ПОДЕЛИТЬСЯ
03 марта 2021 | 11:38
"757 мың қаралым". Автобус жүргізушісі TikTok-та хит болды
Айдос Аринов - Қарағандыдағы №3 автопарк жүргізушісі. Ол Қарағанды қаласының тумасы, отбасы бар, 31 жаста. Екі жылдан бері әлеуметтік желіні қолданып келе жатқан Айдос бүгінде TikTok-ты да қолға алған. Оның парақшасына бірнеше айда 11 мыңнан аса адам жазылған. Автобус жүргізушісі Tengrinews.kz тілшісіне жұмысы мен әлеуметтік желілердің әсері туралы айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Айдос Аринов - Қарағандыдағы №3 автопарк жүргізушісі. Ол Қарағанды қаласының тумасы, отбасы бар, 31 жаста. Екі жылдан бері әлеуметтік желіні қолданып келе жатқан Айдос бүгінде TikTok-ты да қолға алған. Оның парақшасына бірнеше айда 11 мыңнан аса адам жазылған. Автобус жүргізушісі Tengrinews.kz тілшісіне жұмысы мен әлеуметтік желілердің әсері туралы айтып берді.
Айдос Аринов 22 жасынан бері қоғамдық көлік айдап жүр. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде ақпан айынан бері белсенді. Аз ғана уақыт ішінде мыңдаған оқырман жинап үлгерген. Бүгінде оның TikTok-тағы парақшасында 11,2 мың адам жазылған, жалпы 231,9 мың лайк жиналған. Оның "автобус жүргізушісі мен кондуктордың түскі асы туралы" видеосы 757 мың қаралым мен 63 мыңнан аса лайк жинаған.
"Автобус жүргізушісі болып TikTok түсіре бастағаннан кейін бе, аудиториям тез көтеріліп жатыр. Жалпы ақпан айының басында еңбек демалысынан келдім. Содан бері белсенді болып, видеолар түсіріп жүрмін. Негізі TikTok-тағы парақшамды осыдан екі-үш ай бұрын аштым", - дейді Айдос.
@aidos.vodila #водилаавтобуса? #avrobuskrg #рек????кайф
♬ оригинальный звук - Aidos
Әлеуметтік желіде белсенді бола түсуіне жолаушылар мен жүргізушілер арасындағы қарым-қатынас себеп болған.
"Бір шеті бізде, Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілеріне жолаушылар тарапынан негатив қарым-қатынас көп болып жатады. Қандай жағдай болса да. Сондықтан жолаушы мен жүргізуші арасында көпір болсын деген оймен, әртүрлі мерекелік шарада позитив дүниелер жасауға тырысамын. Адамдарды тегін апарған күнім болды.
Басшылығым да әлеуметтік желіде белсенді болғаныма еш қарсылық білдірген жоқ. Көбіне достарым, жолдастарым "сен блогер болшы" дейтін. Ал әріптестерім бір жерден проблема көріп қалса соны видеоға түсіріп, маған жіберіп жатады. Ал мен оны желідегі парақшаларға, топтарға таратып жіберемін. Жалпы әлеуметтік желідегі парақшалардан табыс енді ғана түсіп жатыр", - дейді қоғамдық көлік жүргізушісі.
Айдостың айтуынша, оны қарағандылықтар жақсы таниды. Себебі ол қаладағы проблемаларды көтеріп, олар туралы видео түсіріп, түрлі топқа таратып отырады.
"TikTok-тың арқасында көп адам танып жатады. Кондукторым - інім. Оны да таниды. Көбі 43015 нөмірі арқылы да таниды. Ал кішкентай балалар мені автобусқа кіре сала біліп жатады", - дейді Айдос.
@aidos.vodila♬ оригинальный звук - Aidos
Кейіпкеріміз жұмысындағы қиындықтар туралы айтып берді. Оның сөзінше, көп адам жұмыстың тығыздығына байланысты шыдай алмай жатады. Тіпті Tengrinews.kz тілшісіне ақырғы аялдамадағы жарты сағат үзілісінде уақыт тауып, сұхбат берді.
"Жұмыстың қиындығы - жұмыс уақытының көп болуы шығар. 16-18 сағат жұмыста жүреміз. Одан бөлек, қоғамдық көліктерде жүргізуші жетіспейді. Ол бір шеті жалақының аз болуына байланысты. Екінші жағынан жұмыс уақыты көп болғандықтан көп адам шыдай бермейді. Көбіне бұрыннан істеп келе жатқан, жұмыс уақытына үйренген адамдар істейді. Жалпы көп адам шыдамай шығып кетеді", - дейді Айдос.
@aidos.vodila ##рек????кайф ##водилаавтобуса? ##avrobuskrg?
♬ оригинальный звук - Aidos
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также