ПОДЕЛИТЬСЯ
26 января 2022 | 10:53
"Бекер қорсылдадың". Журналиспен дөрекі сөйлескен шенеуніктер
Кешеден бері БАҚ АҚШ президенті Джо Байденнің журналиске тіл тигізгенін жарыса жазып жатыр. Президенттер мен басқа да шенеуніктердің журналиске дөрекі сөйлеуі алғаш емес. Ондай жағдай Қазақстанда да болған. Tengrinews.kz тілшісі осындай оқиғаларды еске түсірді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кешеден бері БАҚ АҚШ президенті Джо Байденнің журналиске тіл тигізгенін жарыса жазып жатыр. Президенттер мен басқа да шенеуніктердің журналиске дөрекі сөйлеуі алғаш емес. Ондай жағдай Қазақстанда да болған. Tengrinews.kz тілшісі осындай оқиғаларды еске түсірді.
АҚШ президенті журналиске тіл тигізді
АҚШ президенті Джо Байден Fox News телеарнасының журналисі туралы дөрекі сөзге жол берді. Reuters мәліметінше, оқиға саясаткердің Ақ үйдегі мәлімдемесінен кейін болған, ол мұнда Бәсекелестікті қорғау жөніндегі кеңес кездесуіне қатысқан. Байден мен әкімшілік өкілдері кіріспе сөз сөйлеген, осыдан кейін БАҚ өкілдерінен шығу сұралған. Кейін репортерлер өз сұрақтарын айғайлап қоя бастаған.
"Инфляция туралы сұраққа жауап бересіз бе? Инфляцияны сайлау қарсаңындағы саяси астары бар деп есептейсіз бе?" - деп сұрақ қойды осы кезде Fox News журналисі Питер Дуси.
Байден "құнды" ескерту алғанын айтып, мысқылмен жауап берген.
"Бұл зор құндылық. Үлкен инфляциялар", - деген америкалық лидер журналиске дөрекі сөз айтты.
Соған қарағанда, Байден микрофоны өшті деп ойласа керек, бірақ оқиға эфирге шығып кеткен.
Байденнің қызметі туралы ақпарат таратып жүрген Дуси шараларда президентке көптеп скептикалық және сыни сұрақтар қоятыны айтылады.
"Бекер қорсылдап отырсыз"
2020 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің де журналиске дөрекі сөйлегені Желіде қызу талқыланған. Сол кезде Путин ТАСС агенттігінің журналисі Андрей Ванденкоға сұхбат берген еді. Журналист Путиннен немерелері үшін кім беделді екенін сұраған.
"Олар әлі кішкентай. Қызым немерелерімнің бірін өмірді үйретіп жатыр", - деп жауап берді. Ал Ванденко қай қызы екенін сұраған. Президент "Не айырмашылығы бар?" деп жауап қатты.
Артынша журналист "ой" деп жөтелген еді. "Бекер қорсылдап отырсыз" деп Путин дүрсе қойды. Оған журналист "қорсылдап отырмағанын, жөтеліп жатқанын" айтқан. Сұхбаттың видеосы 2020 жылы 7 қазанда Путиннің туған күнінде жарияланды. Сол сәттің видеосын 2:16 минутта көруге болады.
Экс-президенттер де журналистерге шүйліккен
2018 жылы екі бірдей президент журналистермен қарым-қатынасы үшін Желіде қызу талқыланған. Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауға қатысты брифинг барысында CNN телеарнасының журналисі Джим Акостаға ашуланған. Журналист мигранттарға қатысты сұрақ қойған еді.
"Мен елді басқарайын, сіз CNN-де жұмыс істеңіз... Болды", - деп жауап берді Трамп.
Кейін Акоста Ресей туралы сұрақ қойған. Сол кезде экс-президент қатты ашуланды.
"Ресейдегі тергеумен мені ештеңе байланыстырмайды, себебі оның бәрі жалған. Болды, микрафонды қойыңыз. CNN сіз секілді жұмысшысы үшін ұялуы қажет. Сіз дөрекі, жаман адамсыз. CNN-де жұмыс істемеуіңіз керек", - деді Трамп.
Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко 2018 жылы журналистің сұрағына жауап бермей, көптің талқысына түскен. Сол кезде журналист Иван Казора президенттен сайлауалды уәделері туралы сұраған.
Порошенко сұрақты естіген бойда журналистің қолынан микрофонды қағып жіберген, кейін президенттің күзетшілері Казораның жолын жауып тастаған.
Кейін Казора Facebook желісіндегі парақшасында осы оқиғаның видеосын жариялаған.
"Петр Порошенко микрофонды ұстап, бар күшімен төмен түсірді. Ол маған не айтып жатқаны естілмеуі үшін микрофонды ұстап тұрды", - деп жазды кейін журналист.
Украина депутаты журналиске былапыт сөз жаудырды
Украиналық депутат Илья Киваның да былтыр басы дауға қалғаны бар. Жоғарғы Рада кулуарында Bihus.Іnfo журналисі Даниил Мокрик депутаттан ақша жымқыру туралы сұраған. Бұл сұрақ Киваға ұнамай қалған секілді. Бірден дөрекі жауап берді. Түрлі былапыт сөз айтып, журналисті "гомосексуал және жемқорға" жұмыс істейді деп айыптаған.
Журналист болса Илья Киваға "оның салығына өмір сүріп жатқанын" еске салды.
Бұл әңгіменің видеосын Pavlovsky News YouTube-каналы жариялады.
Мұндай жағдайлар Қазақстанда да болған
Журналиспен дөрекі сөйлесу Қазақстанда да жиі тіркеліп тұратын жайт. Мысалы, ұлттық экономика вице-министрі болған Серік Жұманғариннің қазақстандық телеарналарға сұхбат беріп тұрған сәтінде түсірілген видео жарияланған еді. Журналистер вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған, осыған ол ашулана жауап беріп, олардың басқа шараға келгенін түсіндірген.
"Жынымды келтірмеңізші", - деген еді Жұманғарин сол кезде.
Журналиспен дөрекі сөйлескендер туралы айтсақ еске Талғат Мұсабаев түсетін шығар. Ол "Қазғарыш" ұлттық агенттігінің төрағасы қызметінде болған кезде шұғыл отырыстан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беруге шыққан.
Сол сәтте "КТК" телеарнасының журналисі "Қазғарыш" басшысына сұхбат беру үшін қайда тұру керегін нұсқаған. Оның бұл әрекеті Мұсабаевқа ұнамай, журналиске өктем сөйлеп тастады.
"Бұл не өзі? Онда басыма шық! Маған қайда тұру керек екенін көрсететіндей сен кімсің?", - деген еді Мұсабаев.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также