24 февраля 2021 | 17:03

Алматыда белгісіз біреулер қыз бен жігіттің суретін ине тығып, молаға тастаған

Алматыда белгісіз біреулер қыз бен жігіттің суретіне ине тығып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда белгісіз біреулер қыз бен жігіттің суретіне ине тығып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сурет Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official парақшасында жарияланды. 

"Демалыста марқұм әжеміздің бейітін тазаламақ болдық, жанынан мына суретті тауып алдық. Бұл суретті жариялап, көрсетсеңіздер. Бәлкім қыз бен жігіт ауырып қалған шығар не қауіп төніп тұрған шығар. Қазір қандай адамдар арамза, зұлым, ештеңеден қорықпайтын болып кеткен. Бейіт Боралдай тасжолындағы Айгерім 1 шағын ауданы жақта орналасқан", - дейді жазба авторы. 

Реклама
Реклама

Желі қолданушыларының бірі суреттерді әлеуметтік желіге салуға болмайтынын айтса, енді бірі бұл сандырақ екенін айтқан. 

"Өмір - бумеранг, ерте ме, кеш пе - жақсылық та, жамандық та айналып келеді", "Екеуінің жағдайы жақсы ма екен?", - дейді Желі қолданушылары.  

Суреттегі адам Алишер Қабаев есімді жігіт. Ол қазіргі таңда кімге барып, не істерін білмей отырғанын айтады

Ал суреттегі қыз оның сүйіктісі, олар көктемде шаңырақ көтеруді жоспарлап отыр екен. 

"Көп адам уайымдап жазып жатыр. Бірақ бізде қазір бәрі жақсы. Қазіргі жағдайда не істерімізді білмей отырмыз. Полиция ештеңе істей алмайды деп ойлаймын. Нақты ештеңе айта алмаймын. Тек бір Алла біледі", - дейді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная