10 сентября 2019 | 09:56

"Елге оралып тағы той жасаймыз" - АҚШ-та үйленген қазақстандық жұп

© instagram.com/kz_in_usa

Берік пен Гүлсім - Алматы қаласының тумалары. Қазіргі таңда Америка құрама штаттарында білім алып, еңбек етіп жатыр. Жақында ғана олар үйлену тойын АҚШ-та атап өткен. Шетелде той жасау үшін қанша қаражат кетеді? Жалпы той қалай өтті? Tengrinews.kz тілшісі жас жұбайлардан сұрап көрді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Берік пен Гүлсім - Алматы қаласының тумалары. Қазіргі таңда Америка құрама штаттарында білім алып, еңбек етіп жатыр. Жақында ғана олар үйлену тойын АҚШ-та атап өткен. Шетелде той жасау үшін қанша қаражат кетеді? Жалпы той қалай өтті? Tengrinews.kz тілшісі жас жұбайлардан сұрап көрді. 

Той Вирджиния штатының Арлингтон қаласында 6 қыркүйекте өткен. Үйлену тойы Millenium кешенінің пентхаусында болған. 

Реклама
Реклама

Беріктің айтуынша, ол болашақ жарымен Америка құрама штаттарында оқып жүрген кезінде танысқан. 

"Мен де, жұбайым да АҚШ-та оқу бабымен жүрген болатынбыз. Маған өз мамандығым бойынша магистратура бағдарламасына оқуға түсу үшін математикадан GRE емтиханын тапсыру қажет болды. Емтиханға репетитормен дайындалуға бел будым. Шешім қабылдағаннан кейін, Гүлсім де Whatsapp-тағы Kazakhs in LA деген топқа математикадан емтиханға дайындайтынын, математикалық сауатты көтеруге көмектесетінін айтып, өз хабарламасын тіркеді. Мен бірден "мен келе жатырмын" деп жауап жібердім. Солай арамызда таныстық орнады", - дейді Берік.


Фото © Нұрғалиев Диас

Жас жұптың сөзінше, той Беріктің Америкада оқуы себебінен құрама штаттарда болған. 

"Бұл шешімді біз қабылдамадық. Менің оқуыма байланысты мен АҚШ-тан кете алмадым. Сондықтан той Америкада өтті. Негізі, оқуымның оңай еместігіне байланысты барлығын тыныш, екеуміз ғана, некені заңды түрде және мұсылманша тіркеп, қоя саламыз деп ойлағанбыз. Бірақ, туыстарымыз барлығын біз үшін ойластырып, тойды да жасап берді. Сол үшін оларға алғысымыз шексіз", - дейді Берік.

Тойда адам саны аз болған. Гүлсімнің айтуынша, балаларды қоспағанда, жалпы 20 шақты адам болған. Тойды басынан аяғына дейін аға-әпкелері ұйымдастырған. 

"Тойға нақты қанша қаражат кеткенін айта алмаймыз. Себебі той басынан аяғына дейін ағам мен тәтемнің ұйымдастыруы бойынша өтті. Тойдың басы, ортасы, тост беру рәсімі, сонымен қатар, шығын да сол кісілердің мойнында болды. Мен тек неке қию рәсіміне ғана шығындалдым", - дейді Берік.


Фото © Нұрғалиев Диас

Беріктің айтуынша, заң бойынша неке қиюға 35 доллар, мұсылманша неке қиюға 350 доллар жұмсаған.

"Сонымен бірге, қалыңдық көйлегіне ғана шығындандым. Жұбайым өте қарапайым болғандықтан, оған да көп қаражат кетті деп айта алмаймын. Көйлекті 200 долларға алдық", - дейді Берік. 

Беріктің айтуынша, Америкадағы оқуын тәмамдағаннан кейін, елге оралып қызмет етеді екен. 

"Магистратурада еліміздегі "Болашақ" бағдарламасы аясында оқып жатырмын. Оған қоса қазақта "Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол" деген сөз бар ғой. Бар жинаған білімімді, шетелде көрген-білгенімді елге оралып, елімнің дамуына үлес қосқым келеді", - дейді Берік. 


Фото © Нұрғалиев Диас

Жас жұптың айтуынша, олар елге оралып, туыстарына той жасап беру жоспарда бар екен. 

"Отбасы құрғанымызға туыстарымыз өте қатты қуанып жатыр. "Сен де өз қуанышыңмен оқуыңды бітіргеннен кейін бізбен бөлісу керексің" деп оқуымның аяқталғанын асыға күтіп жүр. Елге оралып, туыстарымызға той жасап беру жоспарда бар. Себебі, қазақ - өте кең, бауырмал халық қой. Біз келіп жасамасақ, туыстарымыздың өзі бізден сұрамастан той жасайын деп тұр", - дейді олар.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная