Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 ноября 2019 12:16

"Алыс сапарға жалғыз жібермеген". Қызға қырық үйден тыйым салудың мәні не?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан, Ақтау қаласы, XIX ғасырдың ІІ жартысы. © Н.К. Зейдлиц Қазақстан, Ақтау қаласы, XIX ғасырдың ІІ жартысы. © Н.К. Зейдлиц

Ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған қазақ халқы қыз балаға ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанасың деп, оған бала кезден ұлтымызға тән асыл қасиеттерді бойына дарытуға, ана тілі мен салт-дәстүрімізді үйретуге үлкен мән берген. Бүтін бір елдің болашақ тағдыры осы әйел затының қолында деп түсінген. Сол себепті қыз баланы  бетінен қақпай, қонақ санап, аялап, сонымен қатар, "қызға қырық үйден тыю" дей отыра, әр нәрсенің орнын түсіндіріп өсірген. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне "қызға қырық үйден тыйым" сөзінің мән-мағынасын түсіндіріп берді.


Ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған қазақ халқы қыз балаға ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанасың деп, оған бала кезден ұлтымызға тән асыл қасиеттерді бойына дарытуға, ана тілі мен салт-дәстүрімізді үйретуге үлкен мән берген. Бүтін бір елдің болашақ тағдыры осы әйел затының қолында деп түсінген. Сол себепті қыз баланы  бетінен қақпай, қонақ санап, аялап, сонымен қатар, "қызға қырық үйден тыю" дей отыра, әр нәрсенің орнын түсіндіріп өсірген. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне "қызға қырық үйден тыйым" сөзінің мән-мағынасын түсіндіріп берді.

"Қазақ аналары қызды гүлдей сұлу етіп, құлпыртып, құбылта өсірген. Әрі ақылды, иманды, ибалы, әдепті, саналы, тәрбиелі болып өсіруі үшін қырық үйден тыйған. Қыздың жолы жіңішке деп, оның жолының қылдан да нәзік екенін терең түсінген", - дейді этнограф. 

***

Болат Бопайұлы қыздардың қырық тыйымын айтып берді:

Жеті ата араламаған, туыстық қатысы жоқ үйлерге ұзатылмаған қызды қондырмаған.

Атасы жат ауылдарға қызды қыдыруға, жалғыз жіберуге тыйым салған.

Қызы жоқ, ұлы көп үйлерге барып, қонуға тыйым салған.

Қызды әпекесі жоқта жездесімен қонуға тыйым салған.

Ұл құрдастарының үйіне әке-шешесі жоқ кезде қыдырып қайтуына жол бермеген. 

Есі дұрыс емес, ауру ерлердің үйіне баруға тыйым салған. 

Той-томалақ, топты жиналыстарға қыздың жалғыз баруына тыйым салған. Оны жеңгелерімен бірге жіберген. 

Құда балалармен беталды қыдыруға тыйым салған. Белгісіз үйлерге қонуды шектеген. 

Көршілерінің қызының атағы шығып, жаман жолда жүрсе, жамандық жақтан атағы шықса, ол қызын араластырмай, жаман қыздармен араласуға тыйым салған. 

Арақкеш, ішкіш, алқаш ерлердің үйіне қонуғ тыйым салынған. 

Ылғи ерлер жатқан үйде қызды жалғыз қондыруға тыйым салынған. 

Той жасамаған жас қызды алыс жолға, жат ауылдарға жалғыз жібермеген. 

Қызыл іңірде апақ-сапақта қызды босағадан аттап, жалғыз жарым далаға шығуға тыйым салған. 

Қызды ен өрісте жалғыз жүріп, мал бағып жүрген малшылардың арасына жіберуден аулақ болған.

Қызды алыс жерден су алуға, мал қайыруға, жалғыз жүруіне тыйым салған. 

Қызды нағашы жұртына жалғыз жібермеген. Баруға тиіс болса, жанына әпеке, сіңілі, жолдас-жоралары еріп жүрген. 

Үлкен қария адамдары бар қарашаңырақтарға барып, жалғыз жарым қонуына тыйым салған. Себебі қариялардың алдында шешініп жату қыз бала үшін ұят, қолайсыз болады деп қараған. 

Қызды жалғыз жарым отырған үйлерге барып, қонуға тыйым салынған. 

Өштескен, соғысқан, ұрысқан, ренжіскен көршілерінің үйіне барып, жалғыз қыздың қонуына тыйым салған.

Әке-шешесі бір жаққа кеткенде, қызды үйде жалғыз қалдырмаған. Ертіп кететін немесе қасына сенімді туыс әйелдердің біреуін қосып кететін. 

Қыз атқа мінгенде оның артына ерлерді мінгізбеген. Оны әдепсіздік санаған. 

Қызды қаралы болып жатқан үйге қондырмайды. Бағы байланады деп ырым салған. 

"Қойды қасқырдың ішіне апарып, қамаса не болады?" деп қыздарды ылғи да ұлдар отырған үйге қонғызбаған. 

Құда түскен үйіне де қашан да келіп болып, басаға аттағанша ол үйге жібермейді. 

Қызға түнде қараңғыда қыдыруына тыйым салған. 

Жат ауылға қызды жалғыз жібермейді. Қыз нәзік, әлсіз болады, әлдебіреулердің жаманшылығына ұшырап қалуы мүмкін, зорлық-зомбылық көруі мүмікн деп тыйымсалған. 

"Атасы жат біреудің үйінде не бар?" деп жат атаның үйіне қондырмаған. 

Қызды ұзатудан бұрын, ер адамдарға ертіп, бөтен ауылға қыдыртуға жібермеген. 

Әлі ұзатылмаған қызды болашақ ана деп қарап, жесір әйелдердің үйіне барып, қонуға тыйым салған. Себебі басына қаралы күн туады деп қорыққан. 

Қызды көші-қон кезінде басқа жат ауылдың көшіне ілесуге тыйым салған. 

Қызды қырқа асырып отырған қырық үйлі ауылға жібермейді. 

Әйелі қайтыс болған ердің үйіне барып, жұмыс істеуге, қонуға тыйым салған. 

Ұлты, салты басқа ерлермен қызды ертіп қоя бермеген. 

Алыс сапарға қызды жалғыз жібермеген.

Қызға жалғыз жүріп, ен далада мал бағуға тыйым салған. Ал мал бағуға тиісті болса, қасына өзіне ет жақын бауырын, туыстарының бірін қосып берген. 

Қызды тал түс, ала-кеуім, елең-алаңда қызыл іңірде далаға шығуға, суға баруға, көлік мінуге, қыдруға тыйым салған. 

Қыздың шамасы жетпейтін, ауыр жүк көтеруге тыйым салған. Себебі ол болашақ ана деп, денсаулығын күткен. 

Жас қызды өлімді болып жатқан қаралы шыңырақтарға жібермеген. Кеудесі суып кетеді деген. 

Ұзатылмаған қызды қаралы шаңырақтарға апарып, өлімді жоқтауға тыйым салған. Өйткені, көңілі түңіліп кетсе, кейін жақсы ана бола алмайды, одан туған бала қайғы шер тартады деген. 

Қыздың ашық-шашық киім-кешек киіп жүруіне тыйым салған. Себебі басқалардың тіл-көзі, суық болып қадалады, арты жамандыққа ұласады деген. 

Қызды аң-құс аулауға жібермеген. 

Қызды бес жастан кейін әкесі ағаларымен бірге жатуға тыйым салған. 

Болат Бопайұлының айтуынша, қазық қызды көзінің қарашығындай қорғап, аялы алақанында өсіріп, болашақ ана деп оны жарқын жүзбен, жарқын тәртіппен, арлы, ибалы, мәдениетті, берекелі, бірлікті етіп өсірген.

"Болашақ келіні ретінде дайындаған. Қазақтың отбасы әрбір қызды болашақ ана, келін ретінде тәрбиелейтін үлкен этнографиялық мектеп. Сол университеттің ұстазы, сол үйдің анасы, жеңгесі, қыздың қамқоршылары болып есептеледі. Қызға қырық үйден тыйым деген осындай нәрсе", - дейді этнограф. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети