25 июля 2019 | 16:46

Жұбайы қайтыс болып, төрт баламен жалғыз қалған әкенің оқиғасы қазақстандықтарды жылатты

Жамбыл Дауытов төрт айлық баласымен. © instagram.com/elmira_eshniyazova

Екі ай бұрын әйелін жер қойнауына тапсырып, төрт баласын бағып отырған алматылық Жамбыл Дауытов бүгін баспаналы болды. Оған қайырымды жандар ақша жинап, бес бөлмелі пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екі ай бұрын әйелін жер қойнауына тапсырып, төрт баласын бағып отырған алматылық Жамбыл Дауытов бүгін баспаналы болды. Оған қайырымды жандар ақша жинап, бес бөлмелі пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл Дауытовтың жары екі ай бұрын қысымы көтеріліп қайтыс болған. Ол кезде отағасы жұмыста болған екен. Дәрігерлер марқұмның өмірі үшін жарты сағаттай арпалысқан. Алайда жарын аман алып қала алмапты. Ер адамның жұбайы көз жұмған кезде кенже баласы екі айлық қана болыпты. Ол кезде көпбалалы отбасы пәтер жалдап тұрған екен.

Реклама
Реклама

Жары 16 жыл бойы бала көтере алмай, 7 жыл бұрын бір қызды дүниеге әкеліп, есімін Фатима қойған екен. Одан кейін 6 жастағы Мақсат пен 4 жастағы Диана есімді балалары бар. Үйдің кенжесі Мирас төрт айлық. Соңғы екі айдан бері жалғыз қалған ол балаларының қамын ойлап, шарқ ұрып жүр.  


Жамбыл Дауытов көмек қолын созған жандармен

Жамбыл Дауытовтың оқиғасын биыл қор ашып, жағдайы жоқ отбасыларға көмектесіп жүрген Эльмира Ешниязова естіген. Бір апта бұрын ол Instagram желісіндегі парақшасында Жамбыл Дауытовтың жағдайын жеткізген. Ол кезде Жамбыл алматылық еріктілер тауып берген жатақханада тұрып жатқан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Эльмира Ешниязова ????Строитель (@elmira_eshniyazova) 20 Июл 2019 в 1:14 PDT

Сөйтіп, қажетті баспананы сатып алу үшін Эльмира Ешниязованың қорына қазақстандықтар ақша жинай бастаған.  

"Шыны керек, ақша тез жиналды. Себебі Жамбыл Дауытовтың алдында Түрген ауылында алты баласын асырап отырған жалғызбасты әке туралы ақпарат шыққан. Оның да әйелі есік алдында отырып қайтыс болған. Сол әкенің балалары түсірілген видеоны отандық блогерлер, жұлдыздар, КВН-щиктер тарата бастады. Соның арқасында бір күннің ішінде Эльмира Ешниязованың қорына 15-16 миллион теңге жиналды. Оның алдында жиналған тағы бірнеше миллион теңге бар еді. Жалпы алғанда, жиналған ақша 21 миллионға жуықтады. Бірінші болып алты баланың әкесіне баспана берілді. Кейін қалған ақшалар бөлініп, Жамбыл Дауытов та баспаналы болды", - дейді осы шараның басы-қасында жүрген блогер Дәулет Төлеутайұлы.


Жамбыл Дауытовтың отбасы мен еріктілер

Эльмира Ешниязова Instagram-парақшасында Жамбылға Алматы облысының Байсерке ауылынан 10 сотық жері бар бес бөлмелі пәтердің кілтін табыстағанын жазды. Жиналған ақшаның 5 050 000 теңгесі Жамбылға пәтер алуға жұмсалған.


Эльмира Ешниязова төрт айлық Мираспен жаңа баспананың алдында

Жамбыл Дауытовтың ендігі проблемасы - балаларын өзінде қалдыру. Себебі Жамбыл мен оның жары заңды некеге тұрмаған. Сондықтан, төрт айлық баланы асырап алуды сұрап жатқандар да бар екен.

"Айналайын халқым, марқұм әйелім төрт баламды сіздерге беру үшін босанған жоқ. Бұл төрт баланы өзім жеткіземін. Бірақ көмектесіп, баспана алып беріп жатқандарыңызға рақмет. Бұл баламның табанына кірген тікен менің көзіме кірсін. Мен төрт баламнан ешқашан ажырамаймын", - деді Жамбыл Дауытов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Эльмира Ешниязова ????Строитель (@elmira_eshniyazova) 24 Июл 2019 в 2:02 PDT

Баспаналы болған әкенің ендігі мақсаты - бала-шағасын жеткізу. Қолына жаңа үйдің кілтін алған күні Жамбыл өзі мен балаларының атынан Эльмира Ешниязоваға алғыс хат сыйлап, рақметін айтты:

"Жан қиналды бүлдіршін жасымызда
Анамыздың көзі жоқ қасымызда.
Жасын сүртіп жанардың, Имош апам,
Үй әперді қиналған басымызға".


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная