Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 июля 2018 15:55

Адам неге тауға шығуға құмар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кей адамдардың саяхаттауға деген құмарлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Саяхатты жаны сүйетін адамдар өздеріне таңсық, қызықты оқиғаларды бастан кешуді қалап тұратындай. Бірі дүниетаным кеңейтудің жолы деп ұқса, бірі тек демалыс деп түсінеді. Қалай десек те, екі топтағы адамдар да қаражаты мен күш-қуатын саяхатқа жұмсайды. Сіздің осы топтағы қайсысына жататыныңызды білмейміз, алайда саяхаттаудың басты себептерін атап бере аламыз. 


Кей адамдардың саяхаттауға деген құмарлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Саяхатты жаны сүйетін адамдар өздеріне таңсық, қызықты оқиғаларды бастан кешуді қалап тұратындай. Бірі дүниетаным кеңейтудің жолы деп ұқса, бірі тек демалыс деп түсінеді. Қалай десек те, екі топтағы адамдар да қаражаты мен күш-қуатын саяхатқа жұмсайды. Сіздің осы топтағы қайсысына жататыныңызды білмейміз, алайда саяхаттаудың басты себептерін атап бере аламыз. 

"Тау баласы тауға қарап өседі" демекші тауды сүймейтін қазақ жоқ шығар. Тек оны сүйіп қана қоймай, тауға шығып, саяхаттағанды, қызықты оқиғаларды басынан кешіргенді жақсы көретін Әуелбековтер әулеті, сенсеңіз, тауға апта сайын шығады. Нарынқол ауылында тұратын Әуелбековтер отбасы Шоғансай тауының бөктеріне апта сайын шығып тұруды әдетке айналдырған.

"Бұл менің кіндік қаным тамған жер. Бұрындары тауға деген қызығушылығым мүлдем жоқ еді, кенже қызымның қалауы бойынша басында бір жылда бір рет, кейін екі айда бір рет, қазір тіпті апта сайын шықпасақ ауырып қаламыз", - деп күлді үйдің отағасы Нұрмұрат Ұзақбаев.

Үйдің отағасы Нұрмұрат Ұзақбаев әскери қызметте жұмыс істеген. Осы жылы бейнетінің зейнетін көріп жатыр. Әйелі Гүлфайруз ауыл мектебінде орыс тілінің мұғалімі. Екеуі де ел ағасы, ердің жасы деп 40 тан асқан. Жастарына қарамастан бұл отбасы өскелең ұрпаққа өз ісі арқылы үлгі беріп келеді. 

Тау баурап алады

Нұрмұраттың әйелі Гүлфайруз Әуелбекованың айтуынша, тауға шығу кезіндегі дайындықты алғашында ұнатпайтын. Себебі, қызы мен күйеуінің киім-кешектерін, жасайтын тамағының заттарын, саяхатқа әрдайым бірге алып жүретін көрпелер санынан шаршайтын.

"Бұрында "Тауға барамыз, жиналыңдар" деген кезде ойыма табиғат емес, "Керек-жарақтарымызды қалай жинаймын?" деген сұрақ туындайтын. Тауға шығарда міндетті түрде қарның ашады. Күнделікті әзірлейтін тамақтарың жетпей, міндетті түрде екі есеге көбірек аласың. Қасығың, тұзың, майың бар дегендей. Оған қоса, ешқайсысын ұмытып кетпеу керек. Өзіміз тағамдарды дәмділеп жегенді ұнатқандықтан, етімізді, сәбіз-пияздарды, көкөніс, жеміс-жидектерді дәу қазанға салып алып, отын астында әзірлейміз. Адам бір істі әдетке айналдырып, жиі істеп жасайтын болса түк қиындық тудырмайды екен. Бұрын жиналғанға 1-2 сағатымды жұмсасам болмайтын еді, қазір 10 минуттан аспайды", - дейді Гүлфайруз Әуелбекова.

Шарынды шарлайтын шетелдіктер

"Атың барда - жер таны желіп жүріп, асың барда - ел таны беріп жүріп" демекші Әуелбековтер тауда басқа ұлт өкілдерімен танысып, бір хобби мыңдаған адамды біріктіретінін айтады.

"Тауда неше түрлі қызықты оқиғаны басыңнан кешіресің. Бір күні Шоғансайға шыққанымызда бір тарихи фильм түсіріп жатқанын көріп қалдық. Тауды түсірілім алаңына айналдырып, керемет туынды шығарып жатқанына куәгер болып қалдық. Біздің ауылға барар жолда Шарын шатқалы орналасқандықтан, көптеген турист шатқалды көру үшін ағылып келеді. Америка, Қытай, Ресей, Түркия туристерін көріп, қазақ елінің әсемдігімен мақтанып қаласың. Біз күнделікті көріп жүрген бейне, оларға таңсық көрініп, елімізге қызығушылық танытқаны жағымыды әсер береді екен", - деп қосты үйдің отағасы.

Нан бар жерде ән бар

Ауылдан көшкісі келмейтінін айтқан Гүлфайруз Әуелбекова қаладағы туыстарының бірге тауға шығу үшін жиі келетінін айтты.

"Кіндік қаным тамған жерімнен кете алмаймын. Қимаймын да. Нарынқол ауылы биыл аудан аталып, ауылдағы өмір де жаңарып келе жатқандай. Туыстарым қаладағы тіршіліктен шаршаған кезде ауылға келіп, бір марқайып алады. Бәріміз тауға шығып, ағаштағы сағыздарды жинап, саңырауқұлақ теріп, шыршаның бүршіктерін жинап, самаурынға салып, тау бөктерінде шай ішеміз. Балалар тауға көтерілген кезде, біз әйелдер тамақтың қамына кірісеміз. Ер азаматтарымыз отын жарып, кәуап пісіреді. Күн батқаннан кейін тауға көтеріліп күні бойыға жететін қуат алып қаламыз. Таудың басынан ағып тұратын таза, тастай суға бір сүңгіп аламыз. Осындай керемет отырыстың кешінде күйеуімнің гитарамен ән шырқайтыны бар. "Ата өнері - балаға мұра" демекші қызым Аяулым да гитарада ән айтатын өнері бар", - деп әңгімесімен бөлісті Гүлфайруз Әуелбекова.

Денсаулыққа инвестиция

Бұл отбасының қыста тұмаусыз, жазда бел ауруынсыз жүретіні жасыл табиғатпен дос болғандығынан.

"Біз мүлдем сүт сатып алып я болмаса нанды дүкеннен алмаймыз. Бәрі қолдан. Бәрін өзіміз жасаймыз. Ешқандай қоспасыз, нағыз таза ақ сүт пен ақ судан жасалған затты неге жемеске? Ұзақ өмір сүрудің құпиясы дейсіз бе? Көп қимылдау. Салауатты өмір салтын ұстану. Біз тіпті қыстың күні осы жерден шықпаймыз. Балалар шаңғы, шана теуіп таудан сырғанайды. Қар атысып, ойнайды. Белсенді өмір салтын ұстанады. Оның өзі денсаулығыңызға қанша пайда алып келетінін білсеңіз ғой. Қарапайым үйден шығып, 1-2 сағат таза ауамен демалсаңыз, денсаулығыңыз сізге алғыс ретінде қосымша жас сыйлық сыйлайды", - деп кеңесін айтты Гүлфайруз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети