24 августа 2023 | 13:43

"Алданып қалған кездерім де болды". Семейде 72 жастағы әже такси жүргізушісі болып жүр

Фото: Massaget.kz / Жадыра Серікбекқызы

Техника тілін еркін меңгерген 72 жастағы Бибігүл Оспанова Семей тұрғындарын діттеген жеріне ешқандай кедергісіз жеткізіп, такси жүргізушісі болып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Техника тілін еркін меңгерген 72 жастағы Бибігүл Оспанова Семей тұрғындарын діттеген жеріне ешқандай кедергісіз жеткізіп, такси жүргізушісі болып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Жасым егде тартты деп қол қусырып отырмайтын Бибігүл Оспанова кезінде ауылда трактор комбайнын жүргізсе, қалаға келген соң 40 жылдай тігіншілікпен айналысқан. Ал кейін демікпе ауруы бар зейнеткерге қоғамдық көлікпен қатынау қиынға соққан.

"57 жасымда темір тұлпарды тізгіндеуге тура келді. Себебі саяжайымдағы жеміс-жидектерімді қоғамдық көлікпен тасу қиындық тудырды, әрі демікпем бар еді. Ақыры қиынға соғып кеткен соң, үш ай бойы жүргізушінің оқуын оқыдым. Сөйтіп, жүргізуші куәлігін алдым. Артынан көлік сатып алдым. Көлік тізгіндеуде қиындықтар жоқ емес. Қыста тайғақтарда байқап жүруге тура келеді, кейде жолда бұзылып қалатын кездері болады. Бұзылмас үшін саймандарын, майын ауыстырып отырамын", - дейді Бибігүл Оспанова.


Фото: Massaget.kz

Honda CR-V маркалы көлігін тізгіндеген такси жүргізушісіне қала тұрғындары құрметпен қарайды. Ол жол ережесін сақтауды қатаң қадағалайтынын айтты. Осы уақытқа дейін бір "Сергекке" түспеген зейнеткерді жол сақшылары да артық мазаламайтын көрінеді. "Жолыңыз болсын, апа!" деп шығарып салады екен. Бір кездері ақшасын бермей алдап кеткен жолаушылар да болыпты.

"Бір жолаушы жігіт қол көтеріп жол бойынан тоқтатты. Университетке жеткізіп салуын және шыққанша күтіп тұруын өтінді. Жаман ой жоқ жеткізіп салып, күтіп тұрдым. Содан 20-30 минут өтіп кеткен соң артынан кіріп сұрастырсам, әлгі бала артқы есіктен шығып қашып кетіпті. Сөйтіп, алданып қалған кездерім де болды", - дейді Бибігүл әжей.

Фото: Massaget.kz

Бибігүл апа осы қызметте жүріп ауруға бой алдырмауға тырысатынын айтты.

"Түске дейін осы қызметте жүрсем, түстен кейін саяжайға барып таза ауада бау-бақшама көңіл бөлемін. Бұл ауруды ұмытып, біраз болсын сергіп қаламын", - деді әжей.

Қазір үш баласынан алты немере сүйіп отырған Бибігүл Оспанова бос уақытында осылай жолаушы тасып, тіпті немерелерін де баратын жеріне өзі жеткізіп салатынын айтады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная