03 февраля 2021 | 09:28

"Ер адам асханада жүргені ерсілеу көрінетін". 18 жастағы қазақстандық 1352 тағам түрін әзірлей алады

Рамазан Ахмет. Фото: instagram.com/cheframazankz

Рамазан Ахмет 18 жаста, Түркістан қаласының тумасы. Бүгінде ол Алматыдағы мейрамханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Арманы - аспаздық өнері арқылы Қазақстанды әлемге таныту. Шетелден тәжірибе жинақтап, халықаралық конкурстарға қатысқысы келеді. Сол үшін демеуші іздеп жүргенін айтты. Tengrinews.kz тілшісі жас аспазбен сұхбаттасты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рамазан Ахмет 18 жаста, Түркістан қаласының тумасы. Бүгінде ол Алматыдағы мейрамханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Арманы - аспаздық өнері арқылы Қазақстанды әлемге таныту. Шетелден тәжірибе жинақтап, халықаралық конкурстарға қатысқысы келеді. Сол үшін демеуші іздеп жүргенін айтты. Tengrinews.kz тілшісі жас аспазбен сұхбаттасты. 

Рамазанның өзінен бөлек төрт ағасы бар. Өзі үйдің кенжесі. Бір қызығы оның бауырларының тағам өнеріне еш қатысы жоқ. Бірі жиһаз кәсібімен айналысса, енді бірі ұстаздық жолды таңдаған. Анасы сұлулық салонында жұмыс істейді. 

Реклама
Реклама

"Мен аспаздықпен үш жыл бұрын айналыса бастадым. Бастапқыда анам, бауырларым таңдауыма басқаша қарады. Себебі Шымкент жақта ер адамның асханада жүруі ерсілеу көрінетін. Бірақ кейіннен менің таңдауымды қолдады", - дейді Рамазан. 

Рамазан Ахмет. Фото: instagram.com/cheframazankz

Жас аспаз 11-сыныптан кейін Алматыға келіп, жоғары оқу орнына түсемін деп ойлаған. Алайда отбасылық жағдайларға байланысты оқуға түсу мүмкін болмаған екен. 

"15 жасымда Алматыға келгенде бастапқыда автожуу орталығында жұмыс істедім. Жасым кіші болатындықтан ол кезде бірде-бір мейрамхана мені асханасына алмайтын. Алпыс шақты мейрамханаға кіріп мені аспаздың көмекшісі ретінде алуды сұрадым. Сөйтіп қаладағы мейрамханалардың біріне даяшы болып кіріп, бас аспазан мені көмекшісі етіп алуын сұрадым. Ол кісі келісімін берді. Ұстазым Мансұр деген кісі маған бәрін үйретіп, көрсетті. Ол жақта үш айдай жұмыс істеп, сосын білімімді тереңдете түсу үшін басқа да мейрамханаларда жұмыс істедім", - дейді Рамазан. 

Рамазан 1352 тағам түрін жасауды біледі. Оның ішінде бірнеше елдің асханасы бар.

"Шығыс асханасына үш ел кіреді: ұйғыр, өзбек және өзіміздің қазақ асханасы. Бірінші осы асхана бойынша жұмыс істедім. Сосын жапон асханасынан суши, Италия асханасынан паста, пицца жасауды, араб және Израиль асханасын үйрендім. Бүгінде грузин асханасында жұмыс істеп жатырмын", - дейді ол. 

Рамазан кез келген тағам түрін ерекше жасауға тырысады. Оның осы қабілеті үшін ұстазы Мансұр "Рататуй-Рамазан" деп те атап кеткен. 

"Мысалы мәнтінің, лағманның қамырын қара түспен жасап, тауықты тәтті соуспен жасадым. Сушидің өзін қазақи нақышта шығардым. Яғни сушиді етпен жасап, оны қонақтарға астаумен ұсындым. Негізі ол ешкімнің ойына келмеген нәрсе. Одан бөлек, стейкке қымыранмен соус жасадым. Бәрі таңғалды. Балықпен мәнті жасап көрдім.

Ешқандай арнайы курсқа қатысқан жоқпын. Бәрі жылдар бойғы тәжірибемен келген, біртіндеп үйренгенім. Қазақстанда атақты мейрамханалардағы бас аспаздың қасында көмекші болып үйренгенмін. 17 жасымда Димаш Құдайбергенге, біраз танымал адамға ас әзірлеп бергенмін, вайнерлермен жұмыс істедім", - дейді Рамазан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жас шеф повор Рататуй (@cheframazankz)

Жас аспаз шетелге шығып тәжірибе жинап, халықаралық конкурстарға қатысқысы келеді. Ол үшін жас аспаз демеуші іздейді. 

"Өз қабілетімді Қазақстан халқына көрсеткім келеді. Телеарнаға шығып, танылғым келеді. Өнерім арқылы Қазақстанда әлі таныла алмай жатырмын. Шетелге шығып, жарыстарға қатысып, өнерімді көрсету - бірінші мақсатым", - дейді Рамазан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная