16 октября 2023 | 12:10

"Адам айтса сенгісіз". Блогер әйел қатерлі дерттен қалай біржола айыққанын айтты

Фото: Massaget.kz

Қызылордалық Тоғжан Құдайбергенова - дәрігерлер "енді емделмейді" деген ауруды жеңген жан. Қайсар әйел қиындықты еңсеруге не көмектескенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордалық Тоғжан Құдайбергенова - дәрігерлер "енді емделмейді" деген ауруды жеңген жан. Қайсар әйел қиындықты еңсеруге не көмектескенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жасы қырықтан асқан ол - Жалағаш ауданы орталығының тумасы. Жиырма жылдан бері аудандағы Бұқарбай батыр ауылында келіндік міндетін өтеп келеді. Үй шаруасын ұршықша иіріп, мыңғырған малдың да бабын жасап жүр. Еңбексүйгіш отбасының қарамағында екі үйір жылқы, он бес шақты түйе, он шақты сиыр, көптеген қой-ешкі бар. Тоғжан Құдайбергенованың екінші тынысын ашқан - ірі малдың сүті.

Реклама
Реклама

"Үш жыл бұрын қатерлі дертке шалдықтым. Оның алдында кондитерлік бизнесім болды. Торт пісірдім. Кәсібімді үзуге тура келді. Өйткені бұл өмір мен өлімнің мәселесі еді. Екі ай химия терапиясымен емдегесін дәрігерлер үміт үзіп, үйге қайтарды. Мен сонда да өмірге құштарлығымды жоғалтқаным жоқ. Жаман ойға берілмей, "бала-шағамды жетілдіру керек" деп өзімді-өзім жігерлендірдім. Ауылда шұбат, саумал іштім. Таза ауа, жанға жайлы ауа да көмектесті. Денсаулығым ақырындап қалыпқа келе бастады", - деді кейіпкеріміз.

Бұған ақ халаттылар таңданыспен қарап, "басқа науқастарға үлгі болыңыз, мотивация беріңіз" деп, әлеуметтік желіде арнайы парақша жүргізуді ұсыныпты. Содан бері инстаграммен дос. Ауыл жұрты оны "блогер келін" деп, төбесіне көтереді. Жүз мыңнан астам оқырманы, дос-жараны көптеп-көмектеп қиналған жандарға жомарт қолын созып жүр. Ауылдағы екі отбасының үйлі болуына септігін тигізді.

"Мен ауырғанда бүкіл ауыл дұғасына қосып, тілеуімді тіледі. Көптің тілегінің арқасы, азды-көпті жақсылығымның қайтарымы шығар, Құдайға шүкір, бәрі қалпында", - деді блогер.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Кейіпкеріміздің күйеуі тоғыз ағайынды. Өзі - шаруашылықта сушы. Бір жағынан төрт түлігін түлетіп отыр.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная