10 ноября 2021 15:48

"Эмоциясын жасырған адам ауруға шалдығады". Психологпен сұхбат

Камила Долаева Корреспондент
Фото: Engin Akyurt/Pexels

Эмоциялық интеллект - адамның өзін және өзгенің эмоциясын дұрыс басқару қабілеті. Адамның жетістікке жетуі де көп жағдайда эмоциялық интелектке байланысты. Себебі айналаңмен қарым-қатынас орнату, жақсы араласып, сыйласа білу маңызды. Бұл туралы Insta-Live эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне психолог, эмоциялық интеллект сарапшысы Ермек Нұрымов айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эмоциялық интеллект - адамның өзін және өзгенің эмоциясын дұрыс басқару қабілеті. Адамның жетістікке жетуі де көп жағдайда эмоциялық интелектке байланысты. Себебі айналаңмен қарым-қатынас орнату, жақсы араласып, сыйласа білу маңызды. Бұл туралы Insta-Live эфирінде Tengrinews.kz тілшісіне психолог, эмоциялық интеллект сарапшысы Ермек Нұрымов айтып берді.

Психолог әлем танитын Марк Цукерберг пен Стив Джобс та эмоцияны басқаруды бірінші орынға қоятынын, олар өз өміріне бірінші кезекте "өзім жауаптымын" деп ойлайтынын айтты. 

Маманның айтуынша, адама екі ақыл болады - логикалық және эмоциялық. Осы екеуі арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда қиындықтар пайда болуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

Ермек Нұрымов отбасының бұзылу себебі де көбіне эмоциядан деген пікірде.  

"Себебі адам ең алдымен эмоцияға, ғашықтыққа, сезімге бірден бой алдырады. Логикалық ақылымызды төмен түсіріп, эмоциялық ақылды бірінші орынға қоямыз", - дейді ол. 

Ғалымдардың зерттеуіне қарайтын болсақ, АҚШ-тың Мичиган штатындағы университеттердің бірінде Шарлак деген психолог 70 студентке зерттеу жүргізген. Оларды арнайы жүрек қағысын, қысымын, жүйке жүйесін зерттейтін аппаратқа қосып, "Өмірде сен ренжіткен немесе сені ренжіткен адамды кешіре аласың ба, оған барып кешірім сұрайсың ба?" деген сұрақ қойған екен.

"Оның ішінде "өмірде маған қиянат жасағандар бар, ешкімді кешіре алмаймын" дегендердің жүрек, жүйке жүйесінің толқыны жоғары екені анықталған. 2-3 жылдан кейін сол адамдарды қайта зерттеген кезде, олардың инсультке, жүрек ауруына, басқа да бір невротикалық ауруларға шалдыққаны көрінеді. Психологтың айтуынша, себебі олар эмоциясын дұрыс басқара алмай, ренішін уақытында жібермеді.

Эмоция бейімделуге үйретеді. Эмоциялық интеллекттің төмен болуынан отбасында зорлық-зомбылық жасалады. Карантинде үйдегі кикілжің де осы эмоцияны басқара алмаудан", - дейді Ермек Нұрымов. 

Психолог эмоциясын басып тастайын адамдар туралы да айтты. Маманның сөзінше, кезінде жасырған эмоция қайтсе де сыртқа шығады, ол психосоматикалық ауруға айналуы да ғажап емес. Сол үшін бір нәрсе ұнамаса, айту керек, іште сақтамаған жөн. 

Маман эмоциялық интеллектті бала кезден қалыптастырудың маңызын айтты. 

"Ең дұрыс жолы, эмоциялық интеллектті қазір өзіңнен бастап реттеп, баласына беру. Ол дегеніміз баланың сұрағына, өтінішіне толыққанды жауап беру, түсіндіру. Жұмыстан шаршап келдім деп оны кейінге қалдырса, баланың ішінде сұрақ қалып қояды. Ал бір нәрсеге рұқсат бермей жатса, мысалы телефон ұстауға, оның зиян екенін түсіндіру маңызды. Себебі жай бермей қойған жағдайда бала жылағысы келеді, бірақ жылай алмайды, ренжиді, өкініш іште қалады, содан бала ақырындап тұйықтала бастайды", - дейді ол.

Ермек Нұрымов бала өзіне сенімді, батыл болып өсуі үшін оны қолпаштап, қолдау керегін айтты. Ол эфирде эмоциялық интеллекттің төрт компонентіне тоқталды. Олар - қабылдау, түсіну, басқару, пайдалану. Әрқайсына түсінік бере отырып, балалар мен ересектердің  эмоциялық интелектін көтеруге мүмкіндік беретін, ашуды басатын әдістерді бөлісті. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram