Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 января 2019 19:31

Әдемі қартаю деген не? 64 елді көрген кейуана құпиясын бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Әдемі қартаю деген не?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Әдемі қартаю деген не?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР мəдениет қайраткері, Моңғолия журналистер және жазушылар одағының мүшесі, "Алтын алқа" иегері Егеухан Мұхамəдиқызы әже немере мен шөбереден алыс кетпеу керек деп ойын білдірді.

"Алла бұйырса, келер жылы 80-ге толамын. Әр адам өзіне ұнағанын жасайды ғой. Немере бағу деген - ол әжелердің нағыз бақыты. Әже деген өмірден бала тілейді. Немере өз балаңнан тәтті. Оны бағу Алланың берген үлкен нығметі. Ара-арасында шетелге шығып тұруға болады. Немере бағу - жабысып қалу деген сөз емес. Уақытында баратын жерге барып, қалған уақытта немере бақсаң болады. Немере-шөбереден алыстауға болмайды. Бұл деген адам баласының жеткен үлкен бақыты, шыққан биігі сол", - дейді Егеухан Мұхамəдиқызы.

Әлемнің 64 мемлекетін көрген 74 жастағы Раиса есімді зейнеткерді әже деп айтуға да келмейді. Себебі ол өз құрдастарының көбіне қарағанда қарттықты позитивпен қарсы алған. Нағыз өмірді алпыстан асқан соң түсіндім дейді. Эфир кезінде ол 150 жыл өмір сүрсем деп әзілдеді.

"Көргенім көп. Себебі жолдасым да, ұлым да ана дүниелік болды. 90-жылдардағы дағдарысты бастан өткердім. Ауыр жылдар еді. Кәсіпке кеттім. Рэкеттердің ызғарын көрдім. Бандиттер басыма тапанша тақаған кезеңдер де болды. Осының барлығы тек шашымның ағаруына әкеп соқты, қалғанының барлығына шыдадым. Қазір демалыстамын. Саяхаттаймын, осы күнге дейін 64 елде болдым. Желілік кәсіппен айналысамын, бірақ оны бастағаныма бір жыл ғана болды. Бәріне ризамын, круиздерге шығамын. Өз бақытым үшін өмір сүремін. Күтінемін, иогамен айналысамын, жүзуге барамын, кейде немерелерімді бағамын, сұлулық салондарына барамын. 74 жасқа келдім, әлі біраз сүрсем деймін. 150 жасасам", - дейді Райса әжей.

Бағдарламның арнайы қонағы, психолог Серікгүл Сәли әдемі қартаю туралы мысалдар келтірді.

"Адамның өмір сүру жасы 80 не 150 болсын, бұл төрт кезеңге бөлінеді, яғни бірінші кезең сіз білім алуға жұмсайтын уақытыңыз, екіншісінде отбасын құру, дүниеге бала алып келу, оны өсіру, аяққа тұрғызу. Үшіншісі - барлық тәжірибеңізді, біліміңіз бен көрген қиындықтардан түйгендеріңізді рухани құндылық етіп бойға сіңіру. Раиса ханым қазір үшінші кезеңде жүр. Ол кісі өзіне төртінші кезеңге сақтайды. Ал төртіншісі - қартаю. Енді сол әдемі қартаю - сол адамның рухани байлығына байланысты. Яғни, әдемі қартаю дегенді түр-әлпетіне қарап бағаламаймыз", - дейді психолог.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоудың әлі талай қызықты да маңызды тақырыптары көп.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети