ПОДЕЛИТЬСЯ
14 февраля 2020 | 09:58
"Аузымыздан тастамайық масканы". Қытайдағы қазақ полицейлері ән салды
Қытайдағы қазақ полицейлері коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарға қолдау көрсетіп, домбырамен ән айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайдағы қазақ полицейлері коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарға қолдау көрсетіп, домбырамен ән айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде тараған видеода полиция формасын киген үш адам домбырамен коронавирустың жаңа түрі туралы ән шырқайды. Үшеуі де медициналық маска таққан. Олардың қасында қызыл туған ұстаған тағы бір адам тұр. Ал фонында қытай тіліндегі жазбалар бар.
Полицейлер әнде коронавирустан тез емделуді тілеп, "Тез арада құтылайық тұмаудан" деп шырқайды.
"Құрметтейік алда жүрген басшыны,
Құрметтейік шепте жүрген сақшыны.
Тазалыққа көңіл бөліп бәріміз,
Аузымыздан тастамайық масканы", - деп әндеткен олар.
Айта кетейік, бұған дейін Уханда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандарға Шынжаңнан көмекке барған қазақ дәрігері "Қара жорға" билеген сәтінің видеосы жарияланған болатын.
Еске салайық, Қытайдағы қазақ полицейінің домбырамен ән айтуы алғаш емес. Бірнеше жыл бұрын Желіде Қытайдың Алтай аймағында түсірілген видео тараған. Роликте Қытайда тұратын қазақ полицейі туған жері туралы ән айтады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также