03 сентября 2018 | 17:19

Чехиялық қазақтар: өмірі, табысы және қиындықтары

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
© Pixabay.com

Чех Республикасы Еуропаның дәл ортасында орналасқан. 1993 жылы Чехословакия бейбіт түрде екіге бөлінгенде Словакия және Чех республикалары пайда болған. Ашық мәліметтерге сүйенсек, онда 12 миллионнан аса халық тұрады екен. Ал орталықтары - Прага, Брно және Острава каласы саналады. Чехия - бір ұлтты мемлекет, халқының 95 пайызға жуығы чехтар. Десе де, туристер саны жылдан-жылға артып жатыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Чех Республикасы Еуропаның дәл ортасында орналасқан. 1993 жылы Чехословакия бейбіт түрде екіге бөлінгенде Словакия және Чех республикалары пайда болған. Ашық мәліметтерге сүйенсек, онда 12 миллионнан аса халық тұрады екен. Ал орталықтары - Прага, Брно және Острава каласы саналады. Чехия - бір ұлтты мемлекет, халқының 95 пайызға жуығы чехтар. Десе де, туристер саны жылдан-жылға артып жатыр. 

Тек туристер емес, арман қуып, білім іздеп келген студенттер де жетерлік. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісіне Чехияда оқитын және тұратын қазақстандықтар қалай оқуға түскенін, білім беру жүйесі мен тіршілігін айтып берді.

Реклама
Реклама


Асқар Төлеутай, Прага қаласы. © Жеке мұрағаттан

Жақын арада Асқар Төлеутайдың Чехияда жүргеніне 5 жыл толады. Ол Чех Агротехникалық университетін Қоғамдық басқару және өңірлік даму мамандығы бойынша чех тілінде бітіріп, қазір сол жерде екінші жыл магистратурада оқып жатыр. Университет Прагада орналасқан екен. Асқардың айтуынша, чех тілін меңгерген шетелдік азамат мұнда жұмысқа оңай орналаса алады. 

"Ең бастысы тәртіп және қоршаған ортаң. Чех тілін меңгерген және өзге елден келген қабілетті азаматтар мұнда   жұмысқа оңай орналасуға мүмкіндігі бар. Әлемнің барлық жері секілді ағылшын тілін меңгерсе де, бұл елде ол қосымша тіл ретінде қажет. Онда көбіне чех тілінде сөйлейді, бірақ тұрғындардың 60 пайызы ауызша деңгейде ағылшынша және 30-40 пайызы немісше біледі. Ал орысша түсінісу қиынға соғады, себебі ересектердің (35 жастан бастап) 20-30 пайызы ғана тілді меңгерген. Орыс тілді туристер көп. ТМД елдерінен келгендер де аз емес. Чехияға көшіп келу қажеті бар ма, білмеймін, бірақ ол адамның жеке қабілеті мен келешек жоспарына байланысты деп ойлаймын", - дейді ол. 


Чехия, Прага 

Асқар Төлеутай Прагада екі қазақстандықпен бірге үш бөлмелі пәтер жалдап тұрады. Оқып қана қоймай, жұмыс та істейді екен. 

"Чехияда жергілікті халықтың орташа айлық табысы 900-1000 еуро. Үшеуміз үш бөлмелі пәтерге айына шамамен 1000 доллар төлейміз. Әрине, пәтер бағасы түрлі факторға байланысты, орналасқан жері, қанша бөлмелі және басқа жағдайлары бар. Біздің үй Праганың тыныш, жақсы жерінде орналасқан. Сабақтан бөлек жеке кәсіппен айналысамын. Жұмыс арасында корпоративтік фирмаларда өзімді сынаймын", - дейді Асқар. 


Асқар Төлеутай жұмысында. © Жеке мұрағаттан

Қазақстандық жігіт 5 тілді меңгерген екен. Олар: қазақ, орыс, ағылшын, түрік және чех тілдері. Оның айтуынша, Чех республикасында шетелдіктерге арналған оқудың екі түрі бар.

"Біріншісі - чех тілінде білім алу. Ол мемлекеттік жоғары оқу орындарында тегін. Чехияда бакалавр 3 жылға созылады. Ал жергілікті тіліді алдын ала үйрену үшін 6-12 ай уақыт кетеді. Оны елдегі тіл орталықтарында үйретеді. Бағасы жылына шамамен 3500-5000 еуро. 

Екіншісі - ағылшын тілінде білім алу. Ол Чехияда толығымен ақылы жүреді, оның да бакалавры 3 жылға созылады. Ағылшынша оқу орташа есеппен жылына 2000-3000 доллар тұрады", - дейді қазақстандық жігіт. 


Чехия, Прага қаласы

Чехия сыра, хрусталь және Праганың терең тарихымен белгілі. Ол Карловы Вары, Марианске-Лазне және басқа қалашықтарда орналасқан курорт орындары мен шипажайларымен танымал. Онда ТМД елдерінен келгендер көп болса да менталитеттегі айырмашылық бәрібір байқалатынын айтады Асқар Төлеутай. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанның әрбір азаматы шетелде жүргенде үйдің тамағын сағынады. 

"Мысалы еуропалық десе, оларды автомат түрде мәдениетті, тәрбиелі адам деп айтпас едім. Әр елдің өзіндік ерекшелігі мен кемшілігі бар. Онсыз болмайды да. Бәрібір менталитетте айырмашылық байқалады. Чехияда түрлі ел тағамдарының дәмін татса болады. Чех, Вьетнам, Қытай, Мексика, Үндістан және басқа елдердің ас үйін байқауға мүмкіндік бар. Бірақ менің ойымша, Қазақстанның әрбір азаматы шетелде жүргенде үйдің тамағын сағынады", - дейді ол. 

Чех республикасында қазақстандықтар аз емес екен. Олардың басын қосатын арнайы Тарлан деген ұйым құрылыпты. 

"Тарлан деген ұйым бар. Онда қазақстандықтар ұлттық мейрамдарда жиналып, кездесулер ұйымдастырып тұрамыз. Чехияда қалып қалған отандастарымды да кездестірдім, бірақ ондағылардың көбі Қазақстанға оралады екен. Мен де оқуымды бітірген соң, Құдай қаласа, елге ораламын, бірақ алдымен осында 1-2 жыл жұмыс істегім келеді, ал кейін Қазақстанда бағымды сынап көруді жоспарлап отырмын", - дейді отандасымыз.  


Нұргүл Жанаділова Прага қаласында © Жеке мұрағаттан

Ал алматылық Нұргүл Жанаділова екінші жыл Чехия астанасы Прагада тұрады. 20 жастағы қыз Czech university of life science университетінде бизнесті басқару мамандығы бойыша оқиды екен. Ол қазақстандықтар мен чех тұрғындарынан аса айырмашылық байқамапты.

"Мектеп бітірерде Прагаға қыдырып барғанмын, қала ұнап қалды, кейін осында оқуға түсуге бел будым. Қазір ақылы түрде оқимын, себебі ағылшын тілінде білім аламын. Прага өте әдемі, туристік қала, сәулеті де керемет. Мұнда қазақстандықтар көп. Ұзақ уақыт бойы тұратындар да, мен сияқты оқуға келгендер де бар. Тамақтары да біздікіне ұқсас. Қазақстанда тұтынатын тағамдардың көбі кездеседі. Ал бағасы қымбатырақ, бірақ өте қымбат деп айта алмаймын. Тұрғындары қонақжай, мейірімді, бірақ біз, шетелдіктер, Чехияға тұруға келсек, чех тілінде сөйлегенімізді қалайды. Себебі онда, әсіресе, шағын қалаларда тұрғындар ағылшынша сөйлемейді. Оларға жұмыс іздеп, білім алу үшін жан-жақтан келген адамдармен түсінісу қиынға соғады. Ал ірі қалаларда мұндай қиындық туындамайды. Бұдан басқа айырмашылық байқамадым", - дейді қазақстандық қыз. 


Прага қаласы. © Нұргүл Жанаділованың жеке мұрағатынан

Нұргүл Чехияда білім беру жүйесі жақсы екенін айтады.

"Чехияда мүмкіндік көп, білікті мұғалімдер сабақ береді, университет аяқтағаннан кейін халықаралық дәрежедегі диплом ала алады. Ағылшын тілін жаттықтыруға арналған таптырмас ел. Оқуымды аяқтағаннан кейін Чехияда қалу-қалмауды шешкен жоқпын, бірақ Қазақстанға оралатын шығармын, себебі онда менің отбасым бар", -дейді ол. 

 


Прага қаласы. © Нұргүл Жанаділованың жеке мұрағатынан 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная