ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мая 2020 | 11:38
"Карантин үш рет ұзартылды". Испанияда тұратын қазақ елдегі жағдай туралы
Бүгінде Испания коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 4-орында тұр. Мұнда COVID-19 жұқтырғандардың саны 230 мыңға жеткен, ал қайтыс болғандардың саны 27 мыңнан асады. Tengrinews.kz тілшісі Испанияда отбасымен тұрып жатқан қазақстандықтан елдегі жағдайды сұрап білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде Испания коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 4-орында тұр. Мұнда COVID-19 жұқтырғандардың саны 230 мыңға жеткен, ал қайтыс болғандардың саны 27 мыңнан асады. Tengrinews.kz тілшісі Испанияда отбасымен тұрып жатқан қазақстандықтан елдегі жағдайды сұрап білді.
Іңкәрдің отбасымен Испанияда тұрып жатқанына 6 жыл болыпты.
Оның айтуынша, елде коронавирус инфекциясы алғаш рет 31 қаңтарда тіркелген. Бірақ биліктегілер тек 14 наурызда елде 15 күндік карантин жариялаған. Іңкәр Испанияда карантин режимінің осы күнге дейін үш рет ұзартылғанын айтады.
"Көбі жұмыссыз қалды, ал компаниялар табысынан айырылды. Сондықтан билік осындай жағдайда көмекке мұқтаж адамдарға 200 миллиард еуро бөлді. Жалпы карантин ережесі сақталды деуге болады. Көбі белгіленген ережелерді сақтады. Бастапқыда сағат 20.00-де балкондарына шығып, дәрігерлерге қол шапалақтап жүрді, кейін ол әдетке айналып кетті. Сондай-ақ, карантин енгізілгенде көршілер әнұранды қойып, халықтың рухын көтермек болды. Бірақ кейін бұған тыйым салынды. Дегенмен оған қарамастан біздің көршілер кезектесіп әлі күнге дейін музыкалық аспаптарда әндер орындайды. Жалпы испаниялықтар күш-жігерін жоғалтпауға тырысып жатыр", - дейді Іңкәр.
Іңкәрдің айтуынша, бүгінде елде карантин ережелері біртіндеп жеңілдетіліп жатыр, енді 14 жасқа дейінгі балаларды 1-1-1-1 ережесі бойынша далаға серуендеуге шығаруға болады, яғни сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін бір сағат уақыт үйден 1 шақырым аспайтын жерде серуендеуге рұқсат берілді. Бірақ қасында міндетті түрде ата-анасы болуы қажет дейді.
Сондай-ақ, шетелдегі қазақ Испания билігінің пандемия кезінде халыққа барынша қол ұшын созып жатқанын айтып өтті.
"Мұндай қиын кезеңде көбі жұмыссыз қалып, табысынан айырылып, қиын жағдайда отырғаны рас. Билік пандемия кезінде халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға тырысып жатыр. Мысалы, жұмыссыздық бойынша өтемақы алуға берілетін өтінішітің талаптары жеңілдетілді, ипотекалық кредиттерге мораторий жариянланды, несиелерді кейінге шегерді, жалдамалы баспанада тұратындарды ақы төлемегені үшін үйден қууға тыйым салынды, коммуналдық төлемдер кейінге шегерілді, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тамақпен қамтамасыз етілді", - дейді шетелдегі қазақ.
Фото: instagram.com/inkarita_
Іңкәрдің айтуынша, елде карантин жарияланғанымен, азық-түлік жетіспеушілігіне қатысты ешқандай проблема болмады. Бірақ себепсізден-себепсіз көшеге шыққандардың жазасы қатаң дейді ол.
"Карантиннің басынанбері азық-түлікпен аса проблема болған жоқ. Дүкендерде барлығы болды. Күйеуім аптасына екі рет үйдің маңында супермаркетке барып, азық түлік алады. Бірақ рұқсатсыз және себепсіз қалада жүргендерге қомақты сомада айыппұл салынады. Егер де сіз көшеде себепсізден және рұқсатсыз жүретін болсаңыз 601 еуро (273 297 теңге) айыппұл төлейсіз, ал ол ережебұзушылық екінші рет қайталанса, 1200 еуро, яғни 548 353 теңгеге дейін айыппұл қарастырылады", - дейді Іңкәр.
Ал пандемия кезінде немесе карантин уақытында мекенжайын ауыстыратын испаниялықтар 1500 еуро (685 441 теңге) айыппұл төлеуге міндеттеледі дейді.
Шетелдегі қазақтың айтуынша, бүгінде елде карантин жеңілдетіліп жатқанымен6 халық барлық сақтық шарасын ұстанып жатыр. Қоғамдық көліктер ғана жүріп жатыр, мектептер, балабақшалар мен басқа да нысандар әлі күнге дейін жабық дейді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также