ПОДЕЛИТЬСЯ
24 февраля 2020 | 15:36
Балаларын жетімдер үйіне бермек болған шымкенттік жалғызбасты ананың жанайқайы
Шымкенттік Жанерке Темірбаева КТК телеарнасының редакциясына алты баласының төртеуін балалар үйіне өткізіп беруге көмек сұраған. Телеарна тілшілері жалғызбасты ананың тағдыры турады сюжет түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкенттік Жанерке Темірбаева КТК телеарнасының редакциясына алты баласының төртеуін балалар үйіне өткізіп беруге көмек сұраған. Телеарна тілшілері жалғызбасты ананың тағдыры турады сюжет түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жанеркенің жасы - 29-да, жалғызбасты ана. Телеарна мәліметінше, оның жақындары жоқ, балалар үйінде өскен. Жанеркенің айтуынша, балалар үйінен шыққаннан кейін қолына ата-анасы қайтыс болғаны туралы құжат берілген.
"Дау дамайсыз" бағдарламасында көпбалалы жалғызбасты әйел жәрдемақы ала алмай қиналып жатқанын айтқан. Жанерке Темірбаеваның сөзінше, құжат жағынан мәселе туындап, төлқұжатын ала алмаған көрінеді. Салдарынан айыппұл келген.
"Дүкендер мен дәріханаларға біраз қарызданып, қиын жағдайға тап болып отырмыз. Уақытша, қарыздарымның барлығын беріп, өз-өзімізге келіп алғанша балаларды бір жерге орналастырсам ба деген ойда едім", - дейді Жанерке Темірбаева.
Жалғызбасты ананың айтуынша, алғашқы некесі сәтсіз болған. Балалар үйінен шыққаннан кейін алып қашқан күйеуі оны жүкті күйінде қалдырып кеткен екен. Оның үстіне күйеуінің анасы Жанеркені жақтырмаған көрінеді. Екінші жолдасы Жанеркенің үлкен ұлын өзіне жаздырып, заңды некеге тұрған. Екінші баласы дүниеге келгеннен кейін енесі Жанеркенің жетімдігін бетіне басып, сыйдырмаған екен.
"Олардың да отбасы қарсы болғаннан кейін ажырасуға тура келді", - дейді Жанерке.
Көпбалалы ананың айтуынша, ол тек 42 500 теңге жәрдемақы алған. Өзі жұмыссыз. Жанеркенің арнайы мамандығы да жоқ екен. Үшінші рет тұрмысқа шыққан Жанерке тағы екі ұл мен екі қыздың анасы атанған.
"Уақыт өте келе достарымен араласып, бұзылып, ішіп қиын жолға түсіп кетті. Өзімізге күн болмады. Бірге алты жылдай тұрдық. Өзгеретін шығар деп ойладым. Бірақ адамның санасына кірмесе, оны ешкім түзей алмайды ғой", - дейді Жанерке Темірбаева.
Жас ананың айтуынша, бүгінде ол дәріханаға 9 мыңдай, коммуналдық қызметке 51 мыңдай, дүкенге 200 мыңдай қарыз болған.
Бағдарлама барысында тележүргізуші мен кейіпкер құзырлы органдарға барып, әлеуметтік мәселелердің шешілетініне көз жеткізді. Одан бөлек, әзірше балаларды туғалы көрмеген, алимент төлемей жүрген әкесі мен оның туыстарын іздеген.
Жеке сот орындаушысы Нұрбол Мәуленнің айтуынша, Жанеркенің екінші күйеуінің қарызы 2019 жылдың қазан айынан 1 миллион 500 мыңнан асып кеткен.
Үш күннен кейін Жанеркенің оқиғасын естіген шымкенттік қайырымды жандар еденде ұйықтап жүрген балаларға төсек орны мен ойыншықтар әкеліп берген. Одан бөлек, Шымкент қаласындағы Қаратау ауданындағы әкімдік сөзінде тұрып, Жанеркенің құжаттарын реттеп, мәселесін шешіп берген. Алғашында тек төрт баласы базаға енген Жанеркенің тағы екі баласы базаға тіркеліп, атаулы әлеуметтік көмекке ілінген.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также