ПОДЕЛИТЬСЯ
16 августа 2019 | 17:22
Еден жуып жатып ән айтқан қыз желі қолданушыларын тәнті етті
Instagram желісінде еден жуып жатып ән айтқан қыз интернет қолданушыларын тәнті етті. Tengrinews.kz тілшісі ерекше дауыс иесінің кім екенін анықтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Instagram желісінде еден жуып жатып ән айтқан қыз интернет қолданушыларын тәнті етті. Tengrinews.kz тілшісі ерекше дауыс иесінің кім екенін анықтады.
Видео кейіпкері қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Клара Төленбаева мен Медет Салықовтың қызы екен. Есімі - Ай-Керім Тілеубек. Биыл ол алтыншы сыныпқа көшкен. Медет Салықовтың айтуынша, бұл видео шамамен бір жұл бұрын түсірілген. Видеода Ай-Керім Ресей әншісі Полина Гагаринаның "Кукушка" әнін орындаған. Ал әлеуметтік желіге өзінің парақшасына салғаннан кейін тарап кеткен.
"Мен бұл видеоны әдейі жасырын камера түрінде түсірдім. Жүрекпен айтып жатқаннан кейін түсіріп алдым. Себебі, қызым өзін тікелей түсірсем ұялып, ән айтпай қояды", - дейді Медет Салықов.
Медеттің айтуынша, Ай-Керім өнерден алыс емес. Бұрыннан көптеген халықаралық байқауға қатысып, лауреат атанып жүрген.
© instagram.com/aikerymmedetkyzy
"Жақында ғана Ақтөбеде "Бақытты бала" деген халықаралық байқау болды. Әлемнің 12 елінен келген балалар қатысты. Сол жерде гранп-при иегері атанып, бір миллион теңге ұтып алды", - дейді әнші.
Желі қолданушыларының бірі "Не деген дауыс! Керемет!" деп таңғалып жатса, ендігі бірі "Жарайсың, әнін де айтты, еденін де жуып алды" деп әзілдеп пікір қалдырған екен.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген "Бақытты бала" халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Ай-Керім Тілеубекті өзінің кезекті концертінде өнер көрсетуге шақырған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также