23 декабря 2021 | 11:19

"Анам жылап жіберді". Әпкелі-сіңлілі он қыз әкесіне көлік сыйлап, жұртты тебірентті

© Видео кадрлары

Маңғыстау облысында он қыз әкесіне көлік сыйлады. Желіде тосынсыйдың видеосы тарады. Tengrinews.kz тілшісі он қыздың үлкені Жақсыгүл Шалғынқызымен осы тосынсый туралы сөйлесті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында он қыз әкесіне көлік сыйлады. Желіде тосынсыйдың видеосы тарады. Tengrinews.kz тілшісі он қыздың үлкені Жақсыгүл Шалғынқызымен осы тосынсый туралы сөйлесті. 

Желіде тараған видео Маңғыстау облысындағы Қызан аулында түсірілген. 

Реклама
Реклама

Жақсыгүл Шалғынқызының айтуынша, олар үйде он қыз, бір ұл.

"Алтауымыз тұрмыстамыз, інім кішкентай, 7-сыныпта оқиды. Әкем 56 жаста, анам 53-те, екеуі де қарапайым адамдар. Әкем мектепте күзетші, анам вахташы болып жұмыс істейді. Ата-анамыз тәрбиелі, көпке үлгі болатындай қылып өсірді. Анам дүниеге 10 қыз әкелсе де, әкем ешқашан көңілін түсірмеген. "Мен қыз туғанда жылап қалсам, әкелерің неге жылайсың, қыз да баламыз ғой, ертең қайырды осы қыздардан көресің дейтін" деп отыратын анам", - дейді Жақсыгүл.

Сондықтан, он қыз әкесіне көлік сыйлауды бұрыннан ойлап жүрген.

"Басында көлікті 60 жасына алып береміз деп ойлағанбыз. Бірақ 60 жасына дейін әлі көп бар. Сондықтан, жарымызбен ақылдасып, салоннан көлік қарайық та, Жаңа жылға сыйлайық дедік. Әкем бұрыннан "Нива" алсам, басқа көлік керек те емес дейтін", - дейді ол.

Сөйтіп, қыздар ақша жинап, әкесі қалайтын "Ниваны" сатып алған. Кейінгі жұмыс - көлікті әкесіне сыйлау. 

"Көлікті қалай тосынсый ретінде береміз деп ойластыра бастадық. Жан-жақтан қыздар келді. Біріміз гүлімізді, біріміз шарымызды дайындадық. Тәуелсіздік күніндегі демалыстар болатын. Әке-шешемізді мерекеде кәуапқа алып барамыз деп алдадық. Екеуінің көзін байлап алып бардық. Олар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз деп ойлады. 

Сөйтіп, көздерін ашқан кезде алдында көлік, шар мен гүл ұстаған қыздары тұрды. Әкем көзіне жас алды, сендерге істеген жақсылығым алдымнан шыққанына қуаныштымын деді. Анамыз да жылап, қымбат қой деп ұрысып жатыр", - дейді Жақсыгүл. 

Оның айтуынша, көлік сыйлайтын кезде ауыл тұрғындары, туыстар жиналып, қуанышты бөліскен.

"Әкем бізден көлік күтпеді, себебі көбіміз тұрмыстамыз, өз отбасымыз бар дегендей. Осындай қуанышқа үлес қосқан жолдастарымыз, ата-енелерімізге де алғыс айтып кеткім келеді. Олар да бізбен бірге қуанып, көзіне жас алды", - дейді маңғыстаулық әйел. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная