Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 марта 2019 22:02

Асаба немесе ShowMan. Сіз кімді таңдайсыз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Advoos © Advoos

Бүгінгі қазақ тойының сәні болып саналатын асабалар жайлы сын мен мақтау өте көп. Өзіңіздің де тойдан шығып, үйге келгенде "Асаба тойды қыздырды", "Тамада тойды алып шықты" немесе "Асаба өзін тыңдата алмады" деген сияқты түрлі пікір айтқан сәттеріңіз болған шығар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгінгі қазақ тойының сәні болып саналатын асабалар жайлы сын мен мақтау өте көп. Өзіңіздің де тойдан шығып, үйге келгенде "Асаба тойды қыздырды", "Тамада тойды алып шықты" немесе "Асаба өзін тыңдата алмады" деген сияқты түрлі пікір айтқан сәттеріңіз болған шығар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Асабаның естісі бар, есері бар" деген мәселе талқыланды. Бағдарлама барысында қазіргі кезде той нарығында сұранысқа ие болып жүрген Әділбек Макумов өзінің әмбебап асаба екенін айтты. Жүргізуші, шоумен, әншілік өнерді бірге алып жүрген ол асабалықтан табатын қаражатының жоғары екенін жасырмады.

Алайда көрермен тарапынан шоумен мен асабаның еш айырмашылығы жоқ деген ой тасталды. Бағдарламаға келген кейіпкерлер дәл осы пікірге ой білдірді. Сондай-ақ, қазақы той жүргізіп жүрген асабалар қазіргі той тізгінін ұстап жүрген жастардың басым көпшілігі қазақылықтан алыс екенін айтты.

"Асаба, тамада, шоумен халықты таңдамайды, халық асабаны таңдайды. Сол себепті бізде таңдау жоқ. Демек сен мықты болуың керек, болды", - дейді Баянды Сахарияұлы.

"100 пайыз мықты болу мүмкін емес. Тосыннан бірдеме шығып қалады, "мен мықтымын" - дейтін асаба жоқ. Театрал болсын, шоу-бизнес өкілі болсын. Ешкімнің атын атап жатпай-ақ қояйын. Бар ғой, мысалы, 7 миллион теңге гонорарға шығатын асабалар бар. "Асаба № 1", "Тамада №1"деген жігіттер бар да, олардың бізден айырмашылығы тек елге танымал болуында ғана. Ол - жұлдыз. Оларды халық бізге қарағанда көп көреді. Ал бірақ олар біз секілді көп кітап оқымайды, нақыл сөз айтпайды", - дейді әмбебап асаба.

Сондай-ақ, республика деңгейінде тойларды басқарып жүрген асабалар Қазақстанның әр облысында той өткізудің өзі әр алуан болып келетінін айтады.

"Бір Қазақстанда тұрып жатсақ та, мысалы біздің Қызылорда облысында күн батпай қыз ұзатамыз. Бізде дәстүр солай. Ал мұнда түнгі 12-ге дейін. Жаңа күн ауып келмесін дейді. Бізде күн батпай ұзатылады, кәрістерде де солай. Қазір Қарағанды, Бішкек және Ташкентте өтетін тойлардың түнге дейін жалғасатынын көріп жүрмін", - дейді асаба.

"Мына жерде мен ағамның сөзіне сәл келіспеймін. Кәрістер саудаласпайды. Қазақтар саудаласады деп жатыр. Өйткені сіз секілді асабалар жоқтың қасы, сол себепті олар таңдау болмаған соң саудаласпайды. Ал қазіргі қазақтың тойында таяқ лақтырсаң, асабаға тиетін заман болды. Оның арасында өзіміз де бармыз. Қазақ тілінде жүргізетін асабалар өте көп. Ал бұл кісілер кәрісше жүргізетін болған соң, сұранысқа ие", - дейді Бағлан есімді той жүргізушісі. 

Бағдарлама барысында асабаға қойылатын талаптар аталды.

"Қазіргі қазақтың тойында кем дегенде 150-200 адам қонақ болып отырады. Осыншама адамның алдына шығатын асаба әлбетте білімді болуы керек. Психологиядан хабары бар, рухани білімі жоғары болуы қажет. Сонымен қатар, той қонақтары шала қазақ немесе нағыз қазақ болғанына қарамастан той Қазақстанда болып жатқан соң, асабаның қазақы сауаты мықты болуы керек. Дәстүрден ауытқымағаны дұрыс. Ескі дәстүрді жаңғырту мақсатында өзгеріс енгізіп жататын шоумендер де кездесіп жатады", - дейді асаба.

"Әзіл әлемінің" редакторы Баянды Сахарияұлы бүгінгі тойларда шоумендерге деген ұсыныс көбірек екенін айтты.

"Осы тамада, шоумен, жүргізуші дегендерді таңдап жатады. Көбісі шоумендерді таңдайды. Біреулер дәстүрлі асабалардың жүргізгенін қалайды. Айырмашылығы - атында тұр ғой. Шоу дегеннен-ақ белгілі ғой, шоу қылып, ерекше өткізгісі келеді. Есте қалу мақсатында жаңашылдықтар ұсынып жатады. Жаңаша көзқарас бар. Бірақ артық қыламын деп тыртық қылып жататындар да бар. Күлдіремін деп бүлдіріп жатады. Қиындықтан өту үшін адамға өре керек. Той қонақтары әр түрлі саланың мамандары, сен білмейтінді талайы біліп отыруы мүмкін. Яғни сөз саптау кезінде өте сақ болу керек. Кейбір шоумендер қатты кетіп жатады", - дейді ол.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети