13 августа 2019 | 17:24

Жаңылтпаштарды сүрінбей оқыған шымкенттік тележүргізуші жұртты тәнті етті

Динар Нахыпбек. © Эфирден алынған кадр

Әлеуметтік желіде жаңылтпашты жаңылмай оқыған тележүргізуші қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде жаңылтпашты жаңылмай оқыған тележүргізуші қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны жүктеген автор Арман Шораев "Keremet! Умница! Динар Нахыпбек! Nagyz mamandar bar eken bizdin salada" деп сипаттама жазған.

Реклама
Реклама

Динар Нахыпбек - Түркістан облысының тумасы. Ол "Қазақстан" Республикалық телерадио кешенінің филиалы - "Оңтүстік" телеарнасының редактор-жүргізушісі.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында тележүргізуші Динар Нахыпбек ұзақ жаңылтпашты қалай жаттап алғанын және оның қандай пайдасы барын әңгімеледі. Оның сөзінше, күнделікті эфир алдында осылайша 15 минуттай жаттығады екен. Бұл видео соның бір бөлігі ғана. 

"Мен жаңылтпашты тез айтуға емес, жаңылмай, түсінікті айтуға тырысамын. Өйткені, диктордың сөзіне ел сенуі үшін ол жүректен шығуы керек қой. Соған қатты мән беремін", - дейді Динар. 


© instagram.com/dinarnakhypbek

Динардың айтуынша, ол 40-қа жуық жаңылтпаш біледі. 

"Өзім кішкентайымнан журналистиканы армандап, аға-апаларымыздан үлгі алып өстім. Соның ішінде Ләззат Танысбайға ұқсағым келетін. Енді қазір осы саланың бір бұрышында жүрмін, болмасаң да ұқсап бақ деп", - дейді Динар.

Оның айтуынша, жаңылтпаш қазақтың төл әріптерін дұрыс айтуға ықпалын тигізеді.

"Біздің салада "ң", "ө", "ұ" секілді әріптерді дұрыс айта алмайтын әріптестеріміз көп. Ең алдымен, жаңылтпаш әріптерді анық, сөзді толық жеткізуге көмектеседі. Сосын, демді дұрыс алу да жаңылпаш айту барысында қалыптаса бастайды. Әрине, оны күнделікті қолдансаңыз", - дейі ол.


© instagram.com/dinarnakhypbek

Динардың сөзінше, жаңылтпашты күнделікті өмірде күнде айтып, жаттығып тұру дикцияның таза шығуына үлкен әсерін тигізеді екен.

"Журналистика саласындағы, телеарнадағы ұстаздарымыз тек эфир алдында емес, таңертеңнен кешке дейінгі уақыт аралығында тіл-жақ, ауыз жаттығуларын жасауды тапсыратын. Сол бойынша қалыптасып кеттік. Қазір ертеңгісін дауыс ашудан күнімді бастаймын. Тележүргізуші дауысымен жұмысты тоқтатпау керек. Мен ол жаттығуларды, көшеде, жұмыста, үйде қайталай беремін. Тележурналистикада тек түр мен дауыс емес қой, бастысы. Журналист жаза білу керек. Әсіресе, біз бен бізге дейінгі толқынға бұл маңызды", - дейді Динар.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная