ПОДЕЛИТЬСЯ
10 января 2019 | 17:52
Баланың аузына түкірту: Қазақтың ырымы жайлы не білеміз
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің Instagram-парақшасында жариялаған видеосы Желіде қызу талқылана бастады. Ол видеодан балалардың әншіге гүл ұсынып, ал Төреғалидің ырымдап олардың аузына түкіріп, артқы жақтарынан тепкенін көруге болады. Бұл видеоға қатысты түрлі пікірлер де жазылып жатыр. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі "ауызға түкіру" ырымы туралы зерттеп көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің Instagram-парақшасында жариялаған видеосы Желіде қызу талқылана бастады. Ол видеодан балалардың әншіге гүл ұсынып, ал Төреғалидің ырымдап олардың аузына түкіріп, артқы жақтарынан тепкенін көруге болады. Бұл видеоға қатысты түрлі пікірлер де жазылып жатыр. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі "ауызға түкіру" ырымы туралы зерттеп көрді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramТәтТті шәй!!! @nurdaulet_shertim
Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali) 9 Янв 2019 в 9:42 PST
Жалпы, қазақта "ауызға түкіру" ырымының бар екенін білеміз. Тарихқа көз жүгіртсек, ертеде қазақ халқы аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендерге, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға сәбидің аузына түкірткен және бұл ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі.
Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға да, оның ата-анасына да әсер еткен және оны мақтаныш тұтқан.
© youtube.com
Тарихшы-этнографтың да пікірін білдік. Ардақ Беркімбайдың айтуынша, бұл ырымның сенімін түсінбейтіндер қазіргі таңда гигиеналық тұстарын алға тартып жүр.
"Қазақтың "баланың аузына түкіру" ырымы ауызға ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықты құйып беру дегенді білдірмейді. Тек атақты, беделді, білімді азаматтар ырымын жасап, баланың аузына түкіргендей қимыл жасайды. Ол бар болғаны сенім. Баланың ата-анасы өтініш жасап, ол да сол адамдай болсын деп ырымдайды. Мысалы, белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың аузына ақын Мағжан Жұмабаев, атақты заңгер Еркін Баймурзиннің аузына нағашысы, қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов түкірген деседі. Сондықтан, ата-баба тарихынан келе жатқан ырымның астарынан гигиеналық кемшіліктер іздеудің қажеті жоқ", - дейді ол.
Айта кетейік, қазақстандық белгілі әншілердің бірі Мейрамбек Бесбаевтың да бала кезінде аузына композитор, әнші, Қазақстан халық әртісі Алтынбек Қоразбаев Нұрғиса Тілендиевке түкірткенін бірнеше сұхбатында айтқан болатын.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также