01 августа 2019 | 10:49

"Еліме оралып, қызмет етемін" - Ұлыбританияда білім алып жатқан Әлия Темірхан

© Әлия Темірхан

Бүгінгі таңда елімізде білім іздеп, еңбек қуған жандарға қай салада болсын жол ашық. Тіпті, әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, қызмет етіп жүрген отандастарымыз да бар. Өзінің Ұлыбританиядағы өмірі туралы Әлия Темірхан Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінгі таңда елімізде білім іздеп, еңбек қуған жандарға қай салада болсын жол ашық. Тіпті, әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, қызмет етіп жүрген отандастарымыз да бар. Өзінің Ұлыбританиядағы өмірі туралы Әлия Темірхан Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

Әлия докторантура бағдарламасы бойынша Абердин университетінің химиялық инженерия бағыты бойынша білім алып жүр. Ол Шотландияның Абердин қаласында орналасқан. Әлияның Ұлыбританияда өмір сүріп жатқанына үш жыл болған.

Реклама
Реклама

"Бұл жердегі оқу жүйесі менің көңілімнен шығады. Себебі оқу кестесін өзіңіз таңдауға мүмкіндігіңіз болады", - дейді Әлия.

Әлияның айтуынша, білім алатын оқу орнында емтихан тапсыру жүйесі жоқ екен. Тек әр жылдың соңында атқарылған жұмыстар жайлы жылдық есеп өткіземін дейді ол.

"Шетелге оқуға түсерде менде ешқандай қорқыныш болған жоқ. Себебі, оның алдында менде шетелде тұру тәжірибем болған. Тіл жағынан қиындау болғаны рас. Себебі шотландиялықтардың акценттерін түсіну қиын болды. Бірақ қазір үйрендім", - дейді ол.

Сондай-ақ мұндағы мұғалімдер егер сіздің шетелдік студент екеніңізді байқаса сізге түсіністікпен қарайды дейді Әлия. Қазіргі таңда Әлия оқудан бөлек жұмыс та істеп жүр.

"Жұмысқа тұру қиынға соққан жоқ. Себебі маған бір жыл бұрын біздің оқу бөлімімізден шақырту түсті. Іріктеу кезеңінен өткеннен кейін мені жұмысқа қабылдады", - дейді ол.

Әлияның айтуынша, ол жоғарғы математикадан сабақ береді. Бұл үшін ол арнайы тренинг-курстарынан өткен. Сондай-ақ ол студенттерге химия пәнінен зертханалық жұмыстарды өткізіп, сабақ береді екен.

"Еңбекақыға келетін болсақ, бұл менің негізгі табыс көзім емес. Себебі мен "Болашақ" халықаралық бағдарламасының студентімін. Сондықтан менің негізгі мақсатым - білім алып, тәжірибелер жүргізу", - дейді Әлия.

Әлия оқуын тәмәмдағаннан кейін елге оралып, білім беру саласында қызмет етемін дейді ол. Ол бұл оқу орнында алған тәжірибем Қазақстандағы еңбек жолымда пайдасын тигізеді дейді.

Әлия шетелдегі өмірі туралы ойымен де бөлісті. Оның айтуынша мұндағы адамдар заңға адал екен.

"Әрине барлығы өмір сүріп жатқан еліңнің салт-дәстүрі, мәдениетіне байланысты ғой. Бірақ менің бір таңғалғаным мұндағы адамдардың заң тәртіптерін қатаң сақтауы. Бір жағдай болса керекті ұйымның сайтына кіріп, бірден түсінуге болады. Себебі барлығы түсінікті жазылған. Ол үшін сіз арнайы сол ұйымға барып, уақытыңызды өлтірмейсіз", - дейді ол.

Мұндағы мекемелерде ұзын-сонар кезекте тұрмайсыз. Керекті ұйымға алдан ала жазылып, сізге белгілеген уақытта келіп-кетесіз дейді Әлия. 

Сондай-ақ, Әлия шотландық ер адамдардың не үшін белдемше киетінін түсіндіріп берді. 

"Шотландиялық ер адамдар күнделікті өмірде белдемшелер киіп жүреді деген қате түсінік бар. Ежелде шотландықтар қауымға бөлінген. Қай қауымға жатса сол қауымның белгісін білдіретін белдемше киген. Ал күнделікті өмірде оны кимейді. Тек атаулы күндері ғана", - дейді ол.

Шотландия Ұлыбританияның солтүстігінде орналасқандықтан ауа райы салқын екен.

"Теңіздің жағалауы желді әрі салқын. Алайда ауа райының салқындығына қарамастан бұл жердегі адамдардың мінезі жайдары, үнемі көңілді әрі күліп жүреді", - дейі Әлия.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная