ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сентября 2021 | 14:16
Ауылға кеткен әнші. Желіні ерекше даусымен тәнті еткен кім?
Facebook әлеуметтік желісінде мерекелік жиын кезінде өнер көрсеткен әншінің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті. Әнші оқырмандарды ерекше даусымен баурап алды. Көптеген адам әншінің өнерін жоғары бағалап, оны бұлбұл құсқа теңеген. Желі қолданушыларын таңғалдырған әнші кім? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Facebook әлеуметтік желісінде мерекелік жиын кезінде өнер көрсеткен әншінің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті. Әнші оқырмандарды ерекше даусымен баурап алды. Көптеген адам әншінің өнерін жоғары бағалап, оны бұлбұл құсқа теңеген. Желі қолданушыларын таңғалдырған әнші кім? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Видеоны Facebook әлеуметтік желісінде Еркінбек Халидуллин есімді қолданушы жариялаған. Жазбаға 400-ге жуық пікір жазылған. Ал желі қолданушылары әншінің даусына таңданысын жасыра алмаған.
"Шіркін, қандай дауыс! Бұрында 70 жылдары ауыл-ауылды аралап конкурс жариялап осындай дауыстарды іріктеп алатын еді. Қазір ондай жоқ. Қаншама талант тұншығып, елеусіз қалып жатыр. Шынында жанбай қалған жұлдыз! Аман-есен жүріңіз, халқыңның ықыласына бөленіп!", "Пах, шіркін даусы қандай тамаша! Сахна төрінен тыңдайтын дауыс екен, бұлбұл!", "Елді тыңдата білген өнеріңіз өрлей берсін! Тамаша!", - дейді Желі қолданушылары.
Ал видеодағы өнер иесі - Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бүгінде "Қаламқас" ансамблінің мүшесі, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Бақыт Шағатаева.
"Мен 1948 жылы Шығыс Қазақстан облысында туғанмын. Мектеп қабырғасын да осы жерде бітіріп, 1966 жылы Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетіне түстім", - дейді әнші.
Бақыт Шағатаеваның ата-анасы да өнерге жақын болған.
"Жалпы ата-анам мен оқу бітірген жылы өнер жолын таңдауыма қарсы болған жоқ. Мектеп қабырғасынан бері ән айтып жүргендіктен осы жолды таңдадым. Ата-анам оқыған адамдар, өнер жолын таңдауыма еш қарсы болған жоқ", - дейді әнші.
Видео: YouTube/Мәдениет және спорт министрлігі
Бірақ әнші Алматыда оқуын бітіргеннен кейін ауылына қайтып кеткен екен.
"Алматыда жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ауылыма қайттым. Бірақ оқу орным тарапынан қалу туралы ұсыныс та болған. Алайда ауылға келіп, тұрмысқа шықтым, балаларымыз өмірге келді. Туған жерімде еңбек етіп келе жатқаныма 51 жылдай болды", - дейді өнер иесі.
Бақыт Шағатаеваның "Қаламқас" ансамблінде өнер көрсетіп келе жатқанына 47 жылдай болған.
"1972 жылға қарай Абай ауданында "Қаламқас" ансамблі құрылды. Екі жылдай бала тәрбиесімен үйде отырдым, сосын 1974 жылы "Қаламқас" ансамблінің құрамына кірдім. Күні бүгінге дейін ансамбль мүшесімін. Одан бөлек, 1971-1972 жылдары Абай ауданында ең бірінші музыка мектебі ашылды. Сол жерде 19 жылдай фортепианодан сабақ бердім. Ансамблімізбен шетелді аралағанбыз. Оның ішінде, Еуропа елдері, Түркия, Венгрия, Қытай, Чехословакия және тағы да басқа елдер бар. "Дос-Мұқасанмен" қатар құрылған ансамбль ғой. Басқа ансамбльдер жоқ болып кеткенде, біздің ұжым әлі күнге қызмет етіп келеді. Топтағы шығармашылық құрам, оның ішінде, әншілер, бишілер әлі бар", - дейді әнші.
Өнер иесінің бір ұл, екі қызы бар. Алайда тек бір қызы анасының жолын қуған екен.
"Бәрі әртүрлі мамандықты бітірген. Арай Әбенова деген әнші қызым бар. Ол педагогикалық университетті музыка факультетін бітірген. Қызым да "Қаламқастың" құрамында болған. Бүгінде ол астанада, басқа қызметте", - деді әнші.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также