Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 декабря 2018 14:25

Жаңажылдық сауда: Мамандар ең көп кездесетін қитұрқы жарнамаларды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Жаңа жыл - көпшілікке сиқырға сеніп, арман орындалатын мереке. Дәл осы желтоқсанда халықтың белсенді сауда жасайтыны айтпаса да түсінікті, себебі бұл түрлі тауар өндіретін компаниялардың маркетологтары мен PR мамандары нағыз жұмысқа кірісер сәті. Тауарын өткізу мақсатында қолданатын тәсілдері қитұрқы айлаға ұқсайтыны тағы бар. Tengrinews.kz тілшісі мамандардан Жаңа жыл қарсаңында компаниялардың қандай қулыққа баратынын және бұл айладан қалай айналып өтуге болатынын сұрап білді. 


Жаңа жыл - көпшілікке сиқырға сеніп, арман орындалатын мереке. Дәл осы желтоқсанда халықтың белсенді сауда жасайтыны айтпаса да түсінікті, себебі бұл түрлі тауар өндіретін компаниялардың маркетологтары мен PR мамандары нағыз жұмысқа кірісер сәті. Тауарын өткізу мақсатында қолданатын тәсілдері қитұрқы айлаға ұқсайтыны тағы бар. Tengrinews.kz тілшісі мамандардан Жаңа жыл қарсаңында компаниялардың қандай қулыққа баратынын және бұл айладан қалай айналып өтуге болатынын сұрап білді. 

Жеңілдік - жеңілдік пе?

PR саласында бес жылдан аса тәжірибесі бар маркетолог әрі PR маманы Зарина Ашимованың айтуынша, пайыздық жеңілдіктер саудагерлердің ең қарапайым қулығы.

"Техниканы алып қарасақ, дүкендер, 50, тіпті 70 пайыз жеңілдік жасауы мүмкін. Бірақ бұл сатушы сол 50 немесе 70 пайызға шығынға ұшырайды деген сөз емес. Бұл клиентті тартудың тәсілі. Ол бағаны көтереді де, сол бағадан сәйкесінше жеңілдік жасайды. Бұл маркетологтардың ең қарапайым тәсілі. Ал негізінде сатушы бар болғаны 10 пайызға ғана жеңілдік жасай алады", - дейді маман. 

Егер қандай да бір тауар құны өзге дүкендерге қарағанда тым арзан болса мұндай тауарға да күмәнмен қарауға себеп бар. Мұның себебін маркетолог тауардың елге салықтарының дұрыс төленбеуімен немесе тіркеуден өтпеуімен байланыстырып отыр. Мұндай заттарды әдетте сапа кепілдігінің бар-жоқтығын біліп, бағасын өзге дүкендермен салыстырып көріп барып қана сатып алуға болады екен.


© pixabay.com

Маман тауар сатып алғысы келгендерге дүкенге қаңтарға барғаны дұрыс екенін айтады. "Себебі бұл жаңажылдық мереке күндері қызып тұрған сауда жыл басында өліара кезеңге өтіп, сатушылар тауарды өте арзан бағаға беруге келісуі мүмкін. Ешкім де ескі тауарды сақтап отыруға құлықты емес. Себебі бұл кезде халықтың сатып алуға деген қызығушылығы дереу төмендеп, бұл нарыққа әсерін тигізеді", - дейді Ашимова.

"Сатушы ешқашан ұтылмайды"

Сатушылардың тағы бір қулығы деп маман жаңадан шыққан тауарларды атап отыр. Яғни уақыт сынынан өтпеген, халыққа жаңадан ұсынылатын тауарларды осы мерекелік сатылымдарға қосып жіберу сатушыға да, өндірушіге де табыстың көзі екен. 

"Азық-түлік тауарларын мысалға алсақ, халықтың мерекелік көңіл-күйіне әрі сатып алуға деген құлшынысының жоғары болуына байланысты жарнама мамандары дәл осы Жаңа жыл мерекесін таңдайтыны тағы бар. Тағы бір қулық - промо, комбо тауарлар. Яғни аса қажетті емес тауарға үйлесетін қажетті тауармен біріктіріп сатады, осылайша көп өтпей жатқан тауардан қу маркетологтар осылайша құтылады деуге болады. Бір сөзбен айтқанда сатушы тарап ешқашан ұтылмайды және өз қалтасын қағып, жұртқа жеңілдік жасамайды", - деп пікір білдірді PR маманы Зарина Ашимова. 


© pixabay.com

Импульсив сатып алушы болсаңыз

Ал осы кезекте адамдардың жаңажылдық мерекеге қатысты сатып алу ынтасының неге зор болатынын психоаналитикалық бағыттағы психолог Сая Бақимова түсіндіріп берді. 

"Адам қалайтын бірнеше базалық қажеттілік бар - қауіпсіздік, махаббат, біреудің қамқорлығын көру, жыныстық инстинкттер және тағы басқалары. Маркетологтар шын мәнінде өте мықты психологтар, олар адамның осы базалық қажеттіліктерін дөп таба біледі, сол арқылы тауарды өткізуге тырысады. "Сізді жақсы көреміз, сізге ең табиғи өнім ұсынамыз", "мына затты қазір алып қалыңыз, кейін қымбаттап кетеді", "мына нәрсе сізді басқа адамдардың алдында (әсіресе қарсы жыныстағы) керемет тартымды қылады". Әрине, жеңілдік өте тартымды нәрсе, бірақ жеңілдікпен тұрған заттың бәрі сізге шынымен керек пе? Егер жеңілдік көрсеңіз, еркіңізден айырылатын, импульсив тұтынушы болсаңыз 1 апталық, 1 айлық, 1 жылдық керек нәрселердің тізімін жасап, сол бойынша сауда жасауға тырысыңыз", - деп кеңес берді маман. 

Бақимованың айтуынша, мұндай қулықтарға ұрынбау үшін адамның өз-өзін өзгертіп, қалауын тыю қате.  

"Мен "өзін жеңу", "әдетпен күресу" деген сияқты тағы да басқа тұжырымдарға түбегейлі қарсымын. Сіздің "көзсіз сатып алсам" деген қалауыңыз, ішіңізден шыққан, өзіңіздің "туған" қалауыңыз. Сіз өз-өзіңізбен қалай күресесіз? Оның орнына әдеттеріңіз бен қалауларыңызды түсінуге, талдауға тырысыңыз. Егер жаппай тұтыну арқылы, өзіңізге жағымды эмоция, жылулық, қауіпсіздік, бақыт сезімдерін іздесеңіз, мүмкін мәселені басқа жағынан шешу керек шығар. Затты көп мөлшерде сатып ала беру, жұта беруді символдық түрде баланың 1,5 жасқа дейінгі орал кезеңімен байланыстыруға болады. Бұл кезеңдегі бала үшін ләззаттың жалғыз көзі - ананың сүтін ему, жаңа затты "дәмін көру" арқылы зерттеу", - деп салыстырады психолог.


© izmail-info.com

Оның сөзінше, әлемдік ірі сауда корпорациялары үшін де біздің, тұтынушылардың белгілі бір мағынада бала болғанымыз - жылтырға ұмтылып, жарыса сатып алып, жаңа әсерге тоймағанымыз керек.

"Ақылды сатып алушыға айналу қиын емес - сіз үнемі не нәрсе сізге шынымен маңызды, ал не нәрсені жарнама үшін алып жатқаныңызды талдай білуіңіз керек", - дейді ол.

"Сатып алушы да бала"

Маман Жаңа жыл қарсаңында қалай сауда жасау керек екендігін және жеңілдіктерге бас салып ұрынбау үшін не істеу керек екенін түсіндірді.  

"Жаңа жыл - өмірдің соңы емес, одан кейін де өмір бар, басқа нәрселерге де ақша керек болады. Жалпы қолымда ақша тұрмайды, тез жұмсап жіберемін дейтін адамдарға психологтар мына нәрсені айтады: ақшаны картада емес, көзбен көріп, қолмен ұсталатындай етіп, қолма-қол ақша ұстау керек. Бір жағынан адам осылайша, қомақты соманы қолға ұстауға үйренеді, екінші жағынан картадағы "өтірік" ақшаны емес, қалтадағы ақшаны оймен жұмсайтын болады. Ақшамен қарым-қатынас адамның психикасы қаншалықты ересек екенін көрсетеді. Балаға дұрысы 6 жастан бастап майда-шүйде алуға аздаған ақша беріп тұру керек. Сонда болашақта жоспарлауды, үнемдеуді, ақылмен жұмсауды тезірек меңгереді", - дейді психолог.


© iPhones.ru

Бақимованың пікірінше, ақшаға қатысты қандай тұжырымдарыңыз бар, олар сіздің өміріңізге қалай әсер етеді, қаржыңызды қалай жоспарлау керек, бұлардың бәрін жеке өзіңіздің өмір салтыңыз, табыс көзіне қарай бейімдеу керек.

"Адамдар ақшаны "балалық позициядан" жұмсаса, оны - ақша ойыны деп атайды. Ойынның мынадай түрлері болады - қарыз беру/алу,  кафеде шамаға қарамай көп шайлық тастау, кінәсін жуып шаю үшін, карма үшін тым көп қайыр беру, имиджге жұмсалған ақша - қаржы аз, маңызды нәрселерге жеткізе алмай тұрса да, соңғы айфон, люкс киім, бренд үшін алу, нақты жоспарсыз "ой ертең бизнес бастап, байып кетемін" деп ойланбай кредит алу, ақшамен алаяқтық жасау, өлмеген аюдың терісін бөліске салу - яғни, ертең мына жерден мықты ақша келеді, маған қарыз бер деп біреуден ақша алып, оны жұмсап, я ақша келмей, я қарызды қайтармау. Ескеріңіз, бренд, қымбат зат алу жаман емес, бірақ бар ақшаға айфон алып, сосын бір ай бойы қарақұмық жеп жүру - баланың ойыны", - деді психоаналитикалық бағыттағы психолог.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети