21 июля 2021 | 12:49

"Бетін қызған шанышқымен күйдірген". Түркістан облысындағы сұмдық жайтқа полиция пікір білдірді

Фото: instagram.com/gulmir_ktk

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайынәпкесі мен келінінің арасында туған дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайынәпкесі мен келінінің арасында туған дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға туралы КТК телеарнасының журналисі Гүлмира Әбіқай Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Фотодағы 40-қа толмаған келіншек. Есімі Гүлзира. Газ-плитаны жумадың деп күйеуі емес.  Қайын әпкесі шанышқыны отқа қыздырып бетіне басқан. Оқиға Түркістан облысында болды. Гүлзира туғаннан ақыл-есі кеміс, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды, кім не айтса соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы бала кезде қайтыс болған жетім қыз. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланың анасы. Адам баласының көзіне тіке қарай алмайтын, өз сөзін жеткізе алмайтын келінге бәрінен бұрын қайын әпкесі Бағила қуанғандай. Гүлзира бәрін істейді, шаршау не қарын ашу дегенді білмейді, құдды робот", - деп жазды журналист.

Реклама
Реклама

Журналистің сөзінше, бұл оқиға туралы Гүлзираның сіңлісі кездейсоқ келіп, біліп қалған.

"Беті көлкіп таңба басылғанымен не мазь жақпаған, не ешкімге көрсетпеген. Онсыз да мойны ырғайдай, биті торғайдай болған әпкесіне жаны ашыған сіңлісі кішкентай баласымен қосып алып кетеді. "Ауруханаға апарғанымен ешкім полиция шақырмады" дейді Гүлдарина", - деп жазды журналист. 

Түркістан облысының Полиция департаментінің мәліметінше, желіге жарияланған жазба бірден назарға алынып, қажет шаралар атқарылып жатыр.

"Негізі бүгінге дейін Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған және хабарлама түсірмеген. Десе де бұл жайт ТО ПД бастығының жеке бақылауына алынды. Отырар АПБ полицейлермен заң аясындағы тексеру жұмыстарының барлығы іске асырылып жатыр. Қосымша хабарлайтын боламыз", - деді ПД өкілдері. 

Көп ұзамай Желіде Гүлзираның қайынәпкесі Бағиланың халықтан кешірім сұраған видеосы тарады.

Видеода ол "бұл әрекетті байқамай жасағанын" айтады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная