Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 октября 2019 11:10

WhatsApp-тағы интим-видео: Танымал актер полицияға арыз жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Танымал актер Қуандық Шәкіржанов екі ер адамның жалаңаш жатқан видеосына өзінің суретін қосып қойғандардың үстінен арыз жазды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Танымал актер Қуандық Шәкіржанов екі ер адамның жалаңаш жатқан видеосына өзінің суретін қосып қойғандардың үстінен арыз жазды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода екі ер адамның төсекте жалаңаш жатқаны көрсетілген. Видеода актер Шәкіржановтың суреті де қойылған.

"Кеше бір оңбағанның жіберген видеосы үшін қазір арыз жазып шықтым. Жалаңаш ер адамдардың қасына менің суретімді қосыпты. Табылады, табамыз, Құдай бұйыртса. Видеодағы ер адамның маған ұқсамайтыны да көрініп тұр. Қазақтың намысы бар жігітінің бірімін. Сондықтан жақын арада ол қолға түсіп, жазасын алады. Уайымдамаңыздар. Ондай алып-қашпа видеолармен надандар, білімсіздер айналысады. Олардың сана-сезімінің жеткен деңгейі сол жер", - деді актер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Куандык Шакиржанов (@kuandykshakirzhanov)

Актердің жазылушылары оның бұл шешіміне қолдау көрсеткен.

"Алаңдамыз, бәрібір Құдай көріп отыр", "Видеоны мен де көрдім. (...) шок болдым, төсекте жатқан анау екеуі сізге мүлде ұқсамайды, сосын өшіріп тастадым", "Сізге күмән жоқ қой, аға", "Небір адамдар бар ғой зияндық жасайтын" деп жазды актердің жазылушылары.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети