Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 сентября 2019 16:18

"3-4 ай кездестік, сосын алып қашты". Ақтауда 15 жастағы қыз бен жігіт үйленді

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/mukhamedinova_10 Фото: instagram.com/mukhamedinova_10

Желіде 15 жасында отбасын құрып, дүркіретіп той жасаған жасөспірімдердің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде 15 жасында отбасын құрып, дүркіретіп той жасаған жасөспірімдердің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтаулық Рахмендулла және Әсем есімді жасөспірімдер биыл 19 шілдеде отау құрған екен. Екеуі де 2004 жылғы, колледж студенттері. Әсем Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылының тумасы, ал Рахмендулла Маңғышлақ ауылынан. Әсемнің айтуынша, екеуі бір-бірін сүйіп қосылған. 

"Мұның алдында да ұзақ сөйлестік, былтыр қазанда достарымыздың туған күн кешінде таныстық, кейін 3-4 ай кездестік. Мені көру үшін ол ауылынан келіп тұратын. Осыдан кейін мені алып қашып кетті. Алып қашатынын білмедім. Артымнан қуғыншылар келгенде, әрине, ата-анам алғашында қарсы болды. Бірақ "қайтып келген қыз жаман" дегендіктен және бір-бірімізді сүйгендіктен сол үйде қаламын деп ұйғардым", - деді Әсем.

Жас жұптың айтуынша, ата-анасы бастапқыда қарсы болған. Алайда қыз анасы мен әкесін көндіре алған. Бірақ жастар некесін тек мешітке барып, мұсылманша қидырғанын, ал ресми түрде 18 жасқа толғанда ғана тіркелетінін айтады.

Жас келіннің айтуынша, ғашықтар осындай жасында отау құрып, отбасылы болудан қорықпаған.

"Көбі жаман ойлайды, жүкті болып тұрмысқа шыққан шығар дейді. Олай емес, бір-бірімізге сүйіп қосылдық. Рахмендулланың анасы маған қызындай қарайды. Үй шаруасымен көмектеседі. Қиналып жүрген жоқпын", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бізге көп келетін сурақтарга жауап бере кетейік☺ 1)екеумізде 2004 жылғымыз,жолдасымда озімде 15теміз????????‍♀. 2)ата енемізбен Актау каласында тұрамыз. 3)екеумиздинде руымыз Жары 3)3-4 ай жүріп,уйлендік???? 4)Жан жарым екеумізде колледж окимыз) 4)ата аналарыныз карсылық таныдпадыма?әрине басында карсылықтар болды,мені алп кашып кеткендіктен озымде xауарым жок болды,кайтып келген кыз жаман дегендіктен,жане бр-брмызды суйгендыктен мен қалам деп шештім???? Дайректке көп келетін сұрақтар осылар,жауап бере алдым деген ойдамын. Баска кандай сурактарыныз бар?

Публикация от RakhmandullaAsem❤️ (@mukhamedinova_10)

Ал Instagram желісінде жас жұпты қолдап та, сынап та жатқандар көп. Бірі 15 жас тым ерте екенін айтса, екіншісі бақыт тілеп, ізгі ниеттерін білдірген.

"Бармақтай бағың болсын, Майқыз, бақытты бол" деп жазған бір қолданушы. Ал тағы бірі "Қасқа, сендердің жандарыңда мен отырып қалған екенмін ғой" деген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жалгасы....❤️

Публикация от RakhmandullaAsem❤️ (@mukhamedinova_10)

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.85   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети