ПОДЕЛИТЬСЯ
03 апреля 2019 | 17:42
Instagram желісін белсенді қолданатын мемлекет басшылары
Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде өз парақшасын ашты. Президенттің әлеуметтік желілердегі бұл бірінші парақшасы емес. Мемлекет басшысының Twitter желісінде парақшасы бар. Ол жақта Президенттің әртүрлі тапсырмалары мен заңға байланысты өзгерістер және еліміздің әлеуметтік-экономикалық шешімдері жайлы ақпарат жарияланады. Бірнеше тәуліктің ішінде Президенттің Instagram желісінде өз парақшасына 250 мыңнан аса адам жазылған. Оның парақшасында бірнеше сурет пен жазба жарияланған. Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне де жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнатуды тапсырған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде өз парақшасын ашты. Президенттің әлеуметтік желілердегі бұл бірінші парақшасы емес. Мемлекет басшысының Twitter желісінде парақшасы бар. Ол жақта Президенттің әртүрлі тапсырмалары мен заңға байланысты өзгерістер және еліміздің әлеуметтік-экономикалық шешімдері жайлы ақпарат жарияланады. Бірнеше тәуліктің ішінде Президенттің Instagram желісінде өз парақшасына 250 мыңнан аса адам жазылған. Оның парақшасында бірнеше сурет пен жазба жарияланған. Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне де жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнатуды тапсырған.
Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі қай елдердің көшбасшылары Instagram желісін белсенді қолданатынын және ол жақта қандай суреттер мен жазбалар жариялайтынын, сондай-ақ оқырмандарының саны жайлы шолу жасады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online) 1 Апр 2019 в 5:32 PDT
Жалпы әлеуметтік желілердің көмегімен Президенттердің "жабық есік" аясында өтетін кездесулері жайлы бірен-саран ақпарат білуге болады. Германия канцлері Ангела Меркель да Instagram желісіне тіркелген. Ол да елге маңызы бар ақпараттарын желіде бөлісіп отырады.
Мысалы 2018 жылы Канадада өткен G7 саммитінде қызық жағдай болған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Angela Merkel (@bundeskanzlerin) 9 Июн 2018 в 8:53 PDT
Бұл суретті әлемдік БАҚ іліп әкетті. Желі қолданушылары да бұл суретті қызу талқылауға көшті. Әлемдік БАҚ өкілдері жарияланымға байланысты өз ойларын білдіре бастады. Бұл суретті неміс фотографы түсірген. Германияның канцлері суретке мынадай пікір жазған: "Екі жұмыс сессия арасындағы кенеттен болған кездесу".
"Бұл суретке қарап отырып, Президенттің (Трампты айтады - Авт.) әлсіз және қалайша қорғансам екен деп тұрғандай деп топшылауға болады. Оның қолы байланып тұр, басқа көшбасшылар тұрған кезде ол керісінше отыр", - деп жазылған Time журналында.
Бұл сурет вирус болып, Ангела Меркельдің азын-аулақ танымал болуына өз әсерін тигізді. Суретте Трамп және Меркельден басқа Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінің көшбасшылары тұр. Осы самиттегі бұл көріністі басқа да Президенттер өз Instagram-парақшаларына жариялаған. Бірақ ешқайсы да Германия канцлерінің жазбасы сияқты қызу талқыға түспеді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramLate nights make for long days here at the G7 in #Charlevoix #cdngingersnaps
Публикация от Adam Scotti (@adamscotti) 9 Июн 2018 в 11:04 PDT
Twiplomacy.com сайтының мәліметіне сүйенсек, Instagram әлеуметтік желілердің ішінде әлем көшбасшылары пайдаланатын танымал желі болып саналады. Президенттер ең көп тіркелген әлеуметтік желілердің ішінде бірінші Twitter, кейін Facebook тұр.
"Үлкен жетілік" (G7) құрамына кіретін елдердің барлық лидерінің Instagram желісінде парақшалары бар. "Үлкен жиырмалық" жетекшілерінен тек Ресей президенті Владимир Путиннің және Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің аталған әлеуметтік желіде парақшалары жоқ.
Әлем елдері мемлекет басшыларының Instagram-да оқырмандар саны да әр алуан. Бірінде 10 миллионнан асып түссе, енді біреуінде 13 мыңға жетер-жетпес. Осыған орай ең көп оқырман жазылған мемлекет басшыларының Instagram желісіндегі парақшаларына шолу жасадық.
Нарендра Моди - Үндістанның премьер-министрі
Посмотреть эту публикацию в InstagramBlessed moments at Kashi Vishwanath Temple, #Varanasi. हर हर महादेव!
Публикация от Chowkidar Narendra Modi (@narendramodi) 8 Мар 2019 в 9:38 PST
Ел басшыларының ішінде Instagram-да ең көп оқырманы бар Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди. Оның оқырмандар саны 20 миллионға сәл жетпей тұр. Премьердің жазбаларына назар аударсақ, оның ел ішін аралап, халықпен кездескен суреттері көп. Оған қоса Нарендра Моди ғибадат қылып жатқан жарияланымдары жетерлік. Премьер-министр ешкімге жазылмаған. Сондай-ақ оның парақшасында Stories әрдайым жаңарып отырады. Ол жақта видео және суреттер, әртүрлі жасалған шаралардың нәтижелері жарияланған. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модидың парақшасындағы жазбаларының барлығы дерлік ағылшын тілінде.
Джоко Видодо - Индонезия президенті
Индонезия президентіне 18 миллионнан астам адам жазылған. Джоко Видодоның жазбаларына қарап оның халықпен етене араласып, проблемаларына назар аударатынын аңғаруға болады. Президенттің парақшасында көзге түсетіні, оның балалармен түскен суреттері мен видеолары. Жазбалардың басым көпшілігі көшбасшының халықпен тілдесіп жатқаны.
Видодоның парақшасын Тим Комуникаси деген азамат жүргізеді. Индонезия президентінің парақшасы да Stories функциясын белсенді қолданады. Бұл парақша тек индонезиялық тілде жүргізілген.
Дональд Трамп - АҚШ президенті
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от President Donald J. Trump (@realdonaldtrump) 2 Апр 2019 в 1:27 PDT
АҚШ президенті Дональд Трамптың 12 миллионнан аса оқырманы бар. Ол жазбаларында айтқан мәлімдемелері мен саяси маңызды шешімдерін жариялайды. Атқарылып жатқан жұмыстың нәтижелерін жазады. Сондай-ақ басқа елдердің көшбасшыларымен өткізген кездесуінің видеоларын салады. Трамптың парақшасынан отбасымен және немерелерімен түскен суреттерін кездестіруге де болады.
Америка Президенті парақшасында күніне 4-5 жазба жарияланады. Оқырмандары әр жазбаға мыңдап пікір қалдырады. Осы уақытқа дейін оның парақшасында 4500-ден астам жазба бар. Бірақ ол тек 8 ғана адамға жазылған. Олардың басым көпшілігі отбасы мүшелері. Олардың арасында Дэн Скавино да бар. Ол Трамптың әлеуметтік желідегі парақшаларына жауап беретін адам. Ол өзінің Instagram-парақшасында да президенттің іс-сапарларын жариялайды.
Рим папасы
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Pope Francis (@franciscus) 10 Мар 2019 в 1:39 PDT
266-шы Рим папасының оқырман саны 6 миллион. Парақшасында оның ғибадатханадағы және басқа елдердің көшбасшыларымен бірге түскен суреттері бар. Бұл парақшаны нақты кім жаңартатыны белгісіз. Бірақ әр жазбада сурет, видео және оларға пікір жазылған, парақша тек ағылшын тілінде жүргізілген.
Рим папасының Instagram желісі күн сайын бір жазбамен жаңарып отырады. Оған қоса мұнда Рим папасының насихат айтқан видеолары жарияланған.
Режеп Тайип Ердоған - Түркия президенті
Посмотреть эту публикацию в InstagramHabertürk - Show TV canlı yayınından...
Публикация от Recep Tayyip Erdoğan (@rterdogan) 14 Мар 2019 в 11:24 PDT
Түркия Президентінің Instagram-парақшасына да 5 миллионнан аса адам жазылған. Оның парақшасы күнделікті жаңармайды. Оның жазбаларында көбіне жалғыз түскен суреттері жарияланған. Оған халық арасында жүрген және әртүрлі жиындарға қатысқан суреттері бар.
Сондай-ақ сапарларда және әр түрлі мінберден сөйлеп жатқан суреттері жүктелген. Оларға қысқаша түсініктеме тек түрік тілінде жазылған. Бұл парақшаны кім жаңартатыны белгісіз. Осы уақытқа дейін Түркия президентінің парақшасында тек 404 жазба жарияланған. Бұл басқа Президенттердің парақшаларына қарағанда әлдейқайда сирек жаңарады деген сөз.
Мухаммед бен Рашид әл Мактум - БАӘ премьер-министрі
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Mohammed bin Rashid Al Maktoum (@hhshkmohd) 13 Янв 2019 в 6:10 PST
Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрінің Instagram желісіндегі парақшасына 4 миллион адам жазылған. Бұл парақша күніне бір жазбамен жаңартылып отырады. Сондай-ақ бұл парақшаның басқа мемлекет басшыларының парақшаларынан айырмашылығы оның тек ресми кездесулерінен бөлек, елді мекендерде серуендеп жүрген суреттері де жарияланған.
Жазбалардың барлығы дерлік араб тілінде. Оған қоса премьер-министрдің парақшасында жазбаларының басым көпшілігі видео форматында.
Дмитрий Медведев - Ресей Федерациясының премьер-министрі
Посмотреть эту публикацию в InstagramСельхозпредприятие «Рассвет» на Ставрополье. ⠀ #Repost @photogovernment
Публикация от Дмитрий Медведев (@damedvedev) 9 Окт 2018 в 7:40 PDT
Ресей Президенті Владимир Путин әлеуметтік желі қолданушысы болмаса да, Дмитрий Медведевтің Instagram-парақшасында 2,7 миллион оқырманы бар. Ол басқа әріптестеріне қарағанда парақшаны жиі жаңартпайды. Оның парақшасы аптасына бір жазбамен толығады. Онда премьер-министрдің құттықтаулары мен ресми іс-сапарларынан суреттер мен видеолар бар. Бұл парақшаны кім жаңартатыны жайлы да ақпарат жоқ.
Тағы айта кететін жайт, Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Бірақ оның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары бұғатталған. Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, бұғатталудың басты себебі - Магнисткий тізімі. Сондай-ақ Қадыровтың есімімен белгіленген фейк-парақшалар саны өте көп.
Автор: Мақсат Мамбетжан
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также