ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мая 2018 | 20:28
21 жастағы алматылық қыз неге тоқал болғысы келетінін айтты
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тоқал болғым келеді" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға қонақ болған 21 жастағы Меруерт тоқал болудан қорықпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадамға қазіргі жас жігіттердің қаражатының аздығы себеп екен.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тоқал болғым келеді" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға қонақ болған 21 жастағы Меруерт тоқал болудан қорықпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадамға қазіргі жас жігіттердің қаражатының аздығы себеп екен.
"Құрбыларым жүретін жігіттердің жасы 21-23 аралығында. Ақшасы жоқ. Құрбыларыма олар ешқандай да ақша бермейді. Ал маған айына миллион теңге қажет", - деп ашығын айтқан қыз бұл қадамынан еш ұялмайтынын жеткізді. Ал өзіне сонша ақша беріп, асырауына алатын адамына ол бар махаббаты мен уақытын арнаймын дейді. Десе де, бұл шешімін қыздың әке-шешесі білмейді де екен.
Ток-шоуға қонақ болған екі әйелі бар қонақ Асылбек Жүсіп қыздың бұл қылығын ішінара қолдайтынын айтады. Алайда, ақша үшін тоқал болуы тұрғысында қарсылығын білдірді.
"Тоқалдан дені сау адам тумайды деу қате. Абай мен Шәкәрім де тоқалдан туған. Керемет адамдар тоқалдан туған әрбірден соң. Әр нәрсенің ризығы бар, қазақ "Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан" дейді. Бұл нені білдіреді? Егер қойшың жақсы болса, ризық қойшыңмен келеді, малың көбейеді. Ал ризық үйге әйелмен, баламен келеді. Қазақта "Бас екеу болмай, мал екеу болмайды" дейді. Сондықтан одан ешқашан қорқуға болмайды. "Бір қозы артық туса, бір шөптің басы артық шығады" деген тағы бір сөз бар. Біз қазір еліміздің болашағын ойлайтын азаматтарды тууды ойлауымыз керек", - деп құптады ол тоқалға шыққысы келген қызды.
Бағдарламаға 25 жасында өзінен 24 жас үлкен отбасылы ер адамға еш қорықпай тоқал болып тұрмысқа шыққан Алтай қазағы да келді. 16 құрсақ көтеріп, заңға қайшы болса да бірінші әйелден баласы бар еркекпен бас қосқанын тоқал Жеңісгүл Ермұқамбет 8 баласын алдыртып тастағанын, қазір 8 баланың анасы екенін айтты. Ол енді күйеуіне үшінші әйел әперетінін де айтып салды.
14 жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударған ана қазір жары және балаларымен Астанада тұрады. Жеңісгүл Ермұқамбеттің айтуынша, жақын арада 70-ке таяп қалған қайратты жарына үшінші әйел алып беруге ниетті екен.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также