09 ноября 2023 | 11:19

"Дизайнерлер ою-өрнек қолдануды білмейді". 20 жылдан бері кілем тоқумен айналысатын шебермен сұхбат

Фото: жеке архив

Бұлбұл Кәпқызы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы Баян-нұр елдімекенінде дүниеге келіп, Қазақстанға көшіп келген қолөнер шебері. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы "Nomad" қолөнер орталығында этнограф болып қызмет атқарады. Өрмек өрумен айналысатын қолөнер шебері кәсібі мен ою-өрнектің қолданылу ерекшелігі туралы Massaget.kz тілшісіне айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұлбұл Кәпқызы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы Баян-нұр елдімекенінде дүниеге келіп, Қазақстанға көшіп келген қолөнер шебері. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы "Nomad" қолөнер орталығында этнограф болып қызмет атқарады. Өрмек өрумен айналысатын қолөнер шебері кәсібі мен ою-өрнектің қолданылу ерекшелігі туралы Massaget.kz тілшісіне айтып берді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Анамнан үйрендім"

Реклама
Реклама

Ол Моңғолиядан атажұртқа 20 жыл бұрын көшіп келген.

"Балалық шағым Монғолияда өтті. Мектеп бітірген соң есепші мамандығын меңгердім. Киіз үйде өсіп, сол жерге келін болып түстік. Нағыз қазақи өмірде өскендіктен, осы іс бұйымдар жасауға жақын болдық. Әжеміз бен анамыздың арқасында тұрмыста қажетті істердің бәрін меңгердім. Бала күнімнен қолөнерге қызығамын. Соның ішінде анам Егеухан Мұхамәдиқызынан терме, киіз тоқу, тоқыма мен кесте өнерін үйрендім. Әрбір бұйымымның ерекшелігі сол шашақталып кетеді. Себебі қазақ дүниені түйіндемеген. Мұның артында әрі қарай өнер жалғасып, ұрпағым өсіп-өнсін деген ниет жатыр. Қазіргі таңда осы өнермен заманауи үлгіде айналысып жүрмін", - деді ол.

@bulbulkapkyzy Өнер адамды тылсым таңғажайып әлемге жетелейтін ұлы күш иесі !! #БұлбұлКәпқызы #мәдениет #өнер #қазақ ♬ оригинальный звук - Bulbulkapkyzy

Оның айтуынша, отыз жасында жолдасы қайтыс болған. Он жылдай үш баласын асырау үшін көлік жүргізіп, адам тасыған.

"Негізгі мамандығым - экономист-есепші. Қазақстанға келген соң аяққа тұрып, балаларымды асырау керек болды. Мамандығым бойынша жұмысқа тұра алмадым. Себебі орыс тілін жетік білмедім. Сөйтіп,үш азаматты оқытып, жоғары білім беру үшін көлік айдадым. Неге бұл қызметті таңдады десеңіз, балаларымды сабаққа, үйірмелерге апарып, әкелу керек болды. Басқа жұмысқа кірсем, оларға көңіл бөле алмай қалатын едім. Сол үшін такси қызметінде жүріп, өз-өзіме қожайын болдым. Кенже ұлым 10-сынып бітіргенше жүрдім. 2015 жылдан бастап, сүйікті ісім қолөнермен шұғылданып, әрі қарай тереңдей бердім. Қазір кенжелеп қалғандықтан адамдардың қызығушылығы көп болды", - деді Бұлбұл Кәпқызы.

"Сұраныс көп түседі"

Бұлбұл Кәпқызының айтуынша, осы салада орталықтан этнограф болуға ұсыныс түскен.

"Алматыдағы Шамалған селосында "Nomad" ат спортын жандандырып жүрген ұлттық орталық бар. Сол орталықтың басшылары маған этнограф болып жұмыс істеуге ұсыныс айтты. Сүйікті жұмысым болғандықтан қуана қабылдадым. Бірақ бұл бағытта жүйелі жұмыс жасау үшін білім алу керегін түсіндім. Сөйтіп, Қазақ ұлттық Қыздар университетіндегі өнер және менеджмент факультетіне түсіп, қосымша білім алдым. Бұл саланы білгендіктен, мұны үйреніп, әрі қарай дамыту маған қиын болмады. 2018 жылы ЮНЕСКО-ның "Сапа" белгісінің иегері атандым", - деді қолөнер шебері.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная