Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 июня 2019 12:36

"Жалақымды оңды-солды шашпаймын". Жазда студенттер қалай ақша тауып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Бүгінде жаз мезгілін демалысқа ғана емес, табыс табуға жұмсайтын студенттердің саны күннен-күнге артып жатыр. Cарапшылар да осыған дейін жазда жұмысқа орналасқысы келетін оқушылар мен студенттер көбейетінін айтқан еді. Tengrinews.kz тілшісі қалада нәпақа тауып жүрген студенттермен әңгімелесіп көрді.


Бүгінде жаз мезгілін демалысқа ғана емес, табыс табуға жұмсайтын студенттердің саны күннен-күнге артып жатыр. Cарапшылар да осыған дейін жазда жұмысқа орналасқысы келетін оқушылар мен студенттер көбейетінін айтқан еді. Tengrinews.kz тілшісі қалада нәпақа тауып жүрген студенттермен әңгімелесіп көрді.

Олардың бірі алматылық Айсәуле Тілеуғали журналист мамандығы бойынша оқиды екен. Айтуынша, ол ақылы оқитын болғандықтан, ата-анасына көмектесу мақсатында өзінің жолына, киім-кешегіне ақша тапқысы келген.

"2-курсты аяқтап жатырмын. Өзім ақылы оқимын. Жылына 800 мың теңге төлейміз. Оқуыма ата-анам төлеп жатқан соң жұмыс істеуді ұйғардым. Өзімнің жолкіреме, киім-кешегіме ақша табу үшін жұмысқа орналастым. Осы жұмысқа (фаст-фудта кассир) орналасқаныма 6 ай болды. Күніне 5 сағат қана жұмыс істеймін. Соған 60 мың теңге төлейді. Енді білікті арттыру курстарынан өтіп жатырмын. Одан өткен соң айлығым 130 мың теңге болады", - дейді Айсауле.


Айсәуле

Айтуынша, айлығы өскен соң ол ақшаны оқуына төлемекші.

"Кішкене болса да үлесімді қосып, ата-анама көмектесейін. Бастапқыда, әрине, олар қарсы болды, бірақ кейін жұмыс істеуіме рұқсатын берді", - дейді студент қыз.

Ал биыл 1-курсты тәмамдаған Ерлан Наршыбаев оқу жылы аяқтала сала, даяшы болып жұмысқа орналасыпты. Ерлан бұл салада оқушы болып жүрген кездерде де жұмыс істеген екен.

"Меніңше, бүгінде даяшы болып жұмыс істеуден ұялатындай ештеңе көріп тұрған жоқпын. Мұнда күнделікті атқарылған жұмысына ақшаңды қолма-қол беріп тұрады. Екі күн демалып, екі күн жұмыс істеймін. Бірақ жұмыс күнім сағат 11.00-де басталып, 02.00-де ғана аяқталады. Күніне шамамен 2-3 мың теңге аламын, кейде 1500 теңге болып қалады. Айына қолыма тазасы 50-60 мың теңге аламын, одан бөлек қонақтар да ақша қалдырып кетеді", - дейді Ерлан. 

Ол отбасының басында бұл жұмысына қарсы болғанын айтады. Сондай-ақ, Ерлан бұл жұмысты достары арқылы тапқанын айтып өтті.

Ал үшінші кейіпкеріміз Бибіхадиша Астанакулова да сабақтан тыс уақытта жұмыс істеуді дұрыс көреді екен. Айтуынша, ол жалақысын жинап, онды-солды шашпайды.

"Қазіргі уақытта отандық сериалдар шығаратын компанияда SMM, промо-менеджер болып жұмыс істеймін. Онда барлық жағдай жасалған, жалақы да жақсы. 5-6 жоба бойынша жұмыс істейміз.  Түсірілім алаңында болып, сериалдардың түсірілім жұмыстары қалай жүріп жатқанын, актерлердің қалай ойнап жатқанын фото, видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаймыз. Сондай-ақ, әр жобаның фотосессиясын жасаймыз", - дейді Бибіхадиша.


Бибіхадиша

Студент қыздың айтуынша, алға қойған мақсаттарына жету үшін жалақысының барлығын жинайды және ол ақша өзіне жететіндіктен бастамасы жаман емес екенін айтады.

Сонымен қатар, Бибіхадиша бір саладаға ғана жүрмей, журналистика, кино, режиссура салаларын бірге алып жүргісі келетінін айтады.

Осылайша үш студент те түскен табысын өз мұқтажына жұмсап, жинап немесе ата-аналарына көмектесу мақсатында жұмсайтынын айтады.

Оқи отырыңыз:

Жалақы 150 мың теңгеге дейін. Жазда қай салада жұмыс істеп, ақша табуға болады

Грантқа іліге алмаған түлектер қай салада жұмысқа орналаса алады

Жұмысты қашан және қалай іздеген тиімді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети