03 сентября 2020 | 11:58

Каспий теңізіндегі сирек табиғи құбылыс: Сурет қайда түсірілгені анықталды

© instagram.com/kazhydromet

25 тамызда әлеуметтік желіде сирек құбылыс - құйынның суреті пайда болды. Бірнеше БАҚ бетінде бұл құбылыс Каспий теңізінде болған деп жарияланған. Алайда желіде тараған суреттегі құбылыс Қазақстанға қатысы жоқ болып шықты. Tengrinews.kz тілшісі сирек кездесетін табиғи құбылыстың қайда болғанын анықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 тамызда әлеуметтік желіде сирек құбылыс - құйынның суреті пайда болды. Бірнеше БАҚ бетінде бұл құбылыс Каспий теңізінде болған деп жарияланған. Алайда желіде тараған суреттегі құбылыс Қазақстанға қатысы жоқ болып шықты. Tengrinews.kz тілшісі сирек кездесетін табиғи құбылыстың қайда болғанын анықтады.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, өте сирек кездесетін мұндай құбылыс елімізде соңғы рет 2011 жылы қазанда Қашаған кен орны ауданында болған. Ал бұл суретті мекеме lada.kz басылымынан алған.

Реклама
Реклама

© instagram.com/kazhydromet

Ұйымның баспасөз өкілі Алина Исмағұлова суретті басылымға оқырмандары жіберген болуы мүмкін екенін айтқан еді. Оның сөзінше, Каспий теңізінде құйын соқпас бұрын мамандар Маңғыстау облысында ескерту жариялаған.

"Оған дейін 22-23 тамызда біздің мамандар Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады. Аймақта жел күшейді. Біздің болжамымызға сәйкес, 22-23 тамызда Ақтауға іргелес ауданда жел шығыс бағытқа қарай соқты. Желдің жылдамдығы 12 метр секундке дейін жетті. 23 тамызда оңтүстікте, Қазақ шығанағына жақын жерде, ашық акваторияда желдің жылдамдығы 23 метр секундке дейін күшейді. Осылайша, біздің мамандар Каспий теңізінде құйын болғанын анықтады. Себебі, онда температура күрт өзгерді", - деді маман.

Мекеме мәліметінше, су құйыны әдетте тропикалық аймақта болады.

"Елімізде сирек кездеседі. Мұндай құйынның болуына екі себеп бар. Теңіз суы жылы және бұлттағы ауа суық болуы тиіс. Температура күрт өзгергендіктен, атмосфераның жоғарғы және төменгі қабаттарындағы қысым әртүрлі болады. Құйынның ортасында қысым төмен болады. Сондықтан ол суды теңіз бетіне көтеріп алады. Құйын ішінде желдің жылдамдығы 30 метр секундке және одан да көп болуы мүмкін", - деді Исмағұлова.

Каспий теңізіндегі сирек кездесетін табиғат құбылысы. "Қазгидромет" өкілдері түсінік берді

Суретке түсірілген табиғи құбылыс Каспий теңізінде болмаған

Сирек кездесетін құбылыстың суреті Instagram әлеуметтік желісіндегі ourplanetdaily парақшасында 25 тамызда пайда болған. Суреттегі жазбаға сүйенсек, оқиға 2020 жылдың 20 тамызында Мексика шығанағы, Луизиана штатындағы Порт Фуршонның оңтүстігінде болған. Суреттің авторы - Майкл Фонтейн.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

This is INSANE! ? Gulf of Mexico, South of Port Fourchon, Louisiana. 8/20/20 Photo by Michael Fontaine

Публикация от OUR PLANET DAILY (@ourplanetdaily) 24 Авг 2020 в 12:20 PDT

Ал 27 тамызда бұл құбылыс Мексика шығанағында тағы болған көрінеді. Оған себеп - Instagram желісіндегі oceans247 парақшасында пайда болған видео.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

This looks like the scene from a movie. Six waterspouts simultaneously in the Gulf of Mexico off the coast of Louisiana on Thursday. ? Raney Frederick

Публикация от OCEANS 24/7 (@oceans247) 28 Авг 2020 в 9:17 PDT

"Бұл құдды бір фильмдегі көрініс секілді. Бейсенбі (27 тамыз - авт.) Мексика шығанағындағы Луизиана жағалауында бірден алты су құйыны болды", - делінген жазбада. 

Видео авторы - Рэйни Фредерик.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная