04 сентября 2020 | 13:12

"Ауызбіршілігіміз жоқ". Қазақстан тазыны неге патенттей алмай отыр?

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Сұлтан Әбдірайымовтың жеке мұрағатынан

"Қансонар" бірлестігінің мүшесі Сұлтан Әбдірайымов және тазы ұстаушы Айбол Алпысбаев Жұлдыз FM эфирінде қонақ болып, Қазақстан неге тазыны патенттеу және ата-бабадан жәдігер боп қалған мұраны сақтау мәселелері төңірегінде әңгіме қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қансонар" бірлестігінің мүшесі Сұлтан Әбдірайымов және тазы ұстаушы Айбол Алпысбаев Жұлдыз FM эфирінде қонақ болып, Қазақстан неге тазыны патенттеу және ата-бабадан жәдігер боп қалған мұраны сақтау мәселелері төңірегінде әңгіме қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Эфир қонақтары тазы ұстауға қызығушылық қай кезде басталғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Кішкентай кезімде тазыны бір көргенде... Апам ертіп жүретін. Бір күні ауылдағы дүкенге тауар алып-кетіп жүретін бір кісі келді. Сонда "апа, мына ит" деп көзімді алмай қарап қалдым. Апам "ол ит емес, тазы" деп алғаш рет солай таныстырған. Бір уақытта ана кісі атпен шауып кетіп қалды, тазысы ерді. Мен апамның қолын жіберіп, артынан жүгірдім. Ол кезде 5 жасар едім. Кешке әкем жұмыстан келген кезде апам: "мына балаң ит құмар екен. Тазыны көріп еді, бітті. Әрең қуып жеттім" деп айтып берген. Міне, содан кейін қызығушылық басталды", - деді Айбол Алпысбаев.


Фото: Жұлдыз FM

 "Тазы ұстау бабадан ұрпаққа тарайды"

"Мен алты айлық болған кезімде атам қайтыс болып кеткен. Атам да бұрын сондай болған екен. Қақпан құрып, мылтықпен, бүркітпен аңға шыққан. Сонда бұл ата-бабаларымызға байланысты болу керек. Яғни өзінен-өзі тазыға қызығып, солай болып кетті дей алмаймын. Тазы ұстайтындардан да үнемі сұраймын. Олардың да өз аталары немесе нағашы аталары тазы ұстаған болып шығады. Яғни, бұл жайдан жай болмайды", - деп қосты Алпысбаев.


"Қазақ мұсылман дінін тазының арқасында қабылдаған - аңыз"

"Мен бір аңыз айтайын. Әйелдеріміз көбіне үйде болады ғой. Бұрында дін таратушылар, мына арабтар келіп, дінін қабылдатуға тырысады. Қазақтар "жарайды" деген. Ал мұсылман дінінде "ит денеңе жақындайтын болса, дәретің бұзылады" деген бар. Сонда әйелдер "олай болатын болса, мұсылман дінін қабылдамаймыз" депті. Яғни осы тазының арқасында мұсылман дінін қабылдаған екенбіз", - деп әңгімеледі Сұлтан Әбдірайымов.


Фото: Сұлтан Әбдірайымовтың жеке мұрағатынан

Барлық тазы - құмай емес

"Тазыны сары ала қаздың жұмыртқасынан шықты деп айтады. Көбіне жастардың адасып жатқаны бар, басқасы бар. Құмай тазы деп негізі қазақ атамыз аттың тұлпары сияқты ішіндегі алғырын, жүректісін, жүйрігін айтады. Барлық тазы құмай емес. Олай айту - адасу.

Бүгінде үшке бөлінетін тазы бар: жарғақ тазы, шашақ тазы, дөрегей тазы.

Шашақ тазының құлағында шашағы бар, жарғақ тазыда шашағы болмайды. Дөрегей алпауыт, ірі алып болып келеді.

Кезінде аңшылықта жүріп сары ала қаздың ұясынан күшік тауыпты, сары ала қаз көбінесе, қасқырдың, түлкінің ұясына жұмыртқа салады. Сол ұядан тазының күшігін тауып алып, сол күшік құмай тазы болып шығады. Бір аңызда құмай құстың ұясынан алғаннай кейін құмай тазы деп аталып кеткен", - деді Сұлтан Әбдірайымов.

"Өзім тазы ұстағалы бері есік алдыма құт-береке келді"

"Өзім тазы ұстағалы бері есік алдыма құт-береке келді десем болады. Қуанышыма орай. Содан кейін оның тазалығына, тектілігіне ештеңе жетпейді. Балаға қатты жақын. Қанша кәрі тазы болғанмен балаға жақын болады. Балаңыз болса, үйде тазы ұстаған жақсы. Бірақ тазының түзде жүргені дұрыс", - деді Сұлтан Әбдірайымов.


Фото: Сұлтан Әбдірайымовтың жеке мұрағатынан

Қасқыр алатын тазыны неге көбейтпей отырмыз?

"Көбейту дегенде...  селекция деген оңай нәрсе емес. Орталық Қазақстанда бір ағамыз айналысып жатыр. Әрине, ондай тазылар мықты болады, бірақ оның басқа жағы да бар. Малға шабады. Жыртқыш. Қасқыр аулаймын деп барғанда біреудің малына шапса, дұрыс емес", -  деп түсіндірді Сұлтан Әбдірайымов.

Күшік күнінен тәрбиелеу керек

"Малға шабуы тәрбиеге байланысты. Қандай тұқым болсын, оны күшік кезінен тәрбиелеу керек. Баланы да кішкентай күнінен тәрбиелемесе, өз бетімен кетеді ғой. Тазыны да солай. Сол сияқты онымен жұмыс істеу керек. Түлкіге шабуылдайтын иттер де кейде малға түсіп кетеді. Ит малдың жанында жүрмесе, малға шапқанда тәйт демесе, білмейді ғой. Сондықтан ол күнделікті жұмыс. Бір бауырым бар еді. Соның иті таңертең тұрса, сегіз қой, алпыс үйрегін тапап тастапты. Ит күшік кезінен құстың, малдың жанында өсу керек", - деді Алпысбаев.

Батырды бір тазыға айырбастаған - аңыз

"Кенесары бабымыздың кезінде қазақтар қырғыздың батырын қолға түсірген. Сонда қандай мал, алтын беріп, құнын төлеп алғысы келеді. Қазақтар келіспей қояды. Содан кейін Кенесары "сендерде көкдауыл" деген атақты тазы бар екен, соған айырбастаймыз" дейді. Сонда көкдауылға батырды айырбастаған", - деді Сұлтан Әбдірайымов.


Фото: Сұлтан Әбдірайымовтың жеке мұрағатынан

 Тазыны қалай ажыратуға болады?

"37 жыл тәжірибем бар. Иттің түрі, сыртқы пішіні тазыға ұқсас болуы мүмкін. Бірақ өзінің күшігі енесінен ауымай туса, күшіктері бір-бірінен ауымай туса, аңға түсуі ерекше болса, тұқымнан тұқымға беріліп отырса, оны нағыз тазы деп айтуға болады. Бұрында бір тазы бір ауылды ұстаған деп айтқан. Себебі ол кезде 10-15 үй болған. Сол ауылды аңға шығып ұстаған", - деді Айбол Алпысбаев.

Қазақстанда қанша тазы бар?

"Қазір әр ауылда 10-20 тазы шығады. Ал Қазақстан бойынша 10 мыңға жетеді. Бір Алматының өзінде мыңнан аса тазы бар. Совет кезінде 6-7 мың тазы болған. Бірақ қазір саны көп, сапасы жоқ деуге болады. Сапасы деген сыртқы пішінен басқасын айтқанда, алғырлығы, жүректілігі бөлек болады. Көбі тазы ұстаймын деп есік алдына әкеліп қояды. Бірақ оны жүгіртпейді. Содан соң құжат жағынан әлсіз. Тіркемейді", - дейді Сұлтан Әбдірайымов.

Тазыға вакцина салғызу керек пе?

"Вакцина деген дүние жүзінде қолданылып жүр. Жылдан жылға вакцина шығып, күшейіп жатыр. Вакцина салмасақ, тазыдан айырылып қалуымыз мүмкін. Жылдан жылға вирустар мутация болады, көбейе береді. Сондықтан құтыру, лептоспирозға қарсы салу керек. Аңға шыққанда ол жұқса, бітті. Адамға да қауіпті. Иттің өзі де құрыды деуге болады", - деді Алпысбаев.

Қырғыздар тайғанды патенттеп алған, түрікмендер де алабайды, ресейліктер біздің тазыны "борзый" деп патенттеп алған. Қазақ неге патент алмай жүр?

"Басынан бастайын. Борзый орыста болғанмен, олар да бір кездері қазіргі біздің күйімізді басынан кешірген. Бұрын құрып барып, кейін қалпына келтірген. Борзыйдың негізгі жұмысын, стандарттауын, қазіргі көріп отырған борзыйды шетелде - Австрияда жасады. Содан кейін сақталып қалған тұқымы Англиядан келді. Қырғыздар әлі оны құжаттаған жоқ, тіркеген жоқ. Түрікмендер де солай. Олардан гөрі біз - қазақтар тіршілік жасап жатырмыз. Бірақ әлі патенттеу дегеннің аулы алыстау болып тұр. Ауызбіршілігіміз жоқ", - дейді Сұлтан Әбдірайымов.

"Көш жүре түзеледі"

"Сондай-ақ өзіміз немқұрайды қараймыз. Қолымызда тұрған нәрсені құжаттамаймыз. "Қансонар" бізге әжептеуір ұсыныс жасады, жеңілдік жасады. Ең бірінші өзімізден бастауымыз керек. Көш жүре түзеледі дейді ғой енді", - деп түйіндеді Алпысбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная