ПОДЕЛИТЬСЯ
28 сентября 2023 | 11:42
"Ертеңіне жұмысқа шақырту алдым": Дубайдағы алып әуе компаниясында жұмыс істеп жүрген қазақ қызы
Жастар арасында сұранысқа ие мамандықтардың бірі - бортсерік. Бұл кәсіптің бірнеше артықшылығы бар - әлем аралау, жаңа адамдармен танысу. Бұл мамандық иелерінің бірі - Аружан Әлімбетова. Ол алдымен Қазақстандағы ең ірі әуе компанияларының бірінде агент болып қызмет етті, кейін бортсерік болды. Ал бір жылдан кейін әлемнің ең мықты әуекомпаниясы Emirates-ке жұмысқа орналасты. Massaget.kz тілшісі бортсерік арумен Дубайдағы өмірі мен жұмысындағы қызық сәттері туралы сұхбаттасты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жастар арасында сұранысқа ие мамандықтардың бірі - бортсерік. Бұл кәсіптің бірнеше артықшылығы бар - әлем аралау, жаңа адамдармен танысу. Бұл мамандық иелерінің бірі - Аружан Әлімбетова. Ол алдымен Қазақстандағы ең ірі әуе компанияларының бірінде агент болып қызмет етті, кейін бортсерік болды. Ал бір жылдан кейін әлемнің ең мықты әуекомпаниясы Emirates-ке жұмысқа орналасты. Massaget.kz тілшісі бортсерік арумен Дубайдағы өмірі мен жұмысындағы қызық сәттері туралы сұхбаттасты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
"Суретші, адвокат не депутат болғым келген"
Аружан Әлімбетова Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында туып өскен. Мектепті тәмамдаған соң, ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Аударма ісі" мамандығы бойынша алдымен бакалавр, кейін магистр дәрежесін алады. Ол ағылшын және француз тілдерінде білім алған. Алматыға оқуға түсіп, арман қуып келген Аружан кішкентай кезінде суретші, адвокат не депутат боламын деп армандаған. Бірақ биыл оның өмірі түбегейлі өзгерді. Ол алдыңғы қатарлы, алып компанияға жұмысқа орналасты, кейін шетелге көшіп кетті. Ал Аружан небәрі 24 жаста.
Бүгінде кейіпкеріміз тек стюардесса емес, сонымен қатар, ол - блогер. Оның Instagram-парақшасына 50 мыңнан аса адам тіркелсе, TikTok-та 100 мыңға жуық оқырманы, ал YouTube-тегі арнасын тұрақты түрде 150 мыңға жуық адам қарайды.
"Жұмыс істеп бастаған алғашқы айда күтпеген оқиға болды"
Аружан Қазақстандағы ең ірі әуе компанияға алғаш келгендегі естелігін бөлісті. Оның айтуынша, жұмысында қызық оқиға көп болатын.
"Алғаш рет ұшаққа мінгеннен бастап, Қазақстандағы ең ірі әуе компаниялардың бірі арманыма айналды. Бұл компанияға жұмысқа Байқоңырда үйде отырып, онлайн-интервью арқылы өттім. 1 жыл әуежайда агент болып қызмет еттім, кейін 6 ай бортсерік болып жұмыс істедім. Ұшу, жаңа елдер, ұшақтар қызық болғанымен, агент болған кездегі тәжірибем әлдеқайда есте қаларлықтай болды. Қысқы кезеңдегі рейстердің кешігуі, ауа райына байланысты ұшпай қалған адамдар, неше түрлі тағдыр - мұның барлығы әуежайда сезіледі. Жұмысқа кіргенде алғашқы айда түнгі кезекте отыр едім. Сол кезде күтпеген оқиға болды. Шымкентке ұшып кеткен рейс қайта айналып, Алматыға қонды. 150 шақты адам біздің кеңсеге келмесі бар ма?! Кейбірі қорыққан, басқасы ашулы, барлығына жауап беру, көмек көрсету керек еді. Жұмысымыздың көп уақыты осындай сәттерге толы болатын", - дейді Аружан.
Қазақстанда бір жарым жыл қызмет еткен Аружан бағын сынап, әлемдегі ең ірі әуе компанияларының біріне құжат тапсырып көреді.
"Emirates әуекомпаниясын бұрын құрбымнан естігенмін. Бортсеріктері қызыл далап жағатынын, ақ орамалдары мен қызыл бас киімдері бар екенін ғана білетінмін. Қаңтарда, олардың Алматы мен Астанаға келіп, жұмысқа қызметкерлер іздеп жатқанын естідім. Соны білген соң түйіндемемді дайындап, сайтқа жіберіп, тәуекел еттім. Көшіп кету, басқа әуекомпанияға ауысу деген жоспарларым болмады, бірақ осылай бұйырған болар. Бір аптадан соң мен Ашық есік күніне шақырту алдым. 30 қаңтар күні 5 кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, ертеңіне жұмысқа шақырту алдым", - деді стюардесса.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Показать комментарии
Читайте также