжесінің 158-шөбересі дүниеге келгенін айтты. Тengrinews.kz тілшісі бейресми рекорд орнатқан кейуананың немересімен сұхбаттасып, бір ауыл болатын ұрпақтың жайымен танысты.


Қазақ халқы жасының ұзақтығымен рекорд орнатпаса да, туыстық қарым-қатынасымен әбден мақтана алады. Үйлену тойына мыңға жуық қонақ шақыратын бірден-бір ел шығармыз. Нағашы, жиен, жезде, келін, немере, шөбере, жиеншар деп туыстық атауларды тізіп жаза беруге болады. Осындай мысалдың бірі таяуда актер әрі әзілкеш Ардақ (Әбжан) Ермеков ұлды болған сәтінде, нағашы әжесінің 158-шөбересі дүниеге келгенін айтты. Тengrinews.kz тілшісі бейресми рекорд орнатқан кейуананың немересімен сұхбаттасып, бір ауыл болатын ұрпақтың жайымен танысты.

Жетінші арнадағы "Япыр-ай", "Бастық боламын" сериалдарындағы рөлімен танылған актер әкесі мен анасының туыстарын біріктірсе бір ауыл болатынын айтады. 80-ге келген әжесі қазіргі уақытта Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында тұрып жатыр екен.

"Нағашы атам Араб Исмайылов пен әжем Сапаргүл Исмайылованың 13 (тоғыз ұл, төрт қыз) баласының әр қайсында бес баладан бар, яғни 50-ден аса немересі бар. Олардан тарайтын 158 шөбере бар. Әжем Сапаргүл (қыз кезіндегі тегі Насырова) Исмайылова құжат бойынша 1937 жылы (негізі "1941 жылы дүние есігін аштым" дейді) Түркістан облысы Келес ауданы 15 жылдық елді мекенінде дүниеге келіп, көрші жатқан Игілік ауылына тұрмысқа шыққан. Тұңғыш ұлы зейнет жасынан асып, қайтыс болған. Немеренің үлкені 1970 жылғы. Оның қыздары, яғни шөберенің алды 20-дан асып, тұрмысқа шығып, қазір әжеміз төрт шөпшек сүйіп отыр. Бұрындары кеңес дәуірінде мақта егіп, су суғарған. Бертін келе мектепте еден жуушы болып қызмет етті. Қазір де сол Игілік ауылында тұрады", - дейді кейуананың немересі. 

Ардақ нағашы атасының 1997 жылы мешітте жұма намазда тұрып, қайтыс болғанын әңгімеледі 

"Нағашы атам 1928 жылы дүниеге келген. Неше жыл агроном, бригадир болып қызмет еткен. Мектепте шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болды. Ауылдағы наубайханада істеген. Қазіргі уақытта Араб ата мен Сапаргүл әжейден тараған ұрпақ Астана, Алматы, Шымкент, Шардара, Сарыағаш, Абай ауылында тұрады", - дейді ол. 

Ардақтың өз атасы Байбек Ермеков 1900 жылғы, 1965 жылы дүние салған. Жары Ермекова Қаныш 1910 жылғы, 1989 жылы қайтыс болған. Төрт ұлы, төрт қызы бар. 62 немересі, 112 шөбересі бар. 

"Тұңғыш ұлы 1934 жылғы. Кенжесі менің әкем 1956 жылғы. Немеренің үлкені 60-тан асты, ал кішісі мен - 1989 жылғымын. Атам еңбек өтілін ерте бастаған. Колхоз төрағасы болып тұрғанында егістікте гектарынан 80 центнер мақта алатын болған (қазір бір гектардан орташа есеппен 25 центнер алады). Сөйтіп Социалистік Еңбек ері атағын, Ленин орденін алған. 1941-1945 жылдары Сарыағаш ауданының председателі қызметін атқарған. 15 жыл бойы КСРО Жоғарғы кеңесінің қатарынан үш дүркін депутаты болған. Келес ауданының орталығы Абай ауылында Байбек атамыздың атындағы саябақ бар, сонда ескерткіш қойылды. Сарыағашта, Абайда және Қызыл әскер ауылында сол кісінің құрметіне көшеге есімі берілген", - деп түйіндеді Ардақ Ермеков.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ермеков деген фамилияда мың адамбыз. Сіздер бір фамилияда қанша ағайынсыздар?

Публикация от Ардақ Ермеков (@ardakkenzhe)


Ардақтың әке-шешесі


Дос-жарандарымен


Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Байбек Ермековтің ескерткіші

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 484.48   531.35   5.03 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети