ПОДЕЛИТЬСЯ
28 октября 2020 | 13:29
"Бізсіз не істей аласыздар". Желіде Kaspi.kz туралы әзілдер тарады
Kaspi.kz сайтында қазақстандықтардың бірінің картасындағы ақшасы көбейіп кетсе, тағы бірінде азайып қалған. Кейбірінде миллион теңгеге дейін ақша тұрған. Кейін Kaspi өкілдері мұның бәрі техникалық ақау екенін хабарлады. Қазір Желіде осы жағдайға байланысты түрлі әзіл тарап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайға қатысты желі қолданушыларының пікірлері мен әзілдерін жинап шықты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Kaspi.kz сайтында қазақстандықтардың бірінің картасындағы ақшасы көбейіп кетсе, тағы бірінде азайып қалған. Кейбірінде миллион теңгеге дейін ақша тұрған. Кейін Kaspi өкілдері мұның бәрі техникалық ақау екенін хабарлады. Қазір Желіде осы жағдайға байланысты түрлі әзіл тарап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайға қатысты желі қолданушыларының пікірлері мен әзілдерін жинап шықты.
Қазір Kaspi.kz қосымшасында кейбір қазақстандық барлық ақшасынан айырылса, бірі миллионер болып отыр. Бірақ банктергілер мұнытез уақытта жоюға уәде берді.
"Өкініше қарай, Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болып жатыр! Картамен төлеу, банкоматтарда картаға ақша салу немесе оны жіберу, сондай-ақ, ақша аударымдарын жасау уақытша мүмкін болмай тұр. Біз бұл ақауды тезірек жоюға тырысып жатырмыз. Кешірім сұраймыз", - деді Kaspi.kz өкілдері.
Көп ұзамай желіде мұның бәрі кибершабуыл екені айтылған хабарлама тарады. Онда киберұрылар қазақстандықтардың картасынан 79 миллион теңге тонағаны туралы айтылады.
Бірақ Kaspi.kz мұны жоққа шығарды.
"Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі", - деді Kaspi.kz өкілдері.
Қазір Kaspi.kz сайты арқылы ешқандай операция жасауға болмайды. Ал кейбір желі қолданушысы шотында тұрған ақшаны несиесін жабу үшін сақтап отыр екен. Енді уақытында төлей алмай қаламын ба деп уайымдап отыр.
"31 күні кредит төлеу керек. Түспей қалмай ма ақшамыз?", - дейді бірі.
Ал тағы бірі бүгін шотындағы ақшаны басқа адамдарға беруі керек екен.
"Менде біраз адамның ақшасы бар еді. Бүгін таңертең беруім керек еді. 460 мыңдай ақша. Каспий банк -31 999 теңге деп көрсетіп тұр".
"Менің бірге оқыған танысыма 995 миллион түсіпті. 1 миллиардқа жуық теңге қайдан түсті деп есі шығып отыр".
"Таңертең таксиге 500 теңге төлейін десем, 970 000 теңге тұр. Зейнетақы қорынан ба деп ойланып қалдым", - дейді бірі.
Қазір шоттағы ақша қайтарылып жатыр екен.
"Барлығы орнына келді, мен тексердім, депозитке салған ақшам да орнына келді. Қазір каспий голдпен жұмыс істеп жатырмын", - дейді тағы бір желі қолданушысы.
Сонымен қатар, желіде осы жағдайға қатысты түрлі әзіл тарап жатыр. Мысалы, Kaspi.kz қосымшасынан жасалған скриншот тараған. Онда белгісіз бір адамның шотында бір миллиард теңгеге жуық ақша тұр.
"Мына адам 15-20 минутқа болса да бақытты шығар", - деп қалжыңдайды қазақстандықтар.
Қазақстандықтар төлемақыны Kaspi.kz қосымшасы арқылы жасауға үйреніп қалған секілді.
Бірі мұны Борат жасады деп қалжыңдаған.
Facebook желісінде де осы жағдайға байланысты түрлі әзіл тарап жатыр.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также