Биік өкшемен, мысықпен және қазақша стильде. Қолданушылар жаңа челленджді қалай орындап жатыр

Камила Долаева Корреспондент

Желі қолданушылары күні кеше ғаламторды шулатқан челленджді қабылдап, бөтелке ашудың түрлі жолын көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желі қолданушылары күні кеше ғаламторды шулатқан челленджді қабылдап, бөтелке ашудың түрлі жолын көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңа спорттық челлендждің басты талабы - аяқпен соққы жасау арқылы шөлмектің аузын бұрап ашу. Instagram желісінде #bottlecapchallenge хэштегімен 18 мыңнан аса жарияланым көруге болады. Онда бірі челлендж талабын бұлжытпай орындаса, екіншісі оны әзілмен орындаған. Бөтелке ашудың басқа да жолдарын көрсеткендер бар. 

Мысалы мына баскетболшы қақпақты доппен ашқан. 

Реклама
Реклама

Ал өздерін CantoMando деп атайтын канадалық, америкалық блогерлер челленджді вайнға айналдырған. Бірі аяғымен бөтелке қақпағын ашқалы жатқанда екіншісі анасы сияқты киініп алып, "сабақ оқы" деп жігітті ұрады. 

Ал төмендегі видео авторы қақпақ ашамын деп мүлде қиналмаған. 

Бу есімді мысық та челленджді қолдады.

Әзілкеш Marco Luque те челлендждің өз нұсқасын түсірді. 

Канадалық механик Риан Нироп челленджге қайрақты қолданған. 

"Рубин" футбол командасының спортшысы да допты теуіп бөтелкені аша алды.

Танымал блогер балықшы Hunter Shryock қақпақты қармақпен-ақ ашты. 

Ал мына украиналық желі қолданушысы челленджді итімен орындаған.

Челленджді тенисшілер де жақсы қабылдады.

Челлендждің тағы бірнеше нұсқасы.

Қазақстандық қолданушылар да челленджге қосылды.

Ал мына видеода челлендждің қазақша нұсқасы көрсетілген.

Еске салсақ, 26 маусымда қазақстандық Карен Пашикянның Instagram аккунтында видео пайда болды, онда спортшы челлендж ережесін түсіндірген және ролик түсіндірмесінде Джейсон Стэйтем және Конор Макгрегорды белгілеп қойған. Осыдан кейін бұл челлендж танымал адамдардың қолдауымен желіні шулатты. 

Tengrinews
Вопрос от автора
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама