ПОДЕЛИТЬСЯ
25 декабря 2019 | 16:16
"Физика, математика пәнін таңдаған" - Фариза Оңғарсынова жайлы естеліктер
25 желтоқсан ақын, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туған күні. Ол 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Tengrinews.kz тілшісі ақынның шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
25 желтоқсан ақын, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туған күні. Ол 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Tengrinews.kz тілшісі ақынның шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды.
Әріптерді өздігінен үйренгенФариза Оңғарсынованың әкесі Оңғарсын өңірдегі беделді адамның бірі болған. Ол Астрахандағы балық қабылдайтын пунктте жұмыс істеген. Он баланы ештеңеден тарықтырмай өсірген екен. Аштық замандарында да Оңғарсынның отбасы ештеңеден тарықпаған.
Алайда Фариза Оңғарсынованың әкесі бар-жоғы 49 жасында Астраханда келе жатып көз жұмған. Артында анасы Қалима балалармен қалады. Ақын естеліктерінде жыр өнеріне қызығуына анасының әсер еткенін жиі айтқан екен.
"Қазір ойлаймын, менің әдебиетті сүюіме, сөз өнерінен жұбаныш табуыма анамның қайғы-қасіреті ерекше әсер еткен болуы мүмкін. Мен анамның көңілін аулаудың түрлі жолын іздейтінмін. Үйімізде кітап көп еді. Мен өздігімнен әріптерді үйрендім, әрі Қобыланды жырын жаттап алдым. Содан кейін дауыстап жыр оқитын едім. Бір қызығы, мен жыр оқи жөнелсем анам көз жасын тиып, құлақ салып тыңдайтын. Сол кезден бастап менің қолымнан кітап түскен жоқ", - деген екен ақын.
© Kazakh TV телеарнасы
Ақынның отбасында болған қайғылы оқиғалар оны ерте есейтті. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Фариза Оңғарсынованың аға-әпкелері бірінен соң бірі дүниеден озған екен. Оңғарсыновтар әулетіндегі 10 перзенттің жетеуі өмірден озды.
Ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов Kazakh TV телеарнасында берген сұхбатында анасы жайлы естеліктерін бөліскен екен.
"Ол қай жерде сөйлесе де жұртты өзіне қарата алатын. Ондай бедел, күш-қуат бәріне бірдей берілмеген қасиет. Той-томалақта, қандай да бір жиында болсын оған қарсы шыққан адамды көрмедім. Барлығы оны күтіп сыйлайтын, құрметтейтін", - дейді Алмас Оңғарсынов анасы жайлы.
© Kazakh TV телеарнасы
Ақын мектеп бітіргеннен кейін Атырау қаласына аттанған. Сол кезде физика, математика пәнін таңдап, оқуға түседі. Алайда анасы қызының дарыны жолда қалып қоя ма деп ойлап, шығармашылық жолын таңдағанын қалаған екен. Ақын анасының тілегін аттап кете алмаған. Сөйтіп ақын Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетіне оқуға түскен.
© Kazakh TV телеарнасы
1961 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, Балықшы ауданының Еркінқала, "Октябрьдің 40 жылдығы" қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. Мектепте қазақ, орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ берген. Оқушыларды қазақ классиктерінің шығармаларымен сусындатып шығады.
Ақынның шығармашылығыӘр жылдары 20-дан астам өлең жинағы, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Кәмшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.
1967 жылы Фариза Оңғарсынованың "Бұлбұл" деген тұңғыш жыр кітабы жарық көрген. Ал алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көре бастады.
Тұңғыш өлеңдер жинағы "Сандуғаш" 1966 жылы жарық көрген. Сонымен қатар, ақын "Алмас қылыш", "Тартады бозбаланы магнитім", "Сайраған Жетісудың бұлбұлымын", "Тыңдаңдар, тірі адамдар", "Қарғыс", "Қасірет пен ерлік жыры" поэмалары, "Үйім менің - Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлең топтамаларының авторы.
© Kazakh TV телеарнасы
Көптеген шығармасы шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың "Жүректің төрт мезгілі" кітабын, орыс ақыны Блоктың "Нәпсі", "Куликов даласы", "Он екі жыл өткен соң", "Кармен", "Қарлы перде" өлең топтамаларын, сондай-ақ, Казакованың, Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
"Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасында жазылған шығармасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары жарық көрген.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также