31 августа 2018 | 19:48

Еліміздің бизнесмен балалары табысы жайлы айтып берді

© childbrand.ua

Қазақстандық танымал, кішкентайынан өз кәсібі бар балалар қанша табыс табатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы олар бүгін Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық танымал, кішкентайынан өз кәсібі бар балалар қанша табыс табатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы олар бүгін Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында айтты.

Солардың бірі Әмір Шарапов - жас кәсіпкер, маркетолог, 19 жаста. Әмір 15 жасынан бастап кәсіппен айналысқан. Бүгінде ол жас кәсіпкерлер клубының негізін қалаушы. Ол өзінің кішкентайынан сабаққа қызығушылығы болмағандығын, сондай-ақ ҰБТ-дан төмен ұпай жинанағанын әңгімеледі. 

Реклама
Реклама

Ал көпшілікке "Аминка-Витаминка" деген атпен танылған Аминаның анасы Арай Малгаждар айына 1 миллион теңге шамасында қаржы табатынын айтты.

Skype арқылы байланысқа шыққан ол қызының табысын қайда және қалай жұмсайтынын да әңгімеледі. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда танымал актер Расул жайлы әкесі Ғалым қазіргі таңда баласының танымалдығы өзінен артық екенін жасырмады. 

Бағдарламаға келген Нұрмұғаммед Сембай өз күшімен еңбектеніп жүр. Промоутер болып қызмет жасап, 60 мың теңге қаражат жинаған. Болашақта ұялы телефон алу жоспарда екен. 

Айта кету керек, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная