10 марта 2021 | 17:20

"7 иті бар". Үй жануарын асырайтын президенттер

Tengrinews.kz коллажы

Ит - адамның досы. Бүгінде оны жанына серік етіп жүретін ел басшылары да бар. Одан бөлек, үй жануарларын сыйлыққа алып жататындары да бар. Tengrinews.kz тілшісі үй жануарларын асырайтын президенттерге шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ит - адамның досы. Бүгінде оны жанына серік етіп жүретін ел басшылары да бар. Одан бөлек, үй жануарларын сыйлыққа алып жататындары да бар. Tengrinews.kz тілшісі үй жануарларын асырайтын президенттерге шолу жасады.

8 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің тазымен серуендеп жүрген суретін жариялады. Ақорда баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін растады. Ол екі жастағы тазылар.

"Мемлекет басшысы осы үй жануарларын ерекше жақсы көреді. Ол мұны біздің ұлттық қазынамыз, ұлы дала мұрасының маңызды бөлігі деп есептейді. Сондықтан осы ерекше тұқымды сақтау үшін жан-жақты күш-жігер қажет. Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі редакция тілшісіне.

Реклама
Реклама

Суреттер Халықаралық әйелдер күнінде жарияланған.

"Керемет күн. Таңертеңгі серуен. Көктемнің осы тамаша күнінде Мемлекет басшысы әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады", - делінген жазбада. 

Ал АҚШ президенті Джо Байден биыл Ақ үйге көшкен кезде өзімен бірге екі неміс төбетін ала келген. Олардың аты - Чэмп и Мейджор. Газета.ru мәліметінше, Чэмп Байдендердің отбасында 2008 жылдан бері өмір сүріп келе жатса, Мейджор 2018 жылы иттерге арналған баспанадан алынған.

Екі жануар да Ақ үйде төрт жыл үзілістен кейін пайда болған алғашқы жануарлардың бірі. Дональд Трамп басқарған жылдары Ақ үйде бірде-бір үй жануары болмаған.

Тіпті бірде Джо Байден Twitter желісіндегі парақшасында Трамптың үй жануарларын ұстамайтыны туралы жазған екен.

"Біреу мысықтар күнін, біреу иттер күнін тойлайды. Президент Трамп ештеңе тойламайды. Ақ үйге жануарларды қайтаратын кез келді", - деп жазған екен Байден.

Ресей басшысы Владимир Путинге "тірі сыйлықтар" сыйлау әдеті қалыптасқандай. Мысалы 2002 жылы Путиннің 50 жылдығына Молдавия президенті қолтырауын сыйласа, 2017 жылы Сербия президенті Александр Вучич Белградқа келіссөздер жүргізуге келген Путинге төрт айлық шарпалин төбетін сыйлаған.

Дәл сол жылы күзде Путин Гурбангулы Бердімұхамедовтен сыйлық алған - Түрікменстан президенті Ресей басшысына түрікмен алабай күшігін сыйлаған. Алабайға "Верный" деген есім берілген.

Одан бөлек, 2012 жылы Путин жапон әріптестерінен тағы бір сыйлық алған. Бұл жолы оған Акита-ину күшігі сыйға берілген. Күшікке "Юмэ" деген ат берілген, жапон тілінен аударғанда "арман" деген сөзді білдіреді. Жануарды жапониялықтар елде жер сілкінісі мен цунами кезінде көмектескені үшін Ресейге сыйлаған.

2016 жылы Владимир Путинге жапониялық әріптестері Акита-инудың ұрғашысын сыйламақ болған, алайда Ресей президенті бұл жолғы сыйлықтан бас тартқан екен. Жалпы Владимир Путиннің жеті иті болған.

Украина президенті Владимир Зеленский де үй жануарларын жақсы көреді. Оның әйелі Елена ВВС-ге берген сұхбатында олардың үйінде жануарларға да орын табылғанын айтқан. 

Президенттің үйінде Нора және Петра есімді төбет пен қара цвергшнауцер бар. Одан бөлек, президенттің үйінде теңіз шошқасы, балықтар және тотықұс бар екен. 

Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко алғаш ақ шпицпен халық алдына былтыр сәуір айында республикалық сенбілік кезінде шыққан. Sputnik.by мәліметінше, шпицтің лақапаты "Умка". 

Видео кадры: Sputnik.by 

Айта кетейік, Лукашенконың ВГТРК журналисі Наиля Аскер-задеге берген сұхбатын дастарханда жатқан дәл осы шпиц әлеуметтік желіде мемге айналып кеткен болатын. 

Видео кадры

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная