28 сентября 2021 14:45

iPhone 13 бағасына Қазақстанда не сатып алуға болады?

Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфонын шығарды. Бүгінде АҚШ пен әлемнің көптеген елінде жаңа смартфонның сатылымы басталып кетті. Бірақ Қазақстанда телефонды қазанның ортасынан бастап сатып алуға болады. Бүгінде бағасы бекітілмеген. Дегенмен бұл смартфонның ең қымбат нұсқасының бағасы миллион теңгеге жуықтайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфонын шығарды. Бүгінде АҚШ пен әлемнің көптеген елінде жаңа смартфонның сатылымы басталып кетті. Бірақ Қазақстанда телефонды қазанның ортасынан бастап сатып алуға болады. Бүгінде бағасы бекітілмеген. Дегенмен бұл смартфонның ең қымбат нұсқасының бағасы миллион теңгеге жуықтайды. 

Apple компаниясының сайтында iPhone 13 Pro Max 1 TB смартфонының бағасы 938 719 теңге деп тұр. Мұндай қаражатқа Қазақстанда не сатып алуға болады? Tengrinews.kz тілшісі есептеп көрді. 

Қазақстанда iPhone 13 бағасы одан да қымбат болуы мүмкін. Бірақ әзірше Apple ұсынған бағаны есепке алайық. 

Реклама
Реклама

Қазақстанда жаңа смартфон бағасына қандай азық-түлік алуға болатынын санадық. Әр өңірде, тіпті, өңір ішінде де бір өнімнің бағасы әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан біз мүмкіндігінше орташа бағасын алғанымызды ескерте кеткен жөн. 

Мысалы, біз айтқан 938 мың теңгеге үйіңізге 3 754 келі картоп әкелуіңізге болады. Не болмаса, 3 мың келі ұн, 361 келі ет сатып ала аласыз. 

iPhone 13 орнына асүйге керек техниканың бәрін сатып алуға болады. Мысалы, біздің есептеуімізше, 938 719 теңгеге бір тоңазытқыш (орташа бағасы - 350 мың теңге), ыдыс жуғыш машина (200 мың), газ плитасы (150 мың), мультипісіргіш (60 мың), микротолқынды пеш (30 мың), блендер (30 мың), ет тартқыш (50 мың), шырынсыққыш (50 мың), электр шәйнек (20 мың) келеді. 

Егер қоғамдық көлікпен жүретін болсаңыз, 80 теңге жолақысымен 11 733 рет автобусқа отыра аласыз. Ал өз көлігіңіз болса, 5 426 литр АИ-92 маркалы жанармай құюға болады.

Қазақстанда жалақының ең төмен мөлшерi - 42 500 теңге. Жалақысы осынай адамдар жаңа iPhone алғысе келсе, 22 ай бойы айлығын жинауы керек.

Сонымен қатар, бұл сомаға екі адам шетелге демалып қайта алады. Мысалы, елдегі туроператорлар ұсынған бағаға қарасақ, екі адам Грузияға немесе Мысырға 6-7 күндік турмен екі реттен барып қайта алады. Болмаса, бір рет Мальдив аралдарына баруға мүмкіндік бар. 

Еске салайық, Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфондарын 14 қыркүйекте таныстырған болатын. Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және батарея сыйымдылығы артқан. Смартфондардың диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болады.

"Өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді", - деді компания өкілі Кайен Дрэнс жаңа өнім туралы.

Оның айтуынша, жаңа өнім бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram