17 мая 2020 | 14:20

"Қай тілдерді жетік меңгерген?". Мемлекет басшысы туралы не білесіз?

© Тұрар Қазанғапов

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Ол бүгін 67 жасқа толды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Ол бүгін 67 жасқа толды.

Президент 1953 жылы мамырда Алматыда танымал отбасында дүниеге келген. Әкесі Кемел Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, танымал жазушы. Ал анасы Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы №25 гимназияда тәлім алып, 1970 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түскен. Кейін КСРО-ның басқа елдердегі елшілігінде жұмыс істеген.

Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдан бері мемлекеттік қызмет атқарып келеді. Еңбек жолында премьер-министр, министр, сенатор секілді лауазымдарда болған.

2019 жылдың 20 мамырынан бері Қазақстан Президенті. Басында елдегі келесі президенттік сайлауға дейін осы лауазымды атқаруы керек болған. Кейін 2019 жылы маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланған.

"Мен Тоқаев Қазақстанды басқаруға сеніп тапсыруға болатын тұлға деп санаймын", - деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тоқаевқа Президент өкілеттілігін берген кезінде.

Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысы туралы тесттен өтіп, біліміңізді сынап көруді ұсынады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram