21 июля 2023 | 14:03

Алматыда ер адам басын ойып, өзіне чип орнатқан: нейрохирург қауіпті операция туралы пікір білдірді

Фото: Михаил Радуганың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алматыда Михаил Радуга есімді ер адам миына чип орнатып алған. Ол бұрғы және басқа құралдар көмегімен өзінің басын ойып, ота жасаған. Ер адам YouTube-тен нейрохирургтердің жұмысы туралы бейнероликтерді сағаттап зерттеген. Massaget.kz тілшісі өз бетінше ота жасаудың қаупі туралы нейрохирург Сұлтан Асхатұлымен сұхбаттасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Михаил Радуга есімді ер адам миына чип орнатып алған. Ол бұрғы және басқа құралдар көмегімен өзінің басын ойып, ота жасаған. Ер адам YouTube-тен нейрохирургтердің жұмысы туралы бейнероликтерді сағаттап зерттеген. Massaget.kz тілшісі өз бетінше ота жасаудың қаупі туралы нейрохирург Сұлтан Асхатұлымен сұхбаттасты.

Дәрігердің айтуынша, үй жағдайында мүлдем ота жасауға болмайды. Маман оның салдарын түсіндірді.

Айта кетейік, материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

"Нейрохирургиялық отаны үйде жасау қауіпті. Мұндай жағдайда, біріншіден, асептика (стерилизация) ережелері бұзылады. Екіншіден, отаға қажет нақты құралдар болмайды. Үшіншіден, мұндай күрделі ота үшін дәрігерлердің жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі қажет. Мұндай манипуляция кезінде қате жіберілсе, болашақта сал ауруына әкелуі мүмкін, себебі ота жасағанда абай болмаса, маңызды бөлікке тиіп кетуі ғажап емес. Ер адам артерияға тиіп, көп қан жоғалтып өліп кетер еді. Немесе мұндай манипуляциялардан денесі құрысып қалуы мүмкін еді. Одан есінен танып, өзін жарақаттап алуы ғажап емес", - дейді дәрігер.


Фото: Михаил Радуганың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Нейрохирург бұрын осыған ұқсас жағдай болғанын айтты. Алайда ол жағдайда екі адам арасында жанжал шыққан. Дәрігер өзінің басын әдейі тескен адамды бірінші рет көріп тұрғанын бөлісті.

"Бұрын осыған ұқсас жағдай болған. Бірнеше адам ішімдік ішіп отырған кезде араларында жанжал шығып, ер адам әйелдің басына пышақ сұғып алған. Мас әйел басынан пышақты шығармақ болады, алайда оған дер кезде көмек көрсетілген. Кейін оған ота жасалды, осылайша әйел аман қалды", - дейді Сұлтан Асхатұлы.

Айта кетейік, материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная