28 июня 2018 | 21:38

Бүйрегін мұқтаж жанға берген жігіт махаббатын Интернеттен тапты

© pixabay.com

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Менің құтқарушым" тақырыбы қозғалды. Бейтаныс қызға өз бүйрегін берген донор жігіт Абзал келді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Менің құтқарушым" тақырыбы қозғалды. Бейтаныс қызға өз бүйрегін берген донор жігіт Абзал келді. 

Ол бағдарламада қызына бүйрегін іздеп, жылаған анаға көмектесуге бел буған. Абзалдың айтуынша, ол біреуге өмір сыйлағысы келген. Қазір денсаулығым жақсы деген жігіт жақын арада отбасылы болатынын да айта кетті.

Реклама
Реклама

Ток-шоу жүргізушілері абзал жігіт Абзалдың болашақ жары Айгеріммен Skype арқылы байланысқа шықты. Айгерімнің сөзіне сүйенсек, Абзалды ол алғаш әлеуметтік желіден жасаған ерлігін көріп таң қалған екен. Кейінірек осындай батыр жүрек иесі Абзалмен араласпақ мақсатта "ВКонтакте" желісіндегі парақшасын тауып алып, алғаш достықты өзі ұсыныпты. Достықты қабыл алған Абзал уақыт өте Айгеріммен көңіл жарастырып, таныстық кездесуге, кездесу отбасы болуға дейін әкелген екен. 

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная